Қазақстандағы радиациялық жағдай. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 2 нұсқа.


Сабақ жоспары

2. Экология: ядролық және мұнай өндірістері.

Шешендік сөздер

Айтыс.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Р.С.

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы радиациялық жағдай

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

Сабақтың мақсаты

Оқылым мәтіні бойынша конспектілеу арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

 Бағалау критерийлері

Тақырыпқа сай ұсынылған оқылым мәтінін конспектілеу арқылы ондағы негізгі ақпараттарды тауып іріктей алады.

 Дескрипторлар

мәтінді оқиды, негізгі ақпараттарды табады;

негізгі, қосымша ақпараттарды ажыратады, конспектілейді;

негізгі ақпараттарды жазып алады;

автор идеясын білдіретін сөздер мен тіркестердің астын сызады.

 Тілдік дағдылар

Қазақстандағы радиациялық жағдай тақырыбына қатысты терминологияларды меңгереді.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

 Пәнаралық байланыс

Химия, физика

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, экология, ядролық және мұнай өндірістері бойынша білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды түгелдейді. Сыныппен жағымды жұмыс атмосферасын орнатады.

Қызығушылықты ояту. Сыныппен орындалады. Нәтижеге қол жеткізу үшін тапсырмалар қадам-қадаммен орындалады.

1-қадам. «Суреттерді сөйлет». Суреттер арқылы зерттеу сұрақтарына жауап бер.

- Суреттерді біріктіретін идея қандай?

- Қандай мәселені көруге болады?

- Шешімі бар мәселе ме?

- Қандай шешім ұсынар едің?

Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан кейін сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады. Бағалау критерийі талқыланады.

Жазылымалды жұмыс. С.

2-қадам. Төмендегі теориялық ақпаратты оқы. Маңызды тұстарын дәптеріңе түртіп ал. Берілген нұсқаулыққа назар аудар. Келесі тапсырмаларды орындауда басшылыққа ал.

1-қосымша

2-қосымша

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

5 минут

Жазылым тапсырмасы

Ж.

3-қадам. «Қазақстандағы радияциялық жағдай» тақырыбындағы мәтінді оқы. Тапсырма нұсқаулығын басшылыққа алып, мәтінмен жұмыс істе.

4-қадам. Жазған конспектіңді тағы бір қайталап оқы. Автор идеясын білдіретін сөздердің астын сыз.

- алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай білу. Мысалы:

- қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;

- сөздерді синонимдермен алмастыру;

- бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.

Дескрипторлар:

мәтінді оқиды, негізгі ақпараттарды табады;

негізгі, қосымша ақпараттарды ажыратады, конспектілейді;

негізгі ақпараттарды жазып алады;

автор идеясын білдіретін сөздер мен тіркестердің астын сызады.

Кері байланыс. Мұғалім оқушылардың жауаптарына сындарлы кері байланыс береді:

Мына ... оқушылардың жазбалары қатесіз болды.

Мына ... оқушыларға әлі де ережені оқу керек.

- Мына жұптағы оқушылар мәтін бойынша сұраққа нақты жауап берді.

Бағалау критерийлеріне сүйене отырып оқушылар өзіндік бағалау жасайды.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

5-қадам. «Адамзат радияциялық ластанудың құрбаны болып кете бере ме?» деген тақырыпта 3 минуттық эссе жазады.

3-қосымша

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

- мен білемін;

- мен түсінемін;

- мен жаза аламын.

Түрлі түсті қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу