Шешендік сөздер. Айтыс. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал.


Айшықтау дегеніміз - сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу - сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту. Сөз айшықтары - сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнін күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал - тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ - жауап, дауыс ырғағы т.б жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.

Айшықтаудың бір түрі - риторикалық айшықтар. Мұнда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті, өзінен-өзі анықталады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B9%D1%88%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%83

Тілдің көркемдеуіш құралдары

 Әдеби тiлде қолданылатын түрлi көркемдік троптардың рөлi айрықша, эстетикалық қызметі зор. Олардың басты қызметi сөздің ерекше экспрессивтілік бояуға ие болуы, образдылық мағынаға көшуі болып табылады. Сөздің образға енуі оның әр түрлі мағыналық өзгеріске түсуі нәтижесінде анық көрінеді. Образдылық мәнге ие болып, экспрессивтілік бояу алған сөздердің стилистикалық әсері ерекше. Бұлар – өмiр құбы- лыстарын бейнелi түрде танытудың аса тиiмдi тәсiлдерi.

 Троп (грек tropos – айналым, тіл оралымы) – ауыспалы мағынада қолданылатын атау, ойдың көркемдік-бейнелілік сипатын танытатын, әр түрлі эстетикалық мәнде жұмсалатын сөз образы. Ол бейнелілік қасиетке ие, сондықтан көбінесе көркем әдебиет стилінде, ауызша сөйлеудегі шешендік өнерде жиі жұмсалады. Демек, бір сөзде, сөз тіркесінде немесе бір сөйлем ішінде құрылымы, құрамы өзгермей-ақ, бірнеше ма- ғыналарды қамтиды. Троптың түрлеріне: метафора, метонимия, синекдоха, шендестіру, дамыту т.б. жатады. Ауызекі сөйлеу стилінде жиі қолданылған троптардың эмоциялық-экпрессивтік қуаты арта түседі. Көркем әдебиетте кейіпкерлер тілінде, сатиралық туындыларда, сондай-ақ баспасөз тілінде де қолданылады, ресми іс қағаздары мен ғылыми стильдерге тән емес құралдар.

М. Қанабекова «Қазақ тілі стилиситкасының негіздері», Алматы-2013.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу