Ұялы телефон қашан және қалай пайда болды? Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 1 нұсқа.


Сабақ жоспары

2. Әлемді өзгерткен өнертабыстары

Шешендік сөздер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ұялы телефон қашан және қалай пайда болды?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Сабақтың мақсаты

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

 Бағалау критерийлері

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

 Дескрипторлар

Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды анықтайды;

Ақпараттарды орынды қолданып, аргументативті эссе жазады.

 Тілдік дағдылар

Өнертабыс, ұялы телефон, бәсекелестік, өнертапқыш.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

 Пәнаралық байланыс

Экономика, география

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, өнертабыстар бойынша білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

7 минут

Жазылым алдындағы тапсырма

Т.Ж.

Оқушыларға жазылым тапсырмасын орындатпастан бұрын алдымен тақырыпқа қатысты шағын мәтінмен танысу ұсынылады.

  • Берілген мәтінмен танысып, негізгі ақпараттарды түртіп алыңыздар.

 Ұялы телефон қашан және қалай пайда болды?

 Ұялы телефон қазіргі кезде өте керек және пайдалы құралға айналды. Бірақ 20 ғасырда енді ұялы телефон пайда бола бастағанда қазіргі жағдайға жете қойған жоқ. Жаппай өндіріле бастаған алғашқы ұялы телефондардың салмағы 1,15 келі болатын. Сонымен бірге бағасы 4000 доллар (сол кездегі бағамен әжептәуір сома) болғандықтан, ұялы телефонды тек әскерилер мен ірі кәсіпкерлер ғана қолданған екен.

 Ұялы телефон тарихы. Негізі XX ғасырда негізі көптеген өнертапқыштар әр түрлі ұялы телефонға ұқсас заттар ойлап таба бастаған. Олар көбінесе рацияларға ұқсаған. Әр түрлі компаниялар мен өнертапқыш адамдар біріге жұмыс істеген. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Сол күні Motorola компаниясының қызметкері, алғашқы ұялы телефонды ойлап тапқан өнертапқыш Мартин Купер өзінің бәсекелесі, Bell Laboratories компаниясы зерттеу бөлімінің бастығы Джоэл Энгелге телефон шалады.

 Жұмыс кабинетіндегі телефон тұтқасын көтерген Джоэл Энгелге Мартин: «Сен менің қайдан қоңырау шалып тұрғанымды білесің бе? Мен ұялы телефоннан хабарласып тұрмын», — деген екен. Кейін Купер бұл оқиға туралы «Оның не деп жауап бергені есімде жоқ, бірақ тістерінің сықырлағанын естігендей болдым», — депті.

  Сонымен алғашқы ұялы телефон Мартин Купердің жасаған телефоны. Ол Motorola DynaTAC 8000X болған екен.

 

Слайд

https://oilay.kz/%D2%B1%D1%8F%D0%BB%D1%8B-%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%84%D0%BE%D0%BD-%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B9-%D0%BF%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0-%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D1%8B/

Сабақтың ортасы

15 минут

8 минут

5 минут

Жазылым тапсырмасы

Ж.

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын аргументативті эссе жұмысын орындаңыз. Эссе жұмысында қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеңіз.

  • «Өнертабыстардың барлығы пайдалы ма?»
  • «Өнертабыстар-қоғам дамуының кепілі»

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

1-тапсырма Ж.

Жазылым жұмысыңызды қайта бір оқып шығып, қажетті ақпараттардың орынды қолданылғандығына, көтерілген мәселе бойынша дәлелдің келтірілуіне, аргументативті эссе құрылымының сақталуына көз жеткізіңіз. Қажет деп тапсаңыз, қайта түзетіңіз.

2-тапсырма Ж.Ж.

Жазбаңызды топта оқу арқылы бөлісіңіз.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, «Мен үшін..» стратегиясы арқылы оқушылардың ойын тыңдайды.

Мен үшін бүгінгі сабақта .... құнды болды, себебі ..., біріншіден, ..., екіншіден.

Мен ... жақсарту үшін біріншіден .... орындауым керек, екіншіден ... назар аударуым керек.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу