Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Мәтінді тыңдап, берілген тапсырмаларды орында.
Тыңдалым тапсырмасы
Сұрақтарға жауап бер.
А) Сенің ойыңша, болашақта өмір осындай бола ма? Әлде бұл жай қиял ма?
• Егер өміріміз дәл бейнематериалдағыдай болса, қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
• Қандай жағымды жақтары бар екені туралы ойланып көр.
Ә) Мәтінді екінші рет тыңдап, берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мәтіндегі қолданысын түсіндіреді. Осы тілдік оралымдар негізінде мәтіннің көзделген аудиториясын анықта.
Көзді ашып-жұмғанша, ақыл-ой жемісі, өркениетті заман, жер планетасы, арман-қиялдың жемісі, қиялында тегін құрастыру, қара тастан жеміс алу.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Бейнематериалды басшылыққа ала отырып, оқушылар «Технологиялар өмірімізге белсенді араласса не болады?» сұрағы негізінде жазба жұмысын жаз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор:
- тақырып бойынша тезистерге пікірін білдіреді;
- сұрақтарға креативті жауап береді;
- сөздер мен сөз тіркестерінің мәтіндегі қолданысын түсіндіреді;
- мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтайды;
- жазба жұмысында ойын жүйелі жеткізеді;
Қосымша оқуға:
Публицистикалық стильге қойылатын талап — қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол - тілдік кұралдарды қолдана білуден байқалады. Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт-насихаттық сипат береді. Сондықтан публицистикалық шығарманың тақырыбьна, мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолдана білудің және қажетті синтаксистік құрылысты пайдалана білудің үлкен мәні бар.
Публицистикалық стильде тілдің эмоциональды элементтері және сөзді образды қолдану сияқты әдеби стильге тән құбылыстар да кездеседі. Бұл оның әдеби стильге жақындығын көрсетеді. Ал оның фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екені байқалады.
Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрлардың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады. (Бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радио мен телевизордан берілетін хабарлар т. б.)
Публицистикалық стильдің ауызша түрі — шешендік сөз. Публицистиканың бұл түрі өте ерте дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі 335 жылы жазылған Аристотельдің “Риторикасында” шешендік сөздің құрылысына жан-жақты талдау жасалынады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?