Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ. 2 нұсқа.


 Оқушыға қолдау көрсету үшін

 «Түркология» журналына ұсынылатын ғылыми мақалаға рецензия (пікір) жазу үлгісі

Ғылыми мақалаға жазылған рецензияда (пікірде) мына ақпараттар қамтылуы керек:

 1. Мақаланың толық аты, мақала авторының аты-жөні, қызметі

 Үлгі:

  Филология ғылымдарының кандидаты Р.Байымбетова мен Г.Жылқыбайдың «Көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі кісі/адам этноконцептісінің адамгершілік позициясын танытатын тілдік бірліктер» атты мақаласына

 ПІКІР

 2. Мақала арналған мәселенің қысқаша баяндалуы

 Үлгі:

  Р.Байымбетова мен Г.Жылқыбайдың мақаласы ескерткіштер тілінің бейнелілігі, көркемдігі оның айтарлықтай өңделген тіл екенін білдіреді. Түркі әлемінің бізге жеткен ең көне жазбалары, түркі мәдениеті мен бай образды тілінің VІІ-ІХ ғасырлардағы көрінісін бейнелейтін ежелгі жазба мұралар – Орхон, Енисей, Таласы ескерткіштерінің тілі түркі суперэтносының тұтастығын қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие, қазіргі түркі халықтарының болашағын баянды ету үшін берер тағылымы мол тарихи-лингвистикалық материал.

 3. Ұсынылған мақаланың өзектілік дәрежесі

 Үлгі:

  Түркі халықтарының этномәдени ерекшеліктері белгіленген адам туралы концептуалдық түсініктер көне түркілер тіліндегі Kisi концептісінің тілдік модельдері арқылы көрініс табуы қарастырылған.

 4. Автордың мақалада ашқан неғұрлым маңызды аспектілері

 Үлгі:

  Тіл мәдениет мен дүниетаным үйлесімділігінің көрсеткіші ретінде құндылықтар кешенінің тұтастығы мен тепе-теңдігінің сақталуын да қамтамасыз ететіндіктен, танымдық концептуалдық жүйенің концептілік құрылымның сыртқы құрылымын айқындайтын лексемалық, тіркестік, синтаксистік, мәнмәтіндік деңгейлерді қамтитын тілдік репрезентацияларды қарастыруды ұсынады.

 5. Жариялауға ұсыну

 Үлгі:

  Р.Байымбетова мен Г.Жылқыбайдың «Көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі кісі/адам этноконцептісінің адамгершілік позициясын танытатын тілдік бірліктер» атты мақаласы – осы талаптардың бәріне сәйкестікте жауап бере алатындай жұмыс. Мақаланы басылымға ұсынуға болады.

 6. Рецензенттің аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, қолы, мөрмен расталуы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу