Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай? Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Туристік сектордың табысы жылына 200 млрд теңгеге дейін артуы мүмкін.

2019 жылы туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5,6% – ды құрады, бұл ретте 2025 жылға қарай көрсеткішті 8% – ға дейін арттыру жоспарлануда. Осы мақсаттар үшін жыл сайын инвестициялық ағындардың өсуі мен ішкі және шетелдік туристердің шығыстарын жылына орта есеппен 7-8% – ға ұлғайту қажет. Қазақстанда туризмнің қалай дамып жатқандығы және ұлттық экономикаға қандай әсер беретіндігі туралы FinReview.info ұсынған аналитикалық материалдан оқыңыз.

Туризмнің қазіргі заманғы индустриясы халықаралық қызмет көрсету саудасының аса жоғары табысты және серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Туризм әлемдік жиынтық өнімнің шамамен 10% – ын, қызметтердің әлемдік экспортының 30% – ын, әлемдік инвестициялардың 7% – ын, жұмыс орындарының 10% – ын және барлық салық түсімдерінің 5% – ын қалыптастырады. Соңғы он жыл жалғасып келе жатқан туризмнің жылдам және үздіксіз өсуін, сондай-ақ оның экономикаға және қоғамның әл-ауқатына елеулі әсерін ескере отырып, дамыған және дамушы елдер туристік саланы экономикалық басымдықтың бірі ретінде айқындайды.

Қазақстанда туризмге инвестиция салу ел тарихында рекордтық көрсеткішке – 153,7 млрд теңгеге жетті

Қазақстанда туризм саласы ұлттық ауқымда аздаған әлеуметтік-экономикалық әсермен бірқалыпты қарқынмен дамып келеді. 2019 жылы WTTC әдіснамасы бойынша ЖІӨ жалпы көлемінде туризмнің жиынтық үлесі 5,6% – ды құрады.

Бұл ретте 2025 жылға қарай туризмнің ел экономикасына үлесін 8%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Яғни, туристік салаға инвестициялар және ішкі және шетелдік туристердің шығыстары орта есеппен жылына 7-8% – ға өсуі тиіс. Статистика көрсетіп отырғандай, саланы дамытудың ағымдағы серпіні сақталған кезде көрсеткішке озық түрде қол жеткізілетін болады.

Мәселен, соңғы он жылда өнер, ойын-сауық және демалыс саласына негізгі капиталға салынған инвестициялардың орташа жылдық өсімі 10% деңгейінде болды, ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция өсімі жылына 46,2% – ға жетті. Ақша түрінде 2019 жылы қаржы салу көлемі 153,7 млрд теңгені құрап, ел тарихындағы жаңа рекордтық көрсеткіш белгіленді. Бұл ретте саланы қаржыландырудағы мемлекеттің үлесі 40,2% – ды, ал меншікті капитал үлесі 46,2% – ды құрады.

https://dknews.kz/inner-news.php?id_cat=



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу