Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация.


Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер

Оқу мақсаттары:

11.3.2.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;

Сабақ сақсаты:

Стильдік ерекшеліктерін ескере отырып жазу дағдысын дамытады. Оқырманды қызықтыру үшін ерекше тәсілдемені қолданады.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

Мәтіннің түрлерін ажырата алады. Берілген суреттерге сүйене отырып, топта талқылау жасайды.

Оқушылардың көбісі:

Интервьюдің жазылу жолы, стильдік ерекшеліктерін саралай алады. Өз көзқарасын жан–жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдей біледі.

Оқушылардың кейбірі:

Интервьюдің құрылымын сақтап, ерекше тәсілдемені қолданып жаза алады. Жұмыстың ұтымды тұстары мен сәтсіз тұстарын анықтай алады.

Бағалау критерийлері

Жанрға сай жазу дағдысын дамытады.

Тақырыптан ауытқымай, нақты ашып жазады.

Суреттегі сюжетке сәйкес құрылымын қатаң сақтайды.

Сөз көлемін сақтап, ойын сауатты, орфографиялық нормаға сай жазады.

Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:

І. Амандасу

ІІ. Оқушыларды түгендеу

ІІІ. Қызығушылықты ояту: жұпқа бөлу

Оқушылар «Таяқша» әдісі арқылы аттары жазылған таяқшалар бойынша екі оқушыдан жұптасады.

ІҮ. Үй тапсырмасын тексеру

1-қадам. Жазылым алдындағы тапсырма C/Ж

Сұхбат алу қағидалары

1. Сұхбат алуға бармастан бұрын не сұрайтыныңды жоспарлап ал. Ол қандай ақпарат айтқанда, сенің қандай сауалың болуы мүмкін? Сұхбат алудың картинасын көз алдыңа елестет!

2. Сұрай бер, сұрай бер және сұрай бер! Сұрақ сұрағаннан еш қысылма!

3. Сұрай бер дегенді, сұхбаттасымен тайталасу, салғыласу деп түсінбе!

4. Сен әрине, интервью алатын адамыңның жұмыс істейтін саласының қыр ‑ шұқырынан барынша хабардар болуың керек. Бірақ, ол білетін кей мәселені сенің білмеуің ықтимал болғандықтан, еш қымсынбай білмейтін нәрсеңді сұрап ал. Өйтпеген жағдайда, өзіңе беймәлім нәрсе жайлы мақаланы оқырманыңа қалайша ұсынасың?

5. Сұхбат алатын адамыңның қызметтік шені мысыңды басып кетпесін! Сен өз жұмысыңды атқаруың керек. Сенің міндетің – қоғамға толық ақпарат беру. Сұрамасаң, саған ешкім ақпарат бермейді. Керісінше, баспасөз-хабарламасымен алдарқатып қояды. Бізде лауазымы үлкен шенеуніктен сұхбат алса, мақтаныш кернеп, бірнеше жылға азық болады. Саған ол шенеунікпен кездесу емес, одан алған ақпарат маңызды болуы тиіс!

6. Қоштасар кезде, артық ақпарат керек болса, тағы да хабарласатыныңды ескертіп қой.Қоңырау шалудан, қайта хабарласудан еш қымсынба! «Уақытын алу ыңғайсыз» деген ойдан аулақ бол! Түсінбеген нәрсені қайта сұраудың ағаттығы жоқ. Есесіне, газет бетіндегі бірер қате азаяды!

7. Ақпарат көздеріне оқтын ‑ оқтын хабарласып тұр. Хабарласқан сайын, жаңа ақпарат алуың мүмкін. Әрі сенімді ақпарат көзіне айналады, бірақ, ол ақпаратты екінші ақпарат көзінен растатып алуды ұмытпа!

8. Ақпарат көзімен етене араласудан сақтан! Ондай жағдайда, ол жайлы объективті мақаладан гөрі, субъективті мақала жазасың!

9. Айтылып отырған сөздерге немқұрайлылық та танытпаБізде сұхбат алушы журналистер кейіпкерінің айтып отырған әңгімесінен гөрі, келесі сұрағын ойлап отырады.Құлағы түрік тыңдаушы әрі қырағы бақылаушы бол!

Оқушыларға сюжеттік желісі бар суреттер тізбегі ұсынылады. Сурет арқылы берілген ойды талдайды.

Сол арқылы Жазылым жұмысына дайындық жасайды.

Бағалау критерийі:

Жұпта әңгіме жазу дескрипторын, сурет арқылы ұсынылған ойды талдайды.

Өз ойларын жүйелі жеткізеді.

2-қадам. Жазылым тапсырмасы Ж

Оқушылар ұсынылған суреттегі сюжетке сәйкес, тақырып пен идеяны аша отырып, интервью мітінін құрайды.

ИНТЕРВЬЮ ЖАЗУ ТАПСЫРМАСЫ

Бағалау критерийі:

Интервьюдің стильдік ерекшелігін ескеріп жазады.

Тақырыпты аша алады.

Ойын сабақтастыра байланыстырып, дамыта алады..

3-қадам. Жазылымнан кейінгі тапсырма С/Ж

Жұпта өзара дәптерлерін алмастырып, Бағалау критерийіне сай жазғандарын өзара тексереді.

Әр оқушы жұбының жұмысына «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.

Үздік деп бағаланған 2-3 жазба жұмысы сыныпта оқылып, сыныпта талданады.

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийіне сай жұмысты әділ бағалайды.

Өзге оқушының жұмысымен танысып, екі артықшылығы мен бір дамытуды қажет тұсын анықтай алады.

4-қадам. Бағалау Ж/Ж

Әр оқушының жұмыстары жетістік критерийлеріне сай өзара жұпта бағаланады, жұмысқа кері байланыс беріледі

Қорытынды

Біз бүгін сабақта жаңа ... алдық.

Біз ... үйрендік.

Сабақта ... ескерілсе екен.

Жаңа сабақ ... өтті.

Үй тапсырмасы

Қайырымды істерге шақыруға бағытталған жарнама жазып келу.

Бағалау критерийі:

Эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолдана алады.

Жарнама жанрына сай жазады.

Оқырманды тарту үшін ұтымды тілдік бірліктерді қолданады.

Кері байланыс «3-2-1»

Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Алдағы сабақтарда маған қажет 2 аспект;

Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ не ұсыныс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу