Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 1 сабақ.
Таратпа материалдар
Мақала – газет жанрының кең таралған түрі
Мақала жазу үшін оған шеберлік керек. Корреспонденция оқиғаны болған жері мен уақытымен шектелсе, мақала кең ауқымды мәселелерді қамтиды .Онда автордың өзіндік пікірі байқалады .
Мақала жазудағы журналистің мақсаты – нақты факт, дәлел келтіре отырып, ақпаратты оқырманға , бұқараға жеткізу. Автордың көрген оқиғаны қалың бұқараға дұрыс жеткізуі , бұл оқиғаға өз пікірін, көзқарасын білдіруі, мәселені дұрыс бағалауы – оның шеберлігі болса керек. Мақала кең ауқымдылықты талап етеді.
Мақалалардың мынандай түрлері бар: алдыңғы қатарлы, редакциялық, теориялық, сыни, түсіндірмелі. Мақалалар тақырып жағынан мынандай топтарға бөлінеді: экономика, саясат, этика, өнер, әдебиет, халықаралық жаңалықтар т.б.
Қорыта келгенде, мақала дегеніміз белгілі бір газетте, журналда жарияланатын ғылыми–публицистикалық көлемі шағын шығарма. Қазақта бұл жанрды алғаш дамытқан адамдар М.Ж.Көпеев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев т.б. Олар сол кезде болып жатқан қоғамдық құбылыстар мен өзгерістерге пікірлерін білдіріп, халықтың мұңын шертті.
Мақала жазу алгоритмі:
Мақаланы жазуды бастағанға дейін
- Мақаланың негізгі тақырыбын тауып, айтылар ойларды пысықтаңыз.
- Негізгі мақсатты анықтаңыз.
- Деректер іздеңіз, жинаңыз.
- Деректерге қорытынды жасаңыз, жоспар (құрылым) құрыңыз.
- Мақаланы қай стильде жазатындығыңызды анықтаңыз.
- Аудитория таңдаңыз.
- Қай БАҚ-қа(бұқаралық ақпарат құралы) жариялайтыныңызды анықтаңыз.
Мақаланы жазуды бастаңыз
- Алғашқы нұсқасын жазыңыз.
- Мақаланы тексеріңіз, өңдеңіз.
- Соңғы нұсқасын көшіріп жазыңыз.
Жазылым алды тапсырмасы
Ж Оқушылар өздеріне ұсынылған мәтінді жеке түсініп оқиды.
Би-шешен — қай заманда да өзінің елден асқан ақыл-парасат, біліктілігімен қабырғалы қалың елге көшелі ісімен қызмет етуші ірі тұлға. Бұдан кейінгі лауазымдық дәрежеде би — ауыл-үй арасындағы ақсақалдық биліктен ең жоғарғы сатыдағы сот билігінің тізгінін ұстап, Хан кеңесінде төрелік айтқан аузы дуалы ұлылық иесі. Мемлекеттік аса жоғары дәрежеде би елі үшін осы тақылеттес тағы бір лауазымды атқарған. Ол — халықаралық дәрежеде мемлекет атын зор беделге жеткізетін, еліне береке-ырыс, жақсылық пен тыныштық әкелетін бітістіруші дипломат — елшілік қызметкері. Қазақтың «Елдестірмек — елшіден, жауластырмақ — жаушыдан» деген аталы сөзі соған куә. Билердің қалың бұқара халықтың арасындағы беделі мен атақ даңқын дүйім елге мәлім еткен тағы бір ерекше қасиеті — қара тілден май тамызған шешендік өнері. Елі мен жеріне бақ-береке, ынтымақ-ырыс бұйыртқан, ел қорғаны батыры мен бағланына Алладан тілеу тілеген даналық ойдың алтын кені — батагөй абыздығы.
Бұған халықтың келешегі мен елдің ертеңін болжай білетін, жаман қылығын жазбай танып, сын тезіне салатын көрегендік қасиетімен ұлт тағдырын темір қазықтай тура болжап беретін кемел ойлы білгірлігін, көрегендігін қосыңыз. Ел мүддесі мен бірлігі үшін атқарған бұл қызметтің ауқымы кең, мәні зор болған.
Билер – өз заманынының дәстүрлі құқықтары мен әдет-ғұрып ережелерін заңи тұрғыдан реттеп, заман ағымына қарай жаңартып отыратын білікті заңгерлер. «Заманына қарай – заңы, орманына қарай – аңы болады» деген қағида ізімен тозығы кетіп, озығы жеткен заңнама үлгілерін уақытына сай жаңғыртып, елді біртұтас білікті заң ережелерімен қамтамасыз етуді де өз мойнына алған. Мемлекеттік істерде заң саласын жетік білетін сұңғылалығымен ел мүддесіне қажет ереже-қағидаларды нормашығармашылық және заң талқылау қабілеттілігімен иін қандырып, құқықтық қолданысқа енгізетін білікті заң маманы бола білді. Мәселен, Майқы бидің «түгел сөзі», Әз Жәнібек ханның «әдет-ғұрыптары», «Қасқа жолды Қасым ханның», «Тура жолды Тәуекел ханның», «Ескі жолды Есім ханның», одан кейінгі «Әз Тәукенің «Жеті Жарғысын» мемлекет атынан қолданылатын заң дәрежесіне жеткізіп, талқылаған, сөйтіп қоғамдық қарым-қатынасқа енуіне кепілдік берген сол заманның атақты билері болатын.
Біз осы ойымызды қорытындылай келе, қазақ елінің ежелгі заманынан берігі көшпелі және жартылай отырықшы тұрмыс-салты мен әлеуметтік-саяси дамуындағы ұзақ жылдарда әртүрлі қоғамға қызмет еткен мемлекет билігіндегі билердің рөлі мен билер соты және олардың әлеуметтік мәртебесі осындай дүниежүзілік үлкен ғылыми конференцияда жан-жақты талқыланып, аса құнды баға берілуі – билер сотының ұмытылуға айналған мәртебесін қайта жаңғыртуға мұрындық болады деп үлкен сенім артамыз.
ЖЖ.
- Жұптасып, бір-біріне мәтін туралы ойларыңызды айтыңыз.
Жазылым тапсырмасы
Ж.
Тапсырма
- Мәтінінде айтылған ақпараттарды, идеяны пайдаланып, «Би-шешендер туралы не білеміз?» деген тақырыпта мақала жазыңыз.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
- Жұпта алмастырып оқыңыз және логикалық түзетулер енгізіңіз, редакциялаңыз.
- Орфогрфиялық нормаға сай жазылмаған деп таныған тілдік бірліктерін қарындашпен белгілеп, не себепті екенін түсіндіріңіз.
Дескриптор:
1 | Мақаланың жазылу ерекшелігін біледі | 2 |
2 | Мәтінді түсініп оқиды | 2 |
3 | Жұпта өз ойларын айтады | 2 |
4 | Мақаланы жазады | 2 |
5 | Бір-бірінің жазылымын тексеріп, редакциялайды | 2 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?