Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай? Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 2 сабақ. 2 нұсқа.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
БӨЛІМ:
ТУРИЗМ. ЭКОТУРИЗМ. ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР
Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай?
Әңгіме және дөңгелек үстел. Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар
Сабақ мақсаты:
арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдауБағалау критерийлері:
белгілі бір аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтай алады;
мәтін үзінділеріне талдау жасайды.
Ойқозғау.
Туризм – әлемдегі экономикалық кірісі ең жоғары саланың бірі. Оның елдің экономикалық қуатын күшейтіп, халықтың тұрмысын жақсартудағы, жұмыссыздықты азайтып, кәсіптену орайын арттырудағы рөлі өзгеше. Қазақстан 1993 жылы Дүние жүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, содан бері туризм сан-салалы шаруашылықты шалқытып, экономиканы нығайтудың маңызды саласы ретінде қаралып келеді.
Сұрақ: Қазақстандағы туризм саласының даму деңгейі көңіліңізден шыға ма?
Мәтіналды жаттығулар
ЖЖ. 1-тапсырма. Қазақстанның қай өңірінде туризмнің қандай түрлерін дамытуға алғышарттар бар?
Жұбыңмен талқылап, Қазақстанда төрт маусымда туризмнің барлық түрлерін дамытуға болатынын дәлелде.
Т. 2-тапсырма. «Қазақстандағы туризмді дамыту» тақырыбында өтетін Дөңгелек үстелге дайындал.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - қоғамдағы өзекті мәселе жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, көпшілікке ой тастау. Оған туризм тақырыбын жан-жақты зерттеп жүрген, осы мәселені қоғамдық ортада жиі көтеріп жүрген арнайы маман ретінде қатыс. Мәселенің мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндіруге дайындал. Ол үшін мәтінді мұқият тыңдап, мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жазып ал.
Мәтінді тыңдап, онда айтылған қоғамдық ой-пікірлердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін саралап түсіндір.
«Туризм гүлденбей, тұрмыс түрленбейді»
Мәтінмен жұмыс кезеңі
Мәтіннен кейінгі кезең
Дөңгелек үстел соңында туризмді дамытуға байланысты нақты ұсыныстар келтіріп, көпшіліктің қатысуымен талқыла.
Дескриптор
- туризмді дамыту жолдарын қарастырады;
- мәтіндегі тілдік оралымдарды жазып алады;
- пікірталас мақсатына сай қолданады.
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?