ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология: ядролық және мұнай өндірістері.

Шешендік сөздер

Айтыс.

Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі

Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-матемаикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова Алтынай Батырхановна

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау.

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіндегі көтерілген мәселеге сыни тұрғыдан баға бере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау.

 Бағалау критерийі

  • Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтай алады;
  • Автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескереді;
  • Сұрақтар құрастырады және бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тіл тағдыры, сөз мәдениеті, тіл мәдениеті, өркениет т.б

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Қоғамның басты құндылығы тіл мәдениеті, сөз мәдениеті тақырыбы аясында түсініктерін кеңейту.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі,стилистика пәні

Бастапқы білім

Сөздердің стильдік қызметі

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар «Экологиялық проблемалар» тақырыбына ассоциация жасайды.

 

слайд

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

Мағынаны тану

1. Мұғалім оқушыларға шешендік сөз өнері тақырыбы аясында түсініктеме береді.

Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, толғандырады.

Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері.

2. Оқушылар адамзат дамуына әсер ететін ядро және мұнай өндірістері жөнінде ақпарат жинайды. Табиғатқа әсер етуші факторларды көрсетеді. Экология аясындағы мәселелерді кестеге тізбектеп жазады:

Экологиялық мәселелер:

  • Ядролық жарылыстар
  • Мұнай қалдықтары
  • Өндіріс орындары

Тыңдалымалды тапсырмасы

Адам өміріне экологияның әсері жайлы оқушылар өз ойларын ортаға салады. Екі топқа бөлініп, дамудағы артықшылықтар мен кемшіліктерді сызба арқылы көрсетеді.

Әлемдік даму процесі

Артықшылықтары

Кемшіліктері

  • Бәсекелестікке қабілеттілік

1.Экологиялық проблемалар

Тыңдалым тапсырмасы

Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.

Жұмыс алгоритмі:

  • Оқушылар топта жұмыс жасайды.
  • Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды және өз пікірлерін білдіреді.
  • Автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, келесі топтағы оқушыларға тақырып аясында сұрақтар құрастырады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Сабақ барысында жинаған ақпараттары мен білімдерін қолдана отырып кесте толтырады.

  • Қазіргі әлем елдері алдында тұрған экологиялық мәселелер

Әлеуметтік-саяси сипаттағы мәселелер

Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелер

Әлеуметтік-экологиялық мәселелер

Адам мәселесі

  • Бүгінгі тақырыпта өткен ақпараттар мен пікірлерді қорытындылайды. 2 топқа бөлініп, «ХХІ ғасырдың экологиялық апаттары және оның алдын-алу» тақырыбында постер қорғайды.

Бағалау критерийі:

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтай алады;

Автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескереді;

Сұрақтар құрастырады және бағалайды.

Бағалау. Өзін-өзі бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

https://articlekz.com/kk/article/16463

Шешендік сөз өнерінің ұлттық ерекшеліктері

https://www.youtube.com/watch?v=QVhoJKfwwg8

Экология және тұрақты даму

Сабақтың соңы

35-40

Кері байланыс

«Бас бармақ» әдісі

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу