Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай? Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туризм: экотуризм.

Шешендік сөздер

Мектеп:

Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай?

Грамматикалық материал

Әңгіме және дөңгелек үстел. Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау

Сабақ мақсаты

арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау

Бағалау критерийлері

  • белгілі бір аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтай алады;
  • мәтін үзінділеріне талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: тақырыпқа сай сөздер мен фразаларды іріктей алады.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: туризм, экотуризм, туризмнің түрлері, инфрақұрылым, жолдар т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «экотуризм» мәселесіне қатысты көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

География

Алдыңғы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан саяхат және көрікті жерлер туралы түсінігі бар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурс

тар

Сабақтың басы

0-3

4-8

Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

1.Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.

«Қазақстан табиғаты» бейнематериалы көрсетіліп, сабақ тақырыбы анықталады.

2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлерін оқушылар өздері құрастырады.

МД слайд

https://kazakh-tv.kz/kz/category/kazakhstan_tourism

Сабақтың ортасы

9-11

12-15

16-23

24-33

34-37

3. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Мәтіналды жаттығулар

ЖЖ. 1-тапсырма. Жаныңа жақын туризмнің түрлері туралы жұбыңмен ой қозға.

  • табиғат туризмі;
  • этнотуризм;
  • су туризмі;
  • спорт туризмі және альпинизм т.б.

Т. 2-тапсырма. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар туралы ойларыңды ортаға сал.

Пікірталас жеке тұлғаның танымын кеңейтеді. Қазіргі іскер адамдарға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жете және жемісті талдай алу қабілеті қажет. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей алуы керек, қарсы жақтың пікірін жоққа шығарып, өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуі тиіс. Сондықтан іскер адамдар сөзталас өнерін, пікірталас шеберлігін үйренуді мақсат етеді.

Мәтінмен жұмыс кезеңі

«Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай?» тақырыбындағы мәтінді тыңдап, жұбыңмен талқыла.

Мәтіннен кейінгі кезең

ЖЖ. Тапсырма. Тілдік құралдары арқылы мәтіннің тақырыбына, идеясына, көтерілген мәселесіне, астарлы ойына талдау жасаңдар.

мәтін тақырыбы мен идеясы

көтерілген мәселе

астарлы ойы

Тілдік құралдары

4. Бағалау.

Жұптар бір-бірінің жауабын бағалайды, өзара кері байланыс береді.

Дескриптор

- мәтін мақсатын анықтайды;

- тілдік құралдарын белгілейді;

- пікірталас мақсатына сай талдайды.

https://kazakhstan.travel/

https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/43678/

Baq.kz

Сабақтың аяғы

38-40

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

5. Рефлексия «Сэндвич» тәсілі

Жағымды пікір: Не ұнады?

Сындарлы пікір: Нені жақсарту керек?

Болашаққа ұсыныс: Оң көзқарас білдіре отырып, болашаққа ұсыныс білдіру.

Сабақты қорытындылау.

слайд

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу