Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ. 1 нұсқа.


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

БӨЛІМ: Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Сөзталас. Ресми ісқағаздар стилінің тілдік ерекшеліктері

Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

Мектеп:

Күні:__________

2-сабақ, 45 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар: _________

Қатыспағандар:___________

Сабақтың тақырыбы

Шешендік сөздер

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу.

11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей алады. Тыңдаушыларға ықпал ететіндей шешен сөйлейді. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдана алады.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

Мәтінді мұқият тыңдап, тыңдалым материалындағы ақпараттардың қажеттісін жазып алады.

Оқушылардың көбісі:

Жұпта жасаған болжаулары бойынша өз ойын, көзқарасын жан–жақты тұжырымдап, дәлел арқылы дамытып айта алады. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей алады.

Оқушылардың кейбірі:

Жұпта талдай отырып, үзіндіде кімнің шешендік сөзі берілгендігіне болжам жасай біледі. Тыңдаушыларға ықпал ететіндей шешен сөйлейді.

Бағалау критерийлері

  • Астарлы ой, тәрбиелік мәннің болуын қамтамасыз ете алады.
  • Шешендік сөз айту барысында көркемдеуіш құралдар (2 эпитет, 2 теңеу, 1 метафора) орынды қолданады.
  • Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдана алады.
  • Ойын сауатты жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: шешендік сөздер, даналық, астарлы мағына, терең ой, тапқырлық, ұтқыр шешім, сөз бастау, әділ, тура, т.с.с.

Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер:

Менің ойымша ...

Бір жағынан ...

Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін.

Себебі ...

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жауапкершілік (жұптың әр мүшесінің тапсырманы жауапкершілікпен орындауы).

Құрмет (әр жұптың ойына, пікіріне құрметпен қарауы, ұлттық құндылықтармызға деген құрмет).

Қысқартулар

Ж – жекелеме жұмыс

Ж/Ж – жұптық жұмыс

Т/Ж – топтық жұмыс

С/Ж – сынып жұмысы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер, қажетті құралдар

Сабақтың басы

1 минут

2 минут

2 минут

2 минут

1 минут

 Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:

І. Амандасу

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

ІІ. Оқушыларды түгендеу

  • Сабақта кім жоқ?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІҮ. Өткен сабақты еске түсіру, жаңа сабақ мақсатын айқындау (оқушыларға доп лақтыру арқылы өткен сабақты еске түсірту):

  •  Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
  •  Сабақ барысында қандай әркеттерді іске асырдық?
  •  Өткен сабақтан не түйдік?
  •  Жаңа сабақ мақсатын талдап, айқындайды.

Ү. Қызығушылықты ояту: жұптастыру

  •  Үзіндіде берілген шешендік сөздер кімге тиесілі екендігіне болжам жасайды. Әр жұптан бір оқушы (орындығына стикер жабысқан) сөйлеп, жұпта жасаған болжауларымен бөліседі.
  •  Жауаптары:

Шешендік сөздер

Шешендер

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп

Найзаға үкі таққан елміз.

Қазыбек би

Дүниеде не өлмейді?Жақсының аты өлмейді,Ғалымның хаты өлмейді.

Жиренше шешен

Жерден ауыр дегенім — ақыл, білім.

Судан терең дегенім — оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім — фани жалған, адамның өмірі.                        

Көктен биік дегенім — тәкәббардың көңілі.

Бала би

Бағалау критерийі:

  • Жұпта талдай отырып, үзіндіде кімнің шешендік сөзі берілгендігіне болжам жасай біледі.
  • Жұпта жасаған болжаулары бойынша өз ойын, көзқарасын жан–жақты тұжырымдап, дәлел арқылы дамытып айта алады.

доп

стикер

кесте

Сабақтың ортасы

5 минут

4 минут

3 минут

3 минут

9 минут

6 минут

2 минут

1 минут

2 минут

Мағынаны ашу кезеңі:

1-қадам. Тыңдалымалды тапсырмасы Ж/Ж

  • Ой қозғау сұрақтары:
  • Жер деген не?
  • Ел деген не?
  • Жердің сәні не?
  • Елдің сәні не?
  • Жерді кім көтереді?
  • Елді кім көтереді?
  • Жердің құты қайда болады?
  • Елдің құты қайда болады?
  • Ердің құты қайда болады?
  • Берілген сұрақтарға шешендікпен жауап береді.

Бағалау критерийі:

  •  Өз ойын жүйелі жеткізеді.
  •  Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей алады.
  •  Тыңдаушыларға ықпал ететіндей шешен сөйлейді.

 2-қадам. Тыңдалым С/Ж

Оқушылар «Елдің құты қайда болады?» тақырыбында ұсынылған шешендік сөзді тамашалайды.

Бағалау критерийі:

  • Мәтінді мұқият тыңдап, тыңдалым материалындағы ақпараттардың қажеттісін жазып алады.

3-қадам. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Ж

  • Бастапқыда өздері ұсынған болжалды жауаптары мен тыңдалым материалына сай дұрыс жауапты салыстырады.
  • Жұпта қазіргі заманға сай шешендік сөз құрастырып, айтады.
  • Мұғалім өзі қалаған екі жұпқа жауап нұсқаларын айтқызады.

Бағалау критерийі:

  • Ойды жүйелі айта алуы (1 ұпай).
  • Астарлы ой, тәрбиелік мәннің болуын қамтамасыз ете алуы (2 ұпай).
  • Шешендік сөз айту барысында көркемдеуіш құралдар (2 эпитет, 2 теңеу, 1 метафора) орынды қолдануы (5 ұпай).
  • Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдана алуы (1 ұпай).
  • Ойын сауатты жеткізуі (1 ұпай).

Дифференциация: Мұғалім нәтиже бойынша (бір уақытта әр оқушы әртүрлі көлемде өз ойын айта алуы) және берілген тақырыптар бойынша (сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдерді орынды қолдана білуі) саралайды.

 

 4-қадам

Қорытындылау

Біз бүгін сабақта жаңа ... алдық.

Біз ... үйрендік.

Жаңа сабақ ... өтті.

  5-қадам

Бағалау

 Жеке және жұптық жұмыстарын бағалау критерийлеріне сай өзара бағалайды.

 

6-қадам

 Үй тапсырмасы

Үш бидің бірінің шешендік сөзін жаттап келу және түсініксіз сөздермен жұмыс жасау.

Бағалау критерийі:

  • Қазақтың үш биінің бірінің шешендік сөзін жатқа айта алады.
  • Шешендік сөзден, кем дегенде, 5 сөзге түсінік бере біледі.

сұрақтар тізбегі

https://www.youtube.com/watch?v=OVozfQvJN7o

презентация

бағалау критерийі

презентация

презентация

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс

Қолдарының суретін салып, мәтінге байланысты ұсыныс-тілектерін жазады.

М – мұғалімге ұсыныс жазу.

Б – білген нәрсеңді анықтау.

С – сұрақ қою.

У – уайымдаған кезіңді көрсету.

Б – жалпы сабақты бағалау.

презентация

Қосымша ақпарат

Дифференциалау

Бағалау

Бағалау критерийі арқылы жеке, жұпқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын.

Пән аралық сілтемелерДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАКТ сілтемелер:

Презентация көрсету.

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

2:

Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

2:

Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу