- Әлемдегі мұнайдың қоры шамамен 40-50 жылға жетеді.
- Мұнайдан жасалған алғашқы өнім – керосин.
- Түркіменстанда автокөлік жүргізушілері айына 120 литр бензинді тегін алуға құқығы бар.
- Мұнайды өндіретін үш ең ірі ел – Ресей, Сауд Арабиясы және АҚШ.
- «Қара алтынның» бір тамшысы 25 литр ауыз суын бұзуы мүмкін.
- Әлемде бір тәулікте 13,3 миллиард литр мұнай тұтынылады.
- Мұнайдан ғана емес, көмірден де бензин жасауға болады, бірақ бұл өте қиын және көп уақыт алады.
- Немістер Екінші дүниежүзілік кезінде, әскери техникаға арналған отынды көмірден жасаған.
- Ғалымдардың айтуы бойынша, ол – ежелгі планктондарың қалдықтарынан пайда болды. Бұл кезең 350 миллион жылға созылған.
- Оның құрамында мыңдаған заттар бар, олардың көпшілігі (80-90%-ы) сұйық көмірсутектер болып табылады.
- Оның негізгі түсі қара, бірақ кейде жасыл және тіпті түссіз сұйықтықтар кездеседі.
- Мұнай, тереңдігі – 10 метрден 5-6 шақырымға дейінгі ара қашықтықта орналасады.
- Аспирин – мұнай өнімі болып табылатын бензолдан алынады.
- Мұнай көмірмен бірдей, оның өзгешелігі тек сұйықтығында.
- Оны алғашқы болып, б.з. 4-ғасырында Ежелгі қытайлықтар қолданған.
- АҚШ-та әлемдік бензинның 44%-ы тұтынылады. Ең ірі мұнай компаниясы – Saudi Aramco, ол Сауд Арабиясы мемлекетінің иелігінде.
- Бұл сұйықтықтың бағасы барлық тауарлардың бағасына тікелей әсер етеді, себебі, көлікке құйылған бензиннің бағасы да қосылады.
- Мұнайдың қондырғысындағы қызметкердің орташа жылдық жалақысы шамамен 100,000 доллар.
- Венесуэла әлемдегі ең ірі қара алтынның қорына ие, ол 300 миллиард баррельді құрайды.
- Алғашқы кезде бензин үлкен сұранысқа ие болмаған. Өйткені, автокөлікті сатып алуға шамасы жететін адамдардың саны өте аз болатын.
|