ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал.


Шешендік сөз өнерінің ұлттық ерекшеліктері

Антикалық əдебиет тарихын зерттеуші И.М.Тронский еңбегін оқи отырып, адамзат рухани құндылығының ежелгі ескі дəуірмен сабақтас, тамырлас өрбігендігін аңғарамыз.

Ежелгі грек əдебиетінің қалыптасып, Еуропаның басқа халықтар əдебиетінен бөле жара, ешкімге еліктемей, өз бетінше жетілгендігін дəлелдегісі келгенмен И.М.Тронский шығыс əдебиеті элементінің əсер ықпалын жоққа шығармайды. «Греческая литература — древнейшая из литератур Европы и единственная, развивавшаяся самостоятельно, не опираясь непосредственно на опыт дру- гих литератур. С более древними литературами Востока греки стали ближе знакомы лишь тогда, ко- гда расцвет их собственной литературы лежал уже позади. Это не значит, что восточные элементы не проникали и в более раннюю греческую литературу, но они проникали устным, «фольклорным» пу- тем…» Əрине, біздің айтпақ мəселеміз бұл емес. Осы еңбектегі ежелгі грек əдебиетінің алғашқы лирикалық жанрлары ретінде көрсеткен «Элегия и ямб», «Хоровая лирика» сияқты кейбір түрлерінің бізге де жат еместігі. Ауыз əдебиеті тарихында элегия табиғатына жақын жырлардың мол кездесуі, сондай-ақ ұжымдық түрде айтылатын «Ау-жар», «Жар-жар» түрлерінің қазақ халқында да тым көнеден келе жатқандығы еске түседі. Сондықтан да ғылымның: «Первобытная поэзия — поэзия коллектива, из которого личность еще не выделилась; основным содержанием ее служат поэтому чувства и представления коллектива, а не отдельной личности», — [1] деген пікірі біздің зерттеушілеріміздің ойымен сабақтасып жатыр. Осы еңбекте қара сөз үлгісіндегі һəм өлең үлгісіндегі антикалық мəдениет сипаты сөз болады. Біз осыған дейін қазақ ауыз əдебиетінің мол мұрасының дені өлең-жыр түрінде туындап отырғандығын айтқан едік. Осы жерде қара сөз үлгісінде жеткен сөз өнері жəдігерлерінің көп екендігін еске саламыз. Бүгінгі күнге жетіп отырған аңыз-əфсəна, ертегі-əңгімелердің көбі қара сөз үлгісінде айтылып келді. Соның ішінде өзіміз сөз етіп отырған би-шешен мұраларының да көп жағдайда қара сөзбен өріліп отырғандығы белгілі. Бұл туралы ғалымдарымыздың өзі: «Шешендік дегеніміз — белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған жəне жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі ойлар, тұжырымдар», — деп пікір білдіреді Мысалы, Сырым шешеннің тапқырлығы туралы ел аузындағы аңыз былай дейді: «Сырым 15 жа- сында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып: Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетеді, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді? —дейді. Таксыр, даланың оты — олжа, суы — нұрлық, елдің малы мен ақысын жеу — ұрлық, — деп, Сырым жөніне жүре береді»

Қара сөз үлгісіндегі осындай шешендік өнер туындылары қазақ ауыз əдебиетінде мол. Мəселен, Қаз дауысты Қазыбектің он алты жасында қалмақ ханына айтқан «біз қазақ мал баққан елміз» деп басталатын сөзі де үтір, нүктесі бұзылмаған саф қалпында бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Осы мысалдардың өзі-ақ өлең-жырға жүйрік қазақ халқының қара сөзді де қалпысыз айта білетіндігін та- нытса керек. Би-шешендердің философиялық пайымдаулары мен тапқыр сөз, өлең-жырларынан мұндай мағынадағы мысалдарды жүздеп, тіпті мыңдап келтіруге болады.

Зерттеу барысында сөз еткен жыраулар поэзиясы, айтыс ақындарының жырлары, би- шешендердің тапқыр сөздері — мұның бəрі көшпелі жұрттың биік мəдениетін, өзіндік өркениеті дамыған елдің терең таным-түйсігін танытады. Белгілі зерттеуші-ғалым, этнограф А.Сейдімбеков «Қазақтың ауызша тарихы» шежірелік деректерді пайымдау еңбегінде шыншыл тарих жазу үшін не қажет екендігі жайлы төмендегідей пікір білдіреді: «Шыншыл тарих жазу үшін ең алдымен деректемелерге [источники] мұқият ден қою керек. Ал, деректемелер санатына тарихи айғақ-деректердің бəрін жатқызуға болады. Атап айтқанда, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвистикалық, жазбаша, заттық, ауызша айғақ деректің қай-қайсы да белгілі бір заман мен қоғам туралы, сол заман мен қоғам аясындағы адамдар жайында таным-түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді»

Осы ғылыми пікірде келтірілген «ауызша айғақ деректі» бүгінгі ұрпаққа жеткізуде біз зерттеп отырған сөз өнері шеберлерінің, яғни би-шешен, ақын-жыраудың, үлесі орасан зор екендігі ақиқат. Сондай-ақ осы еңбекте қазақ шежірешілдігі туралы ғылыми сипаты айқын, терең пікірлер айты- лады. «Шежіреде ел-жұрттың əлеуметтік-саяси өміріндегі нақтылы хроникалық деректен гөрі, сол əлеуметтік-саяси өмірдің типтендірілген сипаты көбірек көрініс тауып отырады. Шежірелік аңыз- əпсаналар мен əңгіме-хикаялар ел-жұрттың əлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, салт- дəстүрлік, əсіресе моральдік-этикалық қасиеттерін айғақтайтын дерек-мағлұматтарға тұнып тұр»

Сөзбен өрілген рухани құндылықтар түрінің қайсысын алып қарамайық, ғалым А.Сейдімбеков келтірген осы тұжырымға толықтай жауап береді деп нақты айта аламыз. Жыраулық дəстүр мен шешендік сөз өнері қасиеттерін зердесіне барынша сіңіре білген халық ақындары, рухани дəстүрді сəтті сабақтастырды. Халық ақындары көпшілік алдында сөз жарыста- рып, яғни айтысып, қана қойған жоқ, олар сондай-ақ ұлттық өнер түрлерін одан сайын ажарланды- рып, байыта түсті. Мəселен, Жамбыл ақынның бойында тек айтыскерлік дарын ғана емес, жыраулық, шешендік, күйшілік өнердің де болғандығын білеміз. Сүйінбай, Шөжелердің жыршы, Ақан, Біржан, Əсеттердің əнші-сазгер болғандығы белгілі. Бұл сипат сол заманда өмір сүрген көптеген халық ақындарына тəн қасиет еді. Ықылым заманнан халықпен бірге жасасып, оның тарихи сипаттары мен əлеуметтік жүгін арқалаған сөз өнері жəдігерлерін ХІХ ғасырдағы қазақтың жазба əдебиеті көшіне аманаттағандар да осы айтыс ақындары болды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу