Шешендік сөздер. Айтыс. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ.


Мұнай жайлы фактілер :

Әлемдегі мұнайдың қоры шамамен 40-50 жылға жетеді.

Мұнайдан жасалған алғашқы өнім – керосин.

Мұнайды өндіретін үш ең ірі ел – Ресей, Сауд Арабиясы және АҚШ.

«Қара алтынның» бір тамшысы 25 литр ауыз суын бұзуы мүмкін.

Әлемде бір тәулікте 13,3 миллиард литр мұнай тұтынылады.

Мұнайдан ғана емес, көмірден де бензин жасауға болады, бірақ бұл өте қиын және көп уақыт алады.

Ғалымдардың айтуы бойынша, мұнай ежелгі планктондардың қалдықтарынан пайда болды. Бұл кезең 350 миллион жылға созылған.

Мұнайдың негізгі түсі қара, бірақ кейде жасыл және тіпті түссіз сұйықтықтар кездеседі.

Аспирин – мұнай өнімі болып табылатын бензолдан алынады.

Ең ірі мұнай компаниясы – Saudi Aramco, ол Сауд Арабиясы мемлекетінің иелігінде.

Сабақтың тақырыбы:

Экология: ядролық және мұнай өндірістері.

Шешендік сөздер.

Айтыс

Сабақтың мақсаттары:

Мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

Тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:

көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық).

Бағалау критерийлері:

мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиториясын, құрылымын, тілдік қолданыстары бойынша ерекшеліктерін салыстыра талдайды;

тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдаланады;

көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу сөздерді сұрыптайды.

Мұнайдың пайдасы мен зияны

1-тапсырма.

Екі мәтінннің тақырыбын, мақсатты аудиториясын, құрылымын, автор көзқарасын, стилі мен жанрын салыстыра талдаңдар.

Венн диаграммасы

2-тапсырма. Мәтіннің тілдік ерекшеліктерін талдаңдар.

Пирамидалық талқылау» әдісі. Топтағы әр оқушы пирамиданың жан-жағына мәтіннен көркемдеу, айшықтау, дәлелдеу сөздерді тауып жазады. Бір-бірінің жазғандарымен танысып, ортасына сұрыптап жазады).

Дескрипторлар:

мәтіндердің стильдік, жанрлық белгілерін атайды;

тақырыбын, мақсатты аудиториясын, құрылымын, автор көзқарасын анықтайды;

тілдік ерекшеліктерін талдайды.

Тапсырма.

Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі шикізат экспорттаушы ел ретінде танымал. Соның ішінде мұнай секторы Қазақстан экономикасы үшін ірі табыс көзі екендігі айдан анық. Дегенмен мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы айтпауға болмайды. Мұнайдың пайдасы мен зияны туралы пікір білдіру үшін сөз дайында. Мәтініңде көркемдеу, айқындау құралдарын қолдан.

Еркін микрофон

Дескрипторлар:

көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу сөздерді сұрыптайды;

тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдаланады.

Рефлексия

«Білгенім», «Байқағаным», «Түйгенім»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу