Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ. 1 нұсқа.


ТАҚЫРЫПТЫ АНЫҚТА

Экология: ядролық және мұнай өндірістері.

Cабақтың мақсаты:

Стиль мен жанрды тану, ерекшелігін салыстыра талдау.

Көтерілген мәселеге қатысты талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау.

Бағалау критерийлері

стиль мен жанрды таниды; олардың тілдік ерекшеліктерін тауып, салыстыра талдай алады.

көтерілген мәселеге қатысты талқылау сұрағын құрастыра алады; сыни тұрғыда бағалайды.

Тірек сөздер

алқап, мұнайлы өлке, қазыналы мекен, бақ, қара алтын, береке, ырыс, кен орны, жер қойнауы.

Мұнай туралы 7 факт

Мұнай туралы 7 факт

Мұнай - 

көмірсутектер қоспасы

жанатын майлы сұйықтық;

судан жеңіл;

қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі;

өзіндік иісі бар;

жерде тұнбалық қабатында орналасады

пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Мұнайдың пайдасы мен зияны

туралы не білеміз?

Ж. Оқылым тапсырмасы

«Экология: ядролық және мұнай өндірістері» тақырыбындағы мәтіндерді оқиды.

Оқып отырғанда мен...

- мәтін түрін анықтай аламын;

- мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын;

- мәтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (аудитория);

- автордың мақсатын анықтай аламын (сендіру, хабардар ету, суреттеу);

- жалқы есімдерге көңіл бөлемін;

- мағынасы айқын емес сөздерді ажырата аламын;

грамматикалық құрылымдардың байланысын

(шақ, сөздердің байланысы) анықтай аламын.

ЖЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма

1. Нәтижені талдау: не сәтті шықты?

- сөйлегенде, жазуда пайдалану үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін теріп жаза аламын;

- пайдаланылған стратегияларды талдай аламын.

2. Екі мәтінді салыстыра талдау жасаңдар.

Гауһар Сейітжан «Қара алтыны халқымның ...»

Шығарманың маған әсер еткен, ұнаған тұсы? Себебі?

Үлгі сұрақтар:

Автордың мұнайға деген көзқарасы қандай?

Автор қандай мәселені көтереді?

Оқырманға ықпалы қандай?

Дескриптор

- мәтіндерді оқып, жанр мен стильді анықтайды;

- екі мәтінді салыстыра талдайды;

- нәтижені талдайды;

- көтерілген мәселеге қатысты талқылау сұрағын құрастырады;

-сыни тұрғыда баға береді.

Еркін микрофон

Қазақстан мұнайлы өлке

Тапсырма шарты:

- Сөйлеуге 1 мин уақыт беріледі.

- Сөйлеген сөзі Қазақстанның мұнайлы өлкелерін сипаттауға арналады.

- Кемінде 5 тірек сөзді қолданады.

- Өз пікіріне өзгені сендіре алады.

Тірек сөздер: мұнай, даму, әр жыл сайын, шіркін, ХХІ ғасырда, ертеде, ғылыми-техникалық, 50%, қабілетті, өсетін болады, кейін, жұмыс, дағдарысқа ұшырады, сәнді, өкінішке орай.

РЕФЛЕКСИЯ

«Менің пирамидам»

Мен ... білдім;

Мен үшін ... қызықты болды;

Менің ... білгім келеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу