Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа». Түбі адам болатын бала. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ: Қазақ әдебиеті | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалім: | ||||||||||||
Сынып: 5 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Бөлім атауы | Адамгершілік - асыл қасиет | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа». Түбі адам болатын бала | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту А/И3. Көркем шығарманың тілі А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау Б/С4. Әдеби сын Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Көркем шығармадан эпизодтарды бөліп алуды үйренеді, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды, шығармадан алған әсері бойынша сыни хабарлама жазады. | ||||||||||||
Ресурстар | http://www.ikitap.kz/audiobook/2230-menin_atim_koja_povr/2230-menin_atim_koja_povr | ||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||
Дескриптор |
| ||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану, бағалау | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Дәйексөз, диалог, тұспалдау, деталь, суреттеу, дикция, т.б. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, шынайылыққа тәрбиелеу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолдану | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | ||||||||||||
Сабақтың басы 5мин
Сабақтың ортасы 10мин 10мин 10мин 5мин | Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
1-тапсырма. ТЖ. «Дәйексөз ойыны» Флипчартқа мәтіннен 2 дәйексөз жазылады. Оны қатысушылар өздері таңдайды. Топтар мынаны талқылайды: А.Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? В.Интерпретация: Үзінді немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып? Тартыс? Өңдеңіз. С.Анализ: Сіздің жоғарыдағы сұраққа жауабыңызды автор қолданған әдеби құралдармен байланыстырыңыз. Дикция? Детальдар? Суреттеу? Диалог? Тұспалдау? 2-тапсырма. ТЖ. Әр топқа берілген үзіндіні оқып, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды. Олардың сөз саптауындағы ерекшелікті анықтау үшін тілдік бейнелеу құралдарына сүйенеді. 1-топ: Сәйбек қарт: - Бұл кім?Қожа: - Мен ғой, ата. Мен Қожамын.Сәйбек қарт: - Мұнда неғып отырсың?Қожа: - Педсоветке келдім.Сәйбек қарт: - Онда сенің не шаруаң бар?Қожа: - Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.Сәйбек қарт: - Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?Қожа: - Директор етеміз дейді.Сәйбек қарт: - Онда тіпті жақсы. Жалақың көп болады.2-топ:Ахметов: - Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе?Қожа: - БілемінАхметов: - Не үшін шақырып отырмыз?Қожа: - Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар.Ахметов: Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей ме?Қожа: - Жоқ, оқығым келеді.3,4-топАнасы: - Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер сен тағы бір шу шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме… Әкеңнен қалған мал - мүлікке ие бол, мен бұл үйден кетемін.Қожа: - Жоқ, маматай, кетпеші, жаным, мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай, көгермей кетейін.Анасы: - Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ. 3-тапсырма. «Менің атым Қожа» фильмі. Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен дүниежүзілік фестивальда қазақ киносында тұңғыш халықаралық жүлдеге ие болды. 2000 жылы ЮНЕСКО әлемдік киноның жүз жылдығында фильмнің бір эпизодын алып, одан пошта маркасын жасап шығарды. Бұл қазақ киносының орасан зор жеңісі.https://www.youtube.com/watch?v=JQz1_Zi3JO0 «Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі. Олар фильмнен үзінді көріп, фильм нұсқасының қаншалықты сәтті шыққандығын талқылайды. Оқушылар фильмге пікір, сыни хабарлама жазады. 4-тапсырма. Бес жолды өлеңКім? ( зат есім) 1сөзҚандай? (сын есім) 2сөзНе істеді? (етістік) 3сөзСөйлем (кім туралы) 4сөзСиноним 1 сөз
| ||||||||||||
Сабақтың соңы 5мин | Кері байланыс: «Менің түйгенім» сауалнамасы Сабақта маған ұнаған тапсырма... Сабақтан үйренгенім... Сабақта маған қиындық келтірген... Сабақтан алған әсерім... | ||||||||||||
Үйге тапсырма | «Менің қиялымдағы Қожа» тақырыбына эссе жазып келу |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?