Мұнай кен орындарын игеру. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 1 сабақ. 2 нұсқа.


 Мұнай кен орындарын игеру – ғылымның қарқынды дамып келе жатқан саласы. Оның кейінгі дамуы қабаттан мұнайды алудың жаңа технологияларын қолданумен, қабат ішіндегі үдерістердің өту сипатын анықтаудың жаңа әдістерін пайдаланумен, ұлттық шаруашылықтың ұқсас салаларының мәліметтерін есепке алумен кен орнын бақылау мен өндіруде заманауи әдістерді қолданумен, пайдалы қазбаларды өндіру үдерістерінде автоматтандырылған басқару жүйесін қолданумен, қуатты ЭЕМ-дерде іске асырылатын, анықтайтын модельдер негізінде қабаттар құрылысының және оларда жүретін үдерістер сипатының бөлшектік есебі әдістерінің дамуымен байланысты болады.

 Мұнай кен орындарын игеру адамзаттың табиғатқа елеулі әсер етуімен байланысты және сол үшін жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша бекітілген заңдарды сөзсіз ұстануды талап етеді. Мұнай кен орындарын игеру бойынша барлық жобалық құжаттар мұнайды, суды герметикалық жинауды, өндірілетін суды тазалауды және соңынан оны қабатқа айдауда қолдануды, мұнай газын пайдалануды, қабаттардан мұнайды көп өндіру үшін қолданылатын химиялық заттардың регенерациясын және олардың кейінгі қолданылуын қарастыратын тұйық өндірістік циклдерді пайдалану жолымен жерді, суды, ауаны қорғауға байланысты бөлімдерді міндетті түрде қамтуы керек. Кен орнынан барынша толығымен мұнайды, газды және конденсатты бөліп алу – жер қойнауын тиімді қолданудың негізгі бағыты. Ұлттық шаруашылықтың барлық кезеңдерінде, сонымен қатар мұнай және газ кен орындарын игерудің барлық технологиялық үдерістерінде қуатты сақтаушы шараларды іске асыру маңызды рөл атқарады. Көмірсутектердің босқа жануының алдын алу үшін өндірілетін мұнай мен газдың тоннасына кететін энергия шығынын азайтатын мұнайды жердің беткі қабатына көтеруді, мұнай мен газды дайындау мен тасымалдауды күндіз жүргізуге тырысу керек.

 Мұнай кен орындарын игеру оқу пәні ретінде инженерлік пәндер санатына жатады. Оған мұнай кен орындарын сапалық, сандық жағынан үйрену, сонымен қатар инженерлік шешімдерді сипаттау емес, сандық түрде берілетін жобаларды дайындау да жатады. Сол үшін аталған курстың барлық бөлімдерінде математикалық әдістер қолданылады. Мұнай кен орындарын игеру – математикалық әдістермен барынша толықтырылған инженерлік пән екенін атап өту керек. Бұл инженер-өндірушілер өз ісәрекеттерінің нысандарына (мұнай қабаттарына) тікелей әсер ете алмайды және кейде оларды тікелей өлшеулермен емес ұңғыны геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулерінің мәліметтерін математикалық игеру негізінде зерттеуімен түсіндіріледі. Игеру барысында мұнай қабаттарында өтетін үдерістерді инженер-өндірушілер тек кері математикалық мәселелерді шешу арқылы түсінуі мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу