Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшелік. Қазақ тілі, 11 сынып, таратпа материал. 1 сабақ.


Жазылымалды тапсырма:

  • Аннотация – мәтін ақпараттарының жалпылама қысқаша сипаттамасы.

Аннотация мәтінінен бұрын жалпы ақпарат(автордың аты-жөні, мәтін атауы, басылым орны мен мерзімі) беріледі. Бұл ақпараттарды аннотацияның бірінші бөлігіне де қосуға болады.

Аннотация екі бөліктен тұрады: біріншісінде мәтіннің тақырыбы туралы айтылса, екінші бөлігінде мәтіннің негізгі аспектілері туралы сөз қозғалады.

Аннотация жазуда келесі құрылымдарды, тірек сөздерді қолдануға болады:

Мәтінде (не?) зерттеледі.

(Не?) көрініс тапқан.

Мәтінде маңызды мәселе ретінде (неге?) көңіл бөлінген.

Мәтінде (неге?) мінездеме берілген.

Зерттеу келесі мәселелерді қарастыру арқылы жүзеге асқан: …

Мәтінде (неге?) анализ жүргізілген.

Негізгі назар (неге?) аударылған.

(Нені?) қолдана отырып, автор (не?) туралы ақпарат береді.

(Нені?) басты назарға алады.

Мәтінде (не?) туралы ақпарат берілген.

(Не?) туралы сипаттама берілген.

Келесі сұрақтарға назар аударылған:…

Мәтінде (неге?) анализ жүргізе отырып, (не?) көрсетілген.

(Қандай?) фактілер көрсетілген.

(Қандай?) қорытындыға келген.

ЖЖ.

  • Мәтінді жұпта түсініп оқып, мәтіннің стиліне талдау жасаңыздар

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік өнері. Шешендік өнер — ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.

Жазушылардың, лекторлардың үгітшілердің шеберліктерін, жалпы тіл мәдениетін жетілдіру үшін ежелгі шешендік сөздерді оқып үйренудің мәні зор, өйткені халық даналығы: мақал, мәтел, нақыл сияқты ойды кеңейтіп, тілді байытатын шешендік сөз нұсқалары көп.

Әдетте шешендік өнер айтыс-дауларда туып дамиды, сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс-бітім секілді манызды мәселелер сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай-ақ неғұрлым халық көп жиналатын астар мен тойлар, міне, сондай сарабдал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар — форумдар болған. Есімдері әлемге әйгілі тілмаш шешендердің, көбінесе, мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны кездейсоқ емес. Мәселен, ежелгі Афин (грек) шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент басшылары болған. Ал XIX—XX ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П. А. Александров, Ф. II. Плевако, А. Ф. Кони адвокаттар еді. Сол сияқты белгілі қазақ шешендері: Төле Әлібекұлы (1663—1756), Қазыбек Келдібекұлы (1667- 1764) және Әйтеке Бәйбеқұлы (1682—1766) дау-жанжалды шешетін билер болған.

Қазақ шешендік өнерінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. Сондықтан да олар бастапқы калпында емес, бізге, кейінгі ұрпаққа ұзын-ұрғасы, үзік-жұрнағы, ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-ауызға ауыса жүріп өңдеу-жөндеуге ұшыраған, әлденеше үрпақтың, талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп, қысқарып, ұстарып жалпы халық шығармасына айналған.

Жазылым тапсырмасы

Ж. Мәтінге аннотация жазыңыз.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

  • Жұпта алмастырып оқыңыз және түзетулер енгізіңіз, редакциялаңыз.
  • Орфогрфиялық нормаға сай жазылмаған деп таныған тілдік бірліктерін қарындашпен белгілеп, не себепті екенін түсіндіріңіз.

Дескриптор:

1

Мәтінді түсініп оқиды

2

2

Мәтіннің стильін анықтайды

2

3

Жұпта өз ойларын айтады

2

4

Аннотацияны жазады

2

5

Бір-бірінің жазылымын тексеріп, редакциялайды

2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу