Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 5 сабақ. 1 нұсқа.
Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер
5-сабақОқу мақсаты
11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Еңбек нарығы туралы түсініктерін кеңейтеді, берілген кестедегі мәліметтердің ерекшелігін анықтайды;
Оқушылардың көбісі:
Еңбек нарығын реттеу жолдарын ұсынуда өз пікірлерін білдіреді, берілген кесте мәліметтерін салыстырады.
Оқушылардың кейбірі:
Еңбек нарығын реттеу жолдарын ұсынуда дәлелді пікір бере алады, басқа пәннен алған білімін пайдаланып, кесте мәліметтерін түсіндіре алады
Бағалау критерийі
Еңбек нарығы туралы білімдерін толықтырады;
Кестедегі мәліметтерді салыстырады;
Негізгі үрдістерді анықтайды;
Басқа пәннен алған білімін пайдаланады;
Еңбек нарығының өзгеру себебін түсіндіре алады
1 –тапсырма
Сызба бойынша Еңбек нарығы ұғымына түсінік беруБағалау критерийі
Сызба бойынша еңбек нарығы ұғымына түсінік береді;
Құқық негіздері пәнінен алған білімдерін пайдаланады.
2-тапсырма
Нарықтардың басқада түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. 2018 жылдың көрсеткіші бойынша электронды еңбек биржасында заңгерлердің бос 1 221 жұмыс орны жарияланған. Ал жұмыс іздеушілердің саны 4 818 адам болған. Сондай-ақ, төмен сұранысқа ие мамандықтардың бестігінде әлеуметтік қызметкерлер (2 400-ден аса түйіндеме) , аспаздар (2 мың түйіндеме), техник-бағдарламашылар (1 500) мен іс жүргізушілер (1 500-ге жуық) бар. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының сұранысын қалай реттеуге болады? Жауабыңызды ПОПС әдісі арқылы білдіріңіз
Бағалау критерийі
ҚР сұранысқа ие мамандықтарды анықтайды;
Оған өз дәлелін келтіреді.
3-тапсырма
Мәтінді оқып, «Қазақстан Республикасында Еңбек нарығын реттеу бағыттары» инфографикасын (шартты белгі) құрастыру
4-тапсырма
Қазақстандағы еңбек нарығының әр жылғы ерекшіліктерін салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтап, басқа пәннен алған білімді пайдаланып, түсініктеме беру
Бағалау критерийі
Кестедегі мәліметтерді салыстырады;
Негізгі үрдістерді анықтайды;
Басқа пәннен алған білімін пайдаланады;
Еңбек нарығының өзгеру себебін түсіндіре алады
Рефлексия ( сөйлемді жалғастыру)
Еңбек нарығында өз орныңды табу үшін....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?