Бауыр әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар оқушылар саны:

Бөлім атауы

Адамгершілік - асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы

 «Бауыр» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/Ж3. Көркем шығармадағы образ;

Б/С2. Заманауилығы мен жаңашылдығы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;

Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Сабақтың мақсаттары

- Сұрақтарға нақты жауап беру;

- Шығарма желісімен байланыстыру;

- Кейіпкерлерге портреттік мінездеме беру;

- «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырманы орындау.

Бағалау критерийлері

Оқушылардың көпшілігі:

- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді;

- Шығарма желісімен байланыстыра алады;

- Кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді;

- «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырманы толық орындайды.

Оқушылардың кейбіреуі:

- Тура мінездеме мен жанама мінездемені ажырата алады.

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Тәрбие: Отбасы мүшелерін құрметтеу, бауырдың орнын білу, отбасы қадірін түсіну, бауырмалдылық қасиетін дәріптеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.

Жоспар

Жоспарланат ын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

  • минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тексеру, назарын сабаққа аудару. Қызығушылық ояту. Үй тапсырмасын тексеру.

Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. Оқушылар қағаздың екі жағына дұрыс/бұрыс деп жазады. Мұғалім сұрақтарды рет-ретімен оқиды, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса, оқушылар парақтың дұрыс деген жазуын, ал жауап қате болса, бұрыс деген жазуын көтереді.

1. Қалидың ағасы – Манап. - дұрыс

2. Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна. - бұрыс

3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс

4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс.

5. «Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындыққа тізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын». Виктория Ивановнаның сөзі. – бұрыс.

6. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті. – бұрыс.

7. «Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс.

8. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс.

9. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс.

10. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс.

Сабақтың тақырыбы, мақсаттары, ЖК таныстырылады.

Слайд № 1

Слайд № 2,3

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

5 минут

10 минут

5 минут

Сергіту сәті. «Меломен» тобының орындауындағы «Перзент арманы» әнінің бейнебаянын тамашалайды.

Жаңа сабақ. Оқушыларға «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» қойылады.

1-тапсырма.

1. Манап балалар үйіне не үшін келді?

2.Балалар үйі туралы естулерің бар ма?3. Қалиды көргенде Манаптың бойын қандай сезім биледі?

4. Балалар үйінің директоры Манапты қалай қарсы алды?

5. Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы қалай ұйымдастырылған?

6. Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай, ол немен әуестенеді?

7. Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?

8. Манап ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқанда Қали неге жайбарақат қабылдады?

9.Қалидың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, арман-қиялдары қандай? 10. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме?

Бағалау критерийлері:

- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді;

- Шығарма желісімен байланыстыра алады.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.

Кейіпкер

Тура мінездеме

Жанама

мінездеме

Манап

Қали

Эльжбета Сергеевна

Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкерлерге портреттік мінездеме бере алады.
  • Тура мінездеме мен жанама мінездемені ажырата алады.

Оқушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы төрт топқа бөлінеді.

3-тапсырма. Топтық жұмыс. «FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F /Дерек/шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау.

I /Пікір / кейіпкер туралы өзінің ой, пікірі.

L /Сұрақ/ кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар.

A /Іс-әрекет/ автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет

Топтар бір-бірінің жауабын «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды.

Бағалау критерийлері:

- Кейіпкер бейнесін ашатын деректер таба алады;

- Кейіпкер туралы өзінің ойын білдіреді;

- Кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар құрастыра алады;

- Автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілін анықтайды.

Слайд № 4

https://www.youtube.com/watch?v=vlSybr6x0QA

Слайд № 5

Слайд № 6

Слайд № 7

Слайд № 8

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

Үй тапсырмасы. «Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың портретін жаттау.

Слайд № 9

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

[attachment=27250:5-synyp_aza-debieti_bauyr-gimesindegi-kejipkerler-lemi_ysa-merzimdi-zhospar.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу