Қазақстандағы радиациялық жағдай. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 7 сабақ. 2 нұсқа.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жинақы мәтін құрастыру
Жинақы мәтін дегеніміз - оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп құрылған бастапқы мәтіннің ықшамдалып (сығымдалып) берілуі.
Ықшамдау барысында мәтіннің негізгі мағыналық-құрылымдық бірлігі сақтала отырып, оқырман үшін басы артық элементтер алынып тасталады.
Жинақы мәтін - негізгі мазмұн сақталған екіншілік өңделген мәтін.
Мәтінді толықтай түсіне отырып, мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен қысқаша бекіту үрдісі.
Түпнұсқа мәтін жинақы мәтінге айналады.
Тыңдалым және оқылым материалдары негізінде жүргізіледі.
Жинақы мәтін формалары:
Тезис
Аннотация
Презентация
Конспект
Кесте
Схема
Тезистік жоспар
Ықшамдалған мәтін
Жинақы мәтін құрастыру жолдары:
Мазмұндық өңдеу:
Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Абай айтқандай..., «Ұлан» газетінде ..., Мақалада «.....» берілген, т.б.
Мәтінге тілдік өзгерістер енгізу:
алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай білу. Мысалы:
Қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;
Сөздерді синонимдермен алмастыру;
Бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.
Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.
Егер кітап болса, түпнұсқа мәтіні 99% ықшамдалады.
Өз ойларыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұруы керек.
Мектеп, университет қабырғасында дұрыс конспектілеуді үйрену керек. Себебі, конспектілеуді білсеңіз, тақырыпты жетік меңгеріп, ақпаратты дұрыс жеткізе аласыз. Дұрыс конспектілеудің үш әдісін ұсынамыз:
♦ Қағазды төртке бөліңіз. Әрқайсысына логикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты сөздерді жазыңыз. Бұл әдісті Билл Гейтс пайдаланады.
♦ Корнелла әдісі. Бұл әдіспен америкалық студенттерді оқытады. Қағазды үш бөлікке бөліңіз. Ең үлкен бөлігі дәрісті жазуға арналсын. Сол жақтағы кең аумағына постфактум, сурет, белгілерді салуыңызға болады. Ал қалған аумаққа мәтініңіздің қысқа мазмұнын екі-үш сөйлеммен жазыңыз.
♦ Менталды карталар әдісі. Бұл әдісті Тони Бьюзан ойлап тапқан. Ол тізім, схема мен таблица жасаудың орнына лианаға ұқсас келетін суреттерді салуды ұсынады. Басты тақырып ортаға жазылып, одан кілт сөздері бар бұтақшалар тарайды. Неғұрлым әдемі, ашық әрі қызықты болып салынған сурет болса, соғұрлым жақсырақ есте сақталады екен. Бьюзан менталды карталарды тек сабақ оқу үшін емес, күнделікті жоспарлауға да пайдалануға болатынын айтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?