Шешендік сөздер. Айтыс. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал.


 Публицистикалық стильдің ауызша түріне бұрыннан қалыптасқан шешендік сөз жатқызылады.

 Шешендік сөз – Ежелгі Грекия мен Рим заманынан бері қарай көптеген халықтардың мәдени-рухани өміріндегі өнердің бір түрі. Шешендік өнер мен шешендік сөз өзара тығыз байланысты болғанымен, екеуі екі басқа түсінік атаулары: шешендік өнер актінің, яғни іс-әрекеттің атауы, ол әлеуметтік қызмет атқарады. Шешендік өнер (риторика)— өзінің нысанасы, теориясы, категориялары, тарихы бар жеке сала болып табылады. Ал шешендік сөз шешендік өнер иелерінің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі. Бірақ көпшілік алдында айтылатын сөздің бәрі шешендік емес. Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беру керек:

  •  белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында айтылатын сөз болуы керек;
  •  әңгіме өзегінің дәлелі (аргументі) болуы тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет;
  •  тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы тиіс.

 Қазіргі шешендік сөздердің түрлері былайша ажыратылады:

  •  әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер – митинг, конференция, съезд, сессиялардағы сөздер, баяндамалар, хабарламалар, радио-теледидардан берілетін саяси, әлеуметтік шолулар т.б.;
  •  академиялық шешендік – жоғары оқу орындарындағы дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама т.б.;
  •  сот ісіндегі шешендікке прокурордың айыптау сөзі, адвокат-қорғаушының сөзі, айыпкердің сөзі;
  • әлеуметтік тұрмыстағы шешендік;
  •  діни қызметте қолданылатын шешендік (қазақша иман сөздері).
  •  Барлығына қойылатын басты талап – оның көркем, әсерлі болуы.

Р.Сыздық



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу