Мұнай өндірісі. Шешендік сөздер. Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер. Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі | Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 11 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мұнай өндірісі. Шешендік сөздер. Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі (2-нұсқа) | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау | ||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік дағдылар тақырып аясында дамиды. Пәнге тән лексика мен терминология: Шикізат, қара алтын, экономикалық даму, мұнай өндіру ісі, инвестор, мұнай-газ саласы, болашақ, т.б. Диалог және айтылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің ойымызша/пікірімізше…, Біздің көзқарасымыз бойынша…, біз сенімдіміз…, Ойымызды қорыта келе,..., т.б. | ||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Ынтымақтастық, өзіне және өзгелерге құрмет, жауапкершілік құндылықтарын дамыту топтық, жұптық жұмыстар барысында жүзеге асырылады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Экономика, химия, әлеуметтану | ||||||||||||
АКТ пайдалану дағдылары | Сабақ таныстырылымын қолдану, бейнематериал | ||||||||||||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | Денсаулық сақтау технологиясы талаптарына сай сынып оқушыларын орналастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Оқушылармен амандасу, жұптарға бөлу. Ой шақыру Оқушылар берілген ақпарат туралы өз ойларын ортаға салады. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. | Слайд | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 3 минут 8 минут 10 минут 8 минут | Тыңдалым алдындағы тапсырма «Сұрақтар алаңы» әдісі 1. Мұнайдың қажеттілігі қандай? 2. Қазақ жерінде мұнай өндіру ісі қандай деңгейде жүзеге асып жатыр? 3. Мұнай бағасының арзандауы/қымбаттауы елдің экономикасына әсер ете ме? Қалай? 4. Елімізде мұнай өндіретін қандай кен орындары бар? Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылайды. Тыңдалым тапсырмасы Оқушыларға бейнематериал көрсетіледі. https://24.kz/ru/zha-aly-tar/ekonomika/item/279772-elimizdegi-ara-altyn-ory-ansha-ua-yt-a-zhetedi ЖЖ. Бейнематериалды оқушылар мұқият тыңдап, жұпта талқылайды және кестені толтырады.
Оқушылардың жауаптары талқыланады. Дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалайды. Дескриптор:
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Әр жұп «Айтарым бар» айдарымен жұпта бірлесе отырып, мәтіннен теріп жазған тірек сөздер, терминдер мен ұғымдар, тілдік оралымдарды қолданып және берілген нақыл сөздерді пайдаланып, сыни пікір айтуға дайындалады. Қабілеті жоғары оқушыларға шешендік сөздер, нақыл сөздер, тұрақты тіркестерді өз бетімен іздеу және пікірлерімен ұштастыру тапсырылады (дифференциация).
Жұптар өз пікірлерін ПОПС формуласы арқылы білдіре алады.
Жұптар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, сұрақтар қояды. Дескриптор:
Мұғалім оқушыларды тыңдап, кейін жауаптарын толықтырады. Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады: Ұтымды шыққан ... ... Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ... Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар... Креативті ... ... , бірақ көркем тіл жетіспейді. | Слайд https://24.kz/ru/zha-aly-tar/ekonomika/item/279772-elimizdegi-ara-altyn-ory-ansha-ua-yt-a-zhetedi слайд Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/58202/ | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Борт журналымен» жұмыс Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Тақырып бойынша жаңадан не білдім? - мәтіннен? - сабақтан? - сыныптастарымнан? - мұғалімнен? | слайд | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?