Ы.Алтынсарин. Атымтай Жомарт. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

Ы.Алтынсарин. Атымтай Жомарт.

Мектеп:

Қостанай қ.

ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

5 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

А/И3. Көркем шығарманың тілі.

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы.

А/И4. Шығармашылық жұмыс.

Сабақтың мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.

Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.

Жетістік критерийі

  • Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды;
  • Авторға хат, өлең жазады;
  • Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылыққа баға береді.

Тілдік мақсаттар

Бұл бөлімде тақырып контекстімен байланыста тілдік дағдылар дамиды. Мен осы көзқараспен келісемін\келіспеймін.

Құндылықтар

  • Өмір бойы білім алу
  • Ынтымақтастық
  • Азаматтық жауапкершілік

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Адами қасиеттерді дәріптей отыра, шығарма құныдылығының барлық халықтар өміріндегі маңыздылығы

АКТ дағдысын қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Өмірмен байланысы

Шығарма идеясының өмірмен сабақтастығын ұғыну

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Атымтай Жомарттың образдылық ерекшелігі

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Қызығушылықты ояту. Мінез, ерекше қасиеттеріне сай ат қою.

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері айқындалады.

Слайд

Сабақтың ортасы

2 минут

7 минут

10 минут

13 минут

2 минут

Мағынаны тану.

Ой шақыру. Сөз бен мағына ұғымдарын қалай түсінесіздер? Сөз құдыреті дегенді қалай түсіндірер едіңіз?

Тапсырма. СЖ.

Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», әңгімелері І жақтан баяндала ма әлде ІІІ жақтан мазмұндала ма? Олардағы автор бейнесін қалай танимыз?» - деген сұрақтарға топ болып жауап іздейді.

Талқылау.

Тапсырма. Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі бойынша.

1) СӨЗ бен МАҒЫНА бағанасын жасайды. Бейнелі сөздерді теріп жазады, түсінік береді.

2)Кейіпкер сөзі, ішкі толғаныстары, /монологі/, ой-пікірін табады, түсіндіреді.

3)Шығармадан құндылықтардың суреттелген тұсын тауып баға береді. (өз көзқарастарын білдіреді).

Талқылау. Топтық бағалау.

Жетістік критерийі:

1.Сөз бен мағынаға талдау жасайды;

2.Шығармадағы кейіпкерлер сөзін табады, түсіндіреді;

3.Шығармадағы құндылықтарды табады.

Тапсырма. Жеке жұмыс. «Шағын әңгімелерден алған әсерім»

Өз ойын өлеңмен не хат түрінде жеткізеді.

ҚБ

Жетістік критерийі:

1.Жазылым жұмысының талабын сақтайды;

2.Өз пікірін дәлелді жеткізеді.

Кері байланыс. ПОПС формуласы

«Менің ойымша, бұл...»

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Бағалау. Мұғалімнің пікірі.

http://www.balakai.kz/engimeler/385-atymtay-zhoma-t.html

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

Слайд

Үй жұмысы

Зерттеу. Оқылған әңгімеге ұқсас шығармалар.

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу