Өнертабыстар Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуында. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 2 нұсқа.
Сабақ жоспары
2. Әлемді өзгерткен өнертабыстары Шешендік сөздер | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Өнертабыстар Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуында | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе) | ||||||
Сабақтың мақсаты | Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе) | ||||||
Бағалау критерийлері | Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (дискуссивті эссе, аргументативті эссе) | ||||||
Дескрипторлар | Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды анықтайды; Ақпараттарды орынды қолданып, аргументативті эссе жазады. | ||||||
Тілдік дағдылар | Өнертабыс, ұялы телефон, бәсекелестік, өнертапқыш. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Экономика, география | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, өнертабыстар бойынша білімдерін толықтырады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||
Сабақтың басы 7 минут | Жазылым алдындағы тапсырма Т.Ж. Оқушыларға жазылым тапсырмасын орындатпастан бұрын алдымен тақырыпқа қатысты шағын мәтінмен танысу ұсынылады.
Өнертабыстар Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуында Кез келген елдің экономикасының дамуы үшін ғылым мен техниканы дамыту негіз болып табылады. Шығармашылық идеяларды қолдау нысаны бола тұра, патенттер инновациялар мен өнеркәсіптің дамуын ынталандырады. Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да сондай өзгеріп тұрады. Өнертабыс деген ұғым - бір қол жеткізбейтін және күрделі дүние деген түсінік ескірген. Пайдалы және қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Олар көбінесе біраз міндеттерді орындауды жеңілдетеді, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді, микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді, теледидар мен радио өмірді қызығырақ етеді, от сөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады және т.с. Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлату немесе пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы бойынша жасалады. Бүкіл әлемде адамдар бірдей мәселелерді бастан кешеді және олардың шешімін табуға ұмтылады. Біз көптеген дүниелер үшін бұрыңғы өнертапқыштарға қарыздармыз, себебі біз олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз. Сонда да заманауи өнертапқыштар да бұрынғылардан кем емес. Мүмкін қазіргі өнертабыстардың атаулары оларды жасаған адамдардың аттарымен аталып тарихта сақталмаған шығар. Бірақ қазіргі заманғы компьютерлер, гаджеттер, электромобильдер және басқа да өнертабыстар аса назар аударуға және сый-құрметке лайық. Отандық өнертапқыштарымыз да өнертабыстардың әлемдік жинағына өздерінің үлестерін енгізуде. Мұнай-газ секторында, химия саласында, медицинада, ветеринарияда ғылымды көп қажет ететін өнертабыстармен бірге қарапайым және әлеуметтік маңыздылығы бар өнертабыстар да бар. Қазіргі заманда әлемде одан әрі экономикалық дамуды ынталандыру тұрғысынан үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робототехника саласындағы алдыңғы қатардағы технологиялардың неғұрлым келешегі бар.
| Слайд | |||||
Сабақтың ортасы 15 минут 8 минут 5 минут | Жазылым тапсырмасы Ж. Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын аргументативті эссе жұмысын орындаңыз. Эссе жұмысында қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеңіз.
Жазылымнан кейінгі тапсырма. 1-тапсырма Ж. Жазылым жұмысыңызды қайта бір оқып шығып, қажетті ақпараттардың орынды қолданылғандығына, көтерілген мәселе бойынша дәлелдің келтірілуіне, аргументативті эссе құрылымының сақталуына көз жеткізіңіз. Қажет деп тапсаңыз, қайта түзетіңіз. 2-тапсырма Ж.Ж. Жазбаңызды топта оқу арқылы бөлісіңіз. | ||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, «Мен үшін..» стратегиясы арқылы оқушылардың ойын тыңдайды. Мен үшін бүгінгі сабақта .... құнды болды, себебі ..., біріншіден, ..., екіншіден. Мен ... жақсарту үшін біріншіден .... орындауым керек, екіншіден ... назар аударуым керек. | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?