«Қобыланды батыр» жыры. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, сөздік анықтама.
Әсірелеу( гипербола (грек. күшейту) – суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Мысалы:
Сонда Бурыл гуледі
Табаны жерге тимеді
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай келеді.
Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.
Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:
- түсті (алтын күз);
- әдемілікті (алтын қасықтай); Бұл эпитет-теңеу
- құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);
- атақ-дәрежені (алтын жаға);
- қазына-байлықты (алтын сандық);
- жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.
Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады
Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:
- “Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”
- “Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).
Әсірелеу , гипербола (грек, hyperbole - күшейту) - әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің бірі, әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?