Қобыланды батыр, 1-сабақ. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 5 | Оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Қобыланды батыр» жыры | ||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы А/И1. Әдеби шығарманың композициясы | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаййды А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығарма мазмұнымен танысады; Тақырыбы мен идеясын анықтайды. ; Жырдың композициялық құрылымын талдайды. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамытады; Пән лексикасы және терминология: астарлы ой Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: таңдау, іріктеу, салыстыру, анықтау, баяндау | ||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | "Керқұла атты Кендебай» ертегісі | ||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||||||
Сабақтың басы 8 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылар назарын сабаққа аударамын,сабақ мақсатымен ,тақырыбымен таныстырамын , топқа бөлінеді) Қызығушылықты ояту https://www.youtube.com/watch?v=_pOgd96qfpc Жырдан үзінді тыңдайды. «Болжау» стратегиясы арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясына болжам жасайды.
Оқушылар пікірі сұралады. |
ӨД https://ushkin1.wordpress.com/2010/11/26қобыланды-батыр-жырдың-толық-нұсқасы/ | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 22 минут | Берілетін тапсырмалар: І тапсырма Кесте толтырады.Оқушылар жинақтаған ойлары мен жасаған болжамдары бойынша кестені толтырады.
Мұғалім сөзі: Жыр туралы анықтама (Дәптермен жұмыс. Оқушылар жыр туралы анықтаманы дәптерге жазады) Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. .1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1939 жылы С.Мұқанов „Батырлар жыры“,„Батырлар“ деген жинақтарға енгізген. ІІ тапсырма Жырдың толық нұсқасы 4 топқа таратылады. Әр топ ретімен жырдың мазмұнын баяндайды. Жырдың композициялық құрылымына талдау жасайды: Оқиғаның басталуы.................. Оқиғаның дамуы........................ Оқиғаның шиеленісуі................ Оқиғаның шарықтау шегі......... Оқиғаның соңы.......................... | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 10 минут | ІІІ. Ойтолғаныс Сабақты бекіту үшін оқушылар өздері білетін батырлар туралы ойларын қортындылайды. Менің батырым кім? | ||||||||||||||||
Бағалау 5 минут |
| ||||||||||||||||
Үй тапсырмасы | Жырдың толық нұсқасын оқып келу |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?