Өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 4 сабақ. 1 нұсқа.
Оқылым тапсырмасы
Сынып 4 топқа бөлінеді.
- 1-жұмыс
- Топтан 1,2 оқушы шығып, сынып бұрыштамасынан тақырыпқа сай жаңалықтары бар яғни публицистикалық стильдегі шағын хабарлама мәтіндері мен ғылыми стильде рәсімделген мәтіндерді оқиды. Олардың ерекшелігін мәліметтер мен анықтамалар арқылы ажыратады.
- Өз білгендерін тобына келіп түсіндіреді. Топ нақты шешімге келіп, мәтіннің қандай стильге жатқанын дәлелдеп айтады.
Мұғалім ескертпесі:
Ғылыми стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет.
Ғылыми стильдің түрлері:
Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
- 2-жұмыс
- 1-топ мәтіннің құрылымын: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерінен ғылыми стильдегі мақалаға жататын 2 белгіні анықтап, дәлел келтіріңіз. 1) құрылым формасы; 2) ақпараттың сипаты; 3) ақпараттың эмоционалдық бояуы.
- 2-топ ғылыми мақаланың рәсімделуін өз тобында талқылап, сыныпта түсіндіреді.
- 3-топ жанрлық ерекшеліктерін талдайды.
Ғылыми мәтіндерге кіретін жанр түрлерін
Топта талқылған кезде ПОПС формуласы арқылы дәлелдеп, талдайды.
Әлемді өзгерткен өнертабыстардың бірі-пластмасса
Пластмасса біздің күннің ерекше материалдардың бірі. Бұл материал кең таралған және өндірісі дамыған болып келеді. Іс жүзінде барлық табиғи талшықтар, материалдар мен шайырлардың бүгінде өзінің жасанды алмастырғыштары бар. Қазіргі заманғы көптеген пластмассалардың қасиеттерінің өзі табиғи материалдардан асып түседі.
Олардың көпшілігі табиғатта теңдесі жоқ құнды және маңызды қасиеттерге ие. Пластмасса өндірісі металдар өндірісінен әлдеқайда жылдам дамып келеді.
Пластмасса күрделі органикалық қосылыстарды құрайды. Олардың құрамында бірнеше компоненттер бар. Оның ішіндегі ең маңыздысы жасанды шайыр(смола). Жасанды шайыр конденсация реакциясы немесе полимерлеу реакциясы арқылы алынады. Бірінші жағдайда екі немесе одан да көп заттардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде жаңа зат пайда болады. Сонымен қатар қосымша өнімдер шығарылады (аммиак, су және т.б.). Екінші жағдайда, бір заттың молекулаларының өзара әрекеттестігі жаңа зат-полимерді құрайды. Ал қосымша өнім шығарылмайды. Шайыр пластмасса компоненттерін байланыстырады. Оған икемділік, су тұрақтылығы, қаттылық және басқа да механикалық және электрлік қасиеттерін береді. [1,252 б]
Пластмасса құрамына түрлі қоспалар кіреді: пластификаторлар, толтырғыштар, бояғыштар. Толтырғыштар органикалық (талшықтар, үгінділер, маталар және т.б.) және бейорганикалық (шифер, графит, асбест және т.б.) заттар ретінде пайдаланылады. Толтырғыштар пластиктің беріктігі, жылуға төзімділігі, электр кедергісін арттырады. Сонымен қатар, түрлі салалардың қалдықтары ретінде толтырғыштар пластмасса құнын төмендетеді. Пластификаторлар полимердің икемділігін арттырады және дайын пластикке қосымша пластиктен шығып, оны қалыптастыру үдерісін жеңілдетеді. Әртүрлі қоспалар арқасында пластиктен электр өткізгіштігі бар, пластмассаны қажетті түске бояйды. Кеуектілігі немесе басқа қажетті қасиеттерін береді. [2, VII том]
- Темірболатова Ә, Нұрахметов Н. Пластмассаның құрылысы. Оқу құралы. Алматы. Мектеп баспасы 2007.
- Нысанбаев Ә. Ұлттық энциклопедия VII том
- Қолжазбаларды авторлар мұқият тексеріп, қатесіз тапсыруы керек.
- Мақала көлемі компьютерде терілген мәтінмен 3-10 бет (мәтін Times New Roman қарпімен теріледі, қаріп өлшемі-12) жадағай ара қашықтықта, абзацтық шегініс-1,25 см.
- Мақаланың атауы. Автордың(лардың) аты-жөні, қаласы, елі. Қызмет орны. Аннотация үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілде.Пайдаланылған әдебиеттер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?