Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация.


Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция.

Оқу мақсаты

11.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау.

11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Сабақтың мақсаты

Мәтін құрылымын сақтап, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырады, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазып, өзіндік тұжырым жасайды.

Бағалау критерийі

Көтерілген мәселені анықтайды;

Тақырып бойынша аргументтерді келтіреді.

Өзіндік қорытынды жасайды.

Кілт сөздер:

Оқушылар сабақта ұсынылған жаңа сөздерді түсіндірме сөздіктен оқиды.

Әр топ Қазақстанның көші-қон тарихы туралы суреттермен сәйкес келетін өзге бір мемлекеттің (Америка, Бразилия, Англия) көші-қон тарихы туралы суреттерін сәйкестендіріп, өз пікірлерін жазады. Сол елдің миграция тарихын қысқаша баяндап өтеді және Қазақстанмен ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталып айтады.

  

Дескрипторлар:

Тақырыпқа қатысты берілген суреттерді орынды қолданады;

Тақырыпқа қатысты ой білдіріп, айтады.

Оқылым тапсырмасы

«Түртіп алу әдісі» арқылы төмендегі тапсырмаларды орындайды.

Т. Төменде берілген кестелердегі ақпаратпен танысып:

Шетелге көшіп кеткендер қанша?

Қандай ұлт өкілдері қоныс аударған?

Еліміздің қай өңірінен көшушілер саны көп?

Халықтың көшуіне не себеп деп ойлайсыз? Деген сұрақтарға жауап береді.

Оқылым мәтіні:

Қазақстан Республикасынан 2017 жылы 9 айда 28 150 адам шетелге шыққан.

Елден көшкен адамдардың көбі жақын шетелдерге қоныс аударған.

Дескрипторлар:

Берілген ақпаратпен танысады;

Кестедегі ақпаратты талдайды;

Сұрақтарға жауап беру барысында интонацияны сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Оқылымнан кейінгі тапсырмалар:

«Халықтың басқа мемлекеттерге қоныс аудармауы үшін не істеу керек?» тақырыбына эссе жазыңыз.

Дескрипторлар:

Берілген ақпараттарды қолданады;

Ұсыныс білдіреді (3);

Эссе құрылымын сақтап жазады;

Сөз көлемі: 180-200 сөзден кем емес.

 

Жазылымнан кейінгі жұмыс.

 Жазған пікірлерін топта бір-біріне оқиды. Бір-бірінің жұмыстарына кері байланыс беріп, ақпараттарын толықтырады.

Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

«Бүгін мен________________________________________ білдім»

«__________________________________________қызықты болды» «_____________________________________________ қиын болды»

« __________________________________________екенін түсіндім»

«Мен_____________________________________________ сезіндім»

«Мен_________________________________________дағдыландым» «________________________________________мені таң қалдырды»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу