Дулат Бабатайұлы. О,Ақтан жас, Ақтан жас! Қазақ әдебиеті, 5 сынып, презентация слайд.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

4-сабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Д. Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Мектеп:

Қостанай қ.

ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

5 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Д. Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

А/И4. Шығармашылық жұмыс

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау

Жетістік критерийі

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттайды;

Хат жазудың талаптарын сақтап жазады;

Грамматикалық тұрғыдан сауатты жазады;

Мәтінді түсінеді;

Шығарманың тарихи құндылығын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Сүйіспеншілік, әсер, тарихи кезең, ішкі сезім

Құндылықтар

Ақынның ішкі сезімі, кейіпкердің ішкі сезім

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

АКТ дағдысын қолдану

Слайд

Өмірмен байланысы

Хат жазу, ой бөлісу

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы білім

Тілдік құралдар

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Ой шақыру

Мағынаны тану кезеңі

Бағалау

Мағынаны тану кезеңі

Бағалау

Рефлексия

Оқушылар осы суреттерге қарап отырып, сабақта атқарылатын жұмыстарды болжайды.

Сабақтың мақсаты, күтілетін нәтижелер таныстырылады.

Оливер Твисттің анасы балысын дүниеге келіп жатқанда қайтыс болады да, Оливер Твист жетім қалады. Бала жетім балалар үйінде қиыншылықта тәрбиеленеді. Қасындағы тәрбиеленуші балалар оған түскі асқа тамақ қосып беруін талап етеді. Балалар үйіндегі қызметкерлер де оған қысым көрсетеді.

Бірде Оливер шебермен төбелесіп қалып, Лондонға қашып кетеді де қалта ұрысы «Ловкий Плут» деген лақап аты бар Джек Доукинспен танысады. «Ловкий Плуттың» бастығы қытымыр еврей Фейгин еді және сұсты ұрлықшы, адам өлтіруші Билл Сайкс те олармен араласып тұратын. Билл Сайкстың 17 жасар қызы Нэнси Оливерге қамқаорлық танытып, онымен достасып жүретін. Ұрылар Оливерді қалтаға ұрлыққа түсуді үйретті.

Кезекті ұрлықтан кейін Оливер мейірімді джентельмен Браунлоудың үйінде қызметте жүргенінде Брааунлоу оны өзінің досының баласы екенін біледі. Сайкс пен Нэнси Оливерді қайтадан ұрлыққа түсіріп, пайда табу үшін өздеріне қайтаруды ойлайды.

Оливердің туыс ағалары Фейгин мен Монкс оны мұрагерліктен аулақтатуды ойлайды. Кезекті сәтсіз ұрлықтан кейін Оливер оқиғаның соңында өзінің тәтесі боп шығатын мисс Роз Мейлидің үйіне түседі. Оқиға барысында Нэнси Оливерге келіп, оның туыс ағалары Олиыерді өлтіргісі келіп жүргенін айтады. Оны естіген мисс Роз Мейли мистер Браунлоудың үйіне барып, жағдайды айтады. Оны Сайкс те естиді. Ашу үстінде ол өзінің қызы Нэнсиді өлтіреді, соңынан өзі қайтыс болады. Монкс Америкадағы түрмеге түседі де, сонда қайтыс болады, Фейгин де қайғылы жағдайға ұшырайды. Оливер мистер Браунлоудың үйінде бақытты ғұмыр кешеді.

Оқушыларға хат жазудың ережесі ұсынылады, хат жазудың жолдары түсіндіріледі.

1.Хат түсінікті, анық жазылуы керек;

2. Әрі сыпайы, қарапайым, мейірімге толы болуы қажет;

3.Хат қысқаша, мазмұнды болуы керек.

4.Кімге арнадың?

Мысалы: Қымбатты менің сүйікті кейіпкерім! 5.Негізгі бөлім (сұрақтар, өтініштер, болған жағдайға өзіндік пікір, тілек)

6.Қоштасу, хат иесінің аты-жөні (уақыты)

1-тапсырма:

Екі тапсырманың бірін таңдап, орындаңыз:

1) Авторға хат

Құрметті, Дулат Бабатайұлы! Қазақ халқы жетімін жылатпаған халық. «Жетім көрсең, жебей жүр» деп те айтып жатады. Сіздің осы өлеңіңізді оқып,...... деп басталатын хат жазыңыз.

2) Кейіпкерге хат

Ақтан жас, Дулат атамыздың сізге артып отырған үмітін ақтайды деп сенемін, себебі...................

деп басталатын хат жазыңыз.

Сөз көлемі- 50-60.

Жетістік критерийі:

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттайды;

Хат жазудың талаптарын сақтап жазады;

Грамматикалық тұрғыдан сауатты жазады.

Мұғалім әр оқушы жұмысын бір-біріне ұсынылған жетістік критерийі арқылы бағалатады, кері байланыс жасалады.

Оқушыларды үш топқа бөлінеді. Оларға үш түрлі мәтін беріледі.

2-тапсырма:

Мәтінмендермен танысып шығып, ақын тарихтың қай кезеңдерінде өмір сүрді? деген сауалға дәйек келтіре отырып, жауап беріңіздер. Ойларыңызды «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі негізгі идеямен ұштастырыңыздар. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

Аталған тұлғаның өмірі;

Ол өмір сүрген кезең;

Ол Қазақ Еліне деген сүйіспеншілігін қалай көрсетті?

1-топқа:

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны- 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды…, Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты…, Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған.

2-топқа:

Дулаттың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының  1822 - 24 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан.

3-топқа:

Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда? Ер күтетін ел қайда”, — деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “… творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланды.

Жетістік критерийі:

Мәтінді түсінеді;

Шығарманың тарихи құндылығын бағалайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%BB%D1%8E%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%9E%D0%BB%D0%B8%D0%B2%D0%B5%D1%80%D0%B0_%D0%A2%D0%B2%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B0

http://kazorta.org/dulat-babataj-ly-aza-sha-referat/

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

[attachment=27052:aza-debieti-5-synyp-t1-dulat-babatajly_-o-atan-zhas-atan-zhas_4.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу