Қозғалыстағы миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер
Сабақ тақырыбы:
ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ МИГРАЦИЯ
Сабақ мақсаттары:
таза ғылыми стильдегі интервью, мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу.
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
таза ғылыми стильде жазылған мақаланың жанрлық, тілдік ерекшеліктерін талдай алады;
тілдік құралдарға сүйене отырып мақала жаза алады.
«Тұжырым жаса»:
Ғылыми стильдің үш шағын стильге жіктелетінін білемін, олар:
Ғылыми стильдің жазбаша және ауызша түрлері болатынын білемін.
Ауызша түрлері:
Жазбаша түрлері:
Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері:
тақырыпқа қатысты терминдердің кездесуі;
жекеше түрде келіп көптік мағынаны беретін зат есімдер;
етістіктің осы шағы;
ырықсыз етіс тұлғасындағы баяндауыштар;
толымды, жақты сөйлемдер қолданысы т.б.
Ж/ЖЖ. «Қозғалыстағы миграция» тақырыбындағы мәтін мазмұнымен жеке таныс, жұбыңмен бірге талқыла.
Талдап оқу стратегиясы арқылы мәтіннің стилі мен жанрын, кімдерге арналғанын анықта;
Астын сызып немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілдік құралдарын ажырат.
Мәтінде кездескен тілдік құралдарға сүйеніп және өмірмен байланыстыра отырып, төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап мақала жаз.
Ұсынылатын тақырыптар:
«Интеллектуалды миграция»
«Миграциялық қозғалыстардың әлеуметтік тұстары»
Дескриптор
ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін есіне түсіреді;
мәтінді жеке оқиды;
жұбымен талдайды;
тақырыпқа сай мақала жазады;
өзара бағалайды.
Мақала жазуда ескер
Себеп-салдарлық қатынас – ғылым, ғылыми-көпшілік тілде қолданылатын негізге мағыналардың бірі. Олай болатын себебі ғылымда себепсіз ешнәрсе жасалмайды, ешқандай салдар болмайды. Салдардың көрінуіне негіз болатын себеп те жасалу тәсілі жағынан, мағыналық реңкі жағынан әртүрлі болып келеді.
Мақала жазуда ескер
Мақаланың құрылымын сақта:
кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім.
Бағалауыштық құрылымдарды қолдан:
зерттеу маңызды, ... зерттеу аса//өте маңызды, ... алатын орны орасан зор, бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр, бүгінгі күн талаптарының бірі, орынды, үлкен сұранысқа ие болып отыр, өзекті, сөзсіз, даусыз, қажет, мүмкін, ықтимал т.б.
Өз дәлелдемелерін ұсыну, негіздеу барысында менің ойымша, меніңше, біздің көзқарасымызша, біздіңше деген қыстырмалар арқылы берілетін бағалауыштық құрылымдар, олар автордың өзіндік көзқарасын білдіру үшін жиі пайдаланылады және көбінесе негізге бөлімге тән болып келеді. Сондай-ақ, эмоционалдық мәндегі бағалау да кездеседі: өкінішке орай, өкінішті т.б.
Рефлексия
«Сұқбат»:
Қай оқушының жауабы ұнады?
Неліктен?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?