Ұялы телефон қашан және қалай пайда болды? Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ. 1 нұсқа.
Шешендік сөздердің түрлері
Толғау — қазақ әдебиетінің ертеден келе жатқан өлең түрлерінің бірі. Авторы белгісіз батырлық, ғашықтық жырларда кездесетін немесе Сыпыра жырау, Асан қайғы, Жиренше шешен есімдерімен байланысты толғау нұсқаларын былай қойғанда, XVIII—XIX ғасырларда өмір сүрген Бұқар, Дулат, Шортанбай жыраулардың, сондай-ақ Төле, Қазыбек, Досбол т. б. шешен билердің атымен байланысты толғау үлгілері де мол.
Қазақтың дәстүрлі халық поэзиясында толғаудың екі түрі бар: шешендік толғау, ақындық толғау. Әдетте шешендік толғау мазмұны жалпы, көлемі қысқа келеді, мақал, нақыл сөздерге бай болады. Ал ақындық толғау оған қарағанда әлдеқайда көлемді, мазмұны тұтас келеді. Шешендік толғаулар қысқа-қысқа қағида, ереже сияқты болса, ақындық толғаулар белгілі бір елдің, халықтың шежіресі іспетті. Әрине, бір елдің тарихына шолу жасап, болашағына көз тастау үшін, ақын (шешен) сөз зергері болудың үстіне өмірлік тәжірибесі мол ақыл-ой иесі, өз заманының білімді, парасатты азаматы болуы тиіс. Сонда ғана ол маңызды уақиғалардан дұрыс қорытынды жасайды, қоғамдық қозғалыстың дамуын, барысын бағалай, бағдарлай алады, халықтың тынысын тыңдап, тілегін білдіреді. Өздері өмір сүрген дәуірдің, қоғамның жыршысы, мұңшысы ретінде есімдері елдің есінде сақталған Асан қайғы, Бұхар жырау, Махамбет ақын — міне, сондай адамдар болған.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік өнері. Шешендік өнер — ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.
Жазушылардың, лекторлардың үгітшілердің шеберліктерін, жалпы тіл мәдениетін жетілдіру үшін ежелгі шешендік сөздерді оқып үйренудің мәні зор. Өйткені халық даналығы: мақал, мәтел, нақыл сияқты ойды кеңейтіп, тілді байытатын шешендік сөз нұсқалары көп.
Әдетте шешендік өнер айтыс-дауларда туып дамиды. Сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс-бітім секілді манызды мәселелер сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай-ақ неғұрлым халық көп жиналатын астар мен тойлар, міне, сондай сарабдал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар — форумдар болған. Есімдері әлемге әйгілі тілмаш шешендердің, көбінесе, мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны кездейсоқ емес. Мәселен, ежелгі Афин (грек) шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент басшылары болған. Ал XIX—XX ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П. А. Александров, Ф. II. Плевако, А. Ф. Кони адвокаттар еді. Сол сияқты белгілі қазақ шешендері: Төле Әлібекұлы (1663—1756), Қазыбек Келдібекұлы (1667- 1764) және Әйтеке Бәйбеқұлы (1682—1766) дау-жанжалды шешетін билер болған.
Қазақ шешендік өнерінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. Сондықтан да олар бастапқы калпында емес, бізге, кейінгі ұрпаққа ұзын-ұрғасы, үзік-жұрнағы, ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-ауызға ауыса жүріп өңдеу-жөндеуге ұшыраған, әлденеше үрпақтың, талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп, қысқарып, ұстарып жалпы халық шығармасына айналған.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған дедік. Қонақта, немесе бір мәселені талқылау үстінде көп жасаған, кәрі құлақты қариялардың, аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма құлақ талапты жастар, өнер қуған қыз-бозбала жаттап алып, жүрген-тұрған жерлерінде, ойын-жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне, өмірдің тілегіне қарай өзгертіп-құбылтып, жаңар-тып жанғыртып отырған. Қажетсіз кабыршағынан арылып, селкеу қағылған арқауы ширап, көптің, көкейіне қонақтаған үлгілі сөз ғана сақталып өмір сүрген. Мазмұны мен көркемдігі сай келмеген сөздер қолданудан шығып қалып, өмірдің елеусіз қалдыратын қатал үкіміне ұшыраған. Заман тілегіне, халық мүддесіне жауап беретін талы сөз, ақылды ойлар ғана жасаушысы халықпен бірге жасап, ұдайы жаңғырып, жасарып отырған. Бірақ бұдан бізге жеткен шешендік сөздердін бәрі бірдей халықтық, идеясы дұрыс, көркемдігі ақау сый деу кате болар еді.
Шешендік өнердің негіздерін зерттеу белгілі бір дәрежеде оның қалыптасу тарихына жетелейді.
Шешендіктің қалыптасу тарихы, әрине, күрделі мәселе. Осы мәселе төңірегінде, яғни шешендіктің қалыптасу тарихына, қызметіне, қоғамдық -әлеуметтік сипатына, түріне, сөйлеу әрекетіне қатысты көптеген шешімін табуға тиісті мәселелер бар. Олар:
- Шешендік дегеніміз не? Оның ғылыми анықтамасы, сипатын, статусын қалай түсінеміз? Бүгінгі күнмен салыстырғанда шешендік қандай ұғамдарға негізделу керек? 2) Шешендік өнердің тарихы қай дәуірден басталады және ол қандай кезеңдерден өтті? 3) Шешендік өнер әдеби тіліміздің қалыптаснуын қалай әсер етті? 4) Ұлттық дәуірге дейінгі шешендікті фольклор тілінен, сөйлеу тілінен, тасқа қашалған жазба ескерткіштер тілінен, сөйлеу тілінен, тасқа қашалған жазба ескерткіштер тілінен, ақын-жыраулар шығармалары тілінен таба аламыз ба? 5) Шешендікті тарихта болған белгілі билер сөзіне байланысты ғана қарастыруымыз керек пе? 6) Орта ғасырдан бізге жеткен жазба мұраларда шешендік сөзге үлгі боларлық материалдар бар ма? 7) Халық тарихында орын алған қилы-қилы кезеңдерде шешендік өнер қалай дамыды? Өкілдері кімдер№ 6) Дарынды интелекткөрнекті ақын-жазушы, мрәдениет қайраткерлерінің шешендік өнерді дамытудағы ролін қалай бағалау керек? 9) Қазіргі кезгі дегеніміз не? 10) Қазіргі шешендікті арнаулы топ өкілдеріне ғана теліп қаю керек пе, әлде көпшіліктің міндетіне жатқызамыз ба?
Қазақ шешендік өнерін көнелендіру, оның тарихын сонау ежелгі сақ, ғұндарға қатысты әңгімелерден, Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерінен бастау тенденциясын көтеру. Енисей, Талас, Орхон, оның бергі жағында орта ғасыр түркі жазба ескерткіштерінің бәрі біз үшін ортақ дүние.
Екінші мәселе – шешендік деген ұғымнаң тарихи категория екендігі. Ол халықтың әлеуметтік өміріне, саяси-эконрмикалық жағдайына байланыста дамып, кемелденіп отырған. Осыған орай оның дамуы кейде кеңейіп кейде бәсең, қоғамдық қызметінің қоғамдық қызметінің шеңбері кейде кеңейіп, кейде тарылып отыруы мүмкін. Кезінде қазақ әдеби тілінің ұзақ тарихын ұлттық сатыға дейінгі жә”не ұлттық сатыдан кейінгі деп 2 езеңге бөліп қарағаны дұрыс сияқты. Бұл принцип қоғамдық формацияның ауысуы мен халықтың азаматтық тарихын ескеруден келіп шығады.
Үшінші қазақ халқының шешендік өнерінің тарихы сол хылқының шешендік нерінің тарихы сол халықтың әдеби тіліне қатысты болуы мүмкін екендігі. Бұл қатыстылық ең алдымен шешендіктің әдеби тіл арқылы жүзеге асатындығынан туындауы қажет. Тарихымызда әдеби тілдегі шешендік акыз әдебиетіміз, сондай-ақ авторы белгілі жазба мұраларымыз, билер сөзі, ақын-жырау шығармалары арқылы көрінеді.
Сондықтан шешендіктің тарихын зерттеу барысында әдебиеттану ғылымын ұштастырып зерттеу қажеттігі туындайды. Өйткені қазақ шешендік өнеріміздің жеткен шыңы мен басып өткен жолының қыр-сырларын тек әдеби тілдің тарихын сөз ете отырып тарихи тұрғыдан қарастырғанда ғңана дұрыс тани аламыз. Шешендік өнер сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен, экономиканың саяси әлеуметтік жағдайларымен тікелей байланысты.
Халқымыз қашаннан-ақ асыл сөзді – қазынам деп, өнегені – өрісім деп таныған. Ұшқыр лебізге ұйып, уытты сөзден ығып, ұтымды пікірге тоқтап үйренген ұлтымыз ел басқарған көсемдердің кесімдерлері бүгінгі буынға дана сөз болып жетіп жатыр.
Шешендік өнерді пән ретінде оқытудашғы мақсатымыз – дәстүрлі шешендікпен қатар, ертеде ел өмірінде ғасырлар бойы қолданылған салт-дәстүрлеріміздегі жұмбақтардағы, айтыстардағы, салт-тұрмыс жырларындағы шешендік сөздердің мән-мағанасын ашып, ұмыт болғандарын еске түсіріп, көшпенді халықтың мұрагері, бүгінгші ұрпақтың бойына атадан қалғанасыл сөздерді сіңіру.
Шешендік сөздер қахалақ өмірімен тығыз ьайланысты туатындықтан үйлену дәстүрі, жөн-жоралғыларындағы сөз өнерімен бір-екі мысал келтірейік. “Қыз көру, не жар таңдау”. Сұлулыққа жаны үйір халқымыздың ғасырлар бойы ерге адал жар, сенімді серік болар қыз іздеген, осыдан халық араснда: “Тегіне қарап қызын ал”, “соғуына қарап қару ас, көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық”, “шешесін көрде қызын ал, аяғын көріп асын іш” деген сз тіркестері қалған.
“Қыз айттыру”. Жігіт өзіне ұнаған қыздың әкесіне жаушы етіп жөн – жосықты білетін, сөзге шешен, әзілге жүйрік адамды жібереді. Міндеті қыздың әкесі мен шешесін көндіріп, қызға құда түсіп қайту.
Елдестірмек елшіден,
Жауластырмақ жаушыдан.
Құсқа салған аңшымын,
Сізде қыз бар, бізде ұл бар
Қызыңа келген жаушымын
/”Алпамыс батыр” жырынан/
“Той бастар”, “Беташар”, “Көрісу”жырларындағы шешендік.
Дәсүрімізде науқастың көңілін сұрау, басына іс түскеннің көңілін аулау шешендік сөздерде де болады.
Аурудың көңілін кім ашар,
Хан сұраған тең ашар.
Көңілін аулау
Жаңылмайтын жақ болмас,
Сүрінбейтін тұяқ болмас.
Қазақ салтында “Сәлем сөздің анасы” деп Бұқар жырау атқандай, шешендік сәлемнің де неше түрі бар. “Қамбар батыр” жырындағы Келмембеттің Әзімбайға, Жәдігердің Қамбарға, Қамбардың Қараманға тұспалдап айтатын сөздері оған мысал бола алады. Сол сияқты Біржанның Сараға сәлемдесуі.
Бата берудегі шешендік. Батаның түрлері: асқа бата, малға бата, жолға бата, бірлікке бата / Сырым бидің батасы/, Бөкен қарттлың Сырымға бата беруі. Саққұлақ бидің Шоқанға берген батасы, бата берудегі сөз шеберлігі.
Қайғы қазамен байланысты шешендік сөздер
Ескерту. Шоқанның қазасын естірту. Қазыбек қайтыс болғанда қызы Манқаның жоқтауы. Шәкәрімнің қызы Гүлнәзді жоқтауы. “Көңіл айту” . Тазша баланың Жиреншеге көңіл айтуы. Байдалының Айғанымға көңіл айтуы.
Шешендік сын. Шешендік ақыл. Шешендік нақыл. Шешендік өсиет. Шешендік жұмбақ.
Шешендік өнер қазақ елі жағдайында жас буынды тәрбелейтін түрлі мектеп іспетті болған. “Баланы жастан” деп билік жолын ұстау атадан балаға мирас ретінде қалып отырған.
Таудың аласармауын, бұлақтың сарқылмауын мұрат тұтқан әр би өзінен кейінгі ұрпақтың да ел ұйытқысы боларлықтай азаматтар болуын ешқашан қаперінен шығармағанМүмкіндігінше өз балаларының бірін болмаса ат аяғы жетер жердегі көкірегінде сәулесі, көзінде оты бар жастарды шала қия биіктен танып, тәрбиелеп, баулып, баққан. “Өсер елдіғң баласы – он бесінде баспын дейді, өспес елдің баласы – он бесінде жаспын дейді” деген ситяқты мақал-мәтелдерді шығарып, баланы он бес жастан ел билігіне, дау-шардың шешімін айтуға баули бастаған.
Ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт жырларында, қазақтың қара өлеңі, ертегі, аңыздарда, айтыста, мақал-мәтел, жұмбақтардағы шешендік үлгілерінің тәрбиелік мәні ерекше.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?