Әлемді өзгерткен өнертабыстар. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әлемді өзгерткен өнертабыстары

Шешендік сөздер

Пікір алмасу.

Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әлемді өзгерткен өнертабыстар

(2-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;

11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

 Сабақтың мақсаттары

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білуге дағдыландыру. Мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

 Бағалау критерийі

  • мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;
  • тиісті ақпаратты анықтайды.
  • мәтін құрылымын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ғылыми технология, өнертабыс, өнертапқыш, ғылым саласы, инновация, заманауи, нанотехнология, работотехника.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Отбасылық құндылықтарды дарыту, еліміздің демографиясы туралы мәліметтерді білу.

Пәнаралық байланыс

Экономика пәні

Бастапқы білім

9-10 сыныптарда алған білімдері мен білік, дағдыларын қолданады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылықты ояту

Оқушылар 2050 жылғы болашақ технологиялар туралы бейнероликті тамашалайды. Сабақтың тақырыбын болжайды.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, оқушылармен бағалау критерийлерін талдау.

https://www.youtube.com/watch?v=UwuBXrgbMbo

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

Мағынаны тану

Тыңдалым, айтылым алды тапсырма

Сұрақ-жауап алаңы

/Мұғалім қоржын, қорап, сандық, құты немесе тағы басқадан сұрақтарды біртіндеп суырып отырып, оқушыларға қояды. /

-Ең алғашқы өнертабыстар туралы не білесіздер?

-Соңғы 3 жылдықта өмірімізде қандай жаңа өнертабыстар пайда болды?

-Аталған өнертабыстар біздің өмірімізге қалай әсер етеді?

- Қандай өнертабыстар пайдаланудан тыс қалып жатыр?

1-тапсырма. Мәтін үзінділерін мұқият тыңдап, сұрақтар бойынша үзінділерге болжам жасаңыз /мәтін үзінділерін мұғалім оқып береді/. Автор ойымен өз ойыңызды салыстырыңыз.

Өнертабыстар Қазақстанның

индустриалдық-инновациялық дамуында

Кез келген елдің экономикасының дамуы үшін ғылым мен техниканы дамыту негіз болып табылады. Шығармашылық идеяларды қолдау нысаны бола тұра, патенттер инновациялар мен өнеркәсіптің дамуын ынталандырады. Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да сондай өзгеріп тұрады. Өнертабыс деген ұғым - бір қол жеткізбейтін және күрделі дүние деген түсінік ескірген. (үзіліс)

Сұрақ:Пайдалы және қарапайым өнертабстар күнделікті өмірде қалай көрініс табады.

Оқушының болжамы:________________________________

__________________________________________________________________________________________________

Пайдалы және қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Олар көбінесе біраз міндеттерді орындауды жеңілдетеді, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді, микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді, теледидар мен радио өмірді қызығырақ етеді, от сөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады және т.с. (үзіліс)

Сұрақ:Өнертабыстар қалай пайда болады? дың пайда болу себептер пайда болады.

Оқушының болжамы:________________________________

__________________________________________________________________________________________________

Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлату немесе пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы бойынша жасалады. Бүкіл әлемде адамдар бірдей мәселелерді бастан кешеді және олардың шешімін табуға ұмтылады. Біз көптеген дүниелер үшін бұрыңғы өнертапқыштарға қарыздармыз, себебі біз олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз.

Сонда да заманауи өнертапқыштар да бұрынғылардан кем емес. Мүмкін қазіргі өнертабыстардың атаулары оларды жасаған адамдардың аттарымен аталып тарихта сақталмаған шығар. Бірақ қазіргі заманғы компьютерлер, гаджеттер, электромобильдер және басқа да өнертабыстар аса назар аударуға және сый-құрметке лайық.

Отандық өнертапқыштарымыз да өнертабыстардың әлемдік жинағына өздерінің үлестерін енгізуде. (үзіліс)

Сұрақ:Автор қай салалардағы өнертабыстарды атап өткісі келіп отыр?

Оқушының болжамы:________________________________

__________________________________________________________________________________________________

Мұнай-газ секторында, химия саласында, медицинада, ветеринарияда ғылымды көп қажет ететін өнертабыстармен бірге қарапайым және әлеуметтік маңыздылығы бар өнертабыстар да бар.

Қазіргі заманда әлемде одан әрі экономикалық дамуды ынталандыру тұрғысынан үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робототехника саласындағы алдыңғы қатардағы технологиялардың неғұрлым келешегі бар.

Тыңдалым айтылымнан кейінгі тапсырма

2-тапсырма. Өз болжамдарыңыз бойынша және тиісті ақпараттарды анықтап, «ПОПС» формуласы арқылы қысқаша мәтін құрыңыз, мәтінге тақырып қойыңыз.

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .

Дескрипторлар:

  • Мәтін үзінділерін мұқият тыңдайды.
  • Сұрақтар бойынша үзінділерге болжам жасайды.
  • Автор ойымен өз ойын салыстырады.
  • Тиісті ақпараттарды анықтап мәтін жазады.
  • Құрылымын сақтайды.
  • Мәтінге тақырып қояды.

Бағалау.Оқушылардың және мұғалімнің сындарлы кері байланысы арқылы бағаланады.

http://startinfo.kz/buisness/economica-onertapkuj/

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу