Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Сабақтың тақырыбы:
Еңбек нарығы және сұраныс.
Шешендік сөздер
Оқу мақсаты:
Мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
Бағалау критерийлері:
Мәтіндегі мәселені анықтайды;
Автор позициясын түсінеді;
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
ЖЖ. Тыңдалым алды тапсырмасы:
Оқушыларға сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрап айтыңыздар: Еңбек жәрмеңкесі, жас маман, еңбек, мамандық, қажет мамандық, жастар, жұмыс беруші, бос жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталығы.
Дескрипторлар:
Берілген сөз тіркестерін қолданып, тақырыпқа қатысты сөйлемдер құрап айтады.
Тыңдалым тапсырмасы. Бейнебаянды тыңдап, Төменде берілген «Креативті матрицаны» негізінде толырыңыздар:
Дескрипторлар:
Мәтін тақырыбын атайды;
Мәтінде кімдер туралы айтылғанын атайды;
Мәтінде көтеріліп тұрған мәселені табады;
Мәселенің орын алған орнын атайды.
Тақырыпқа қатысты сөз тіркестерін орынды қолданады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Оқушылар «Бес сұрақ» әдісі арқылы қойылған сұрақтарға (алдарыңызға берілген флипчаттарға) жауап жазыңыздар.
Т.
Жұмыс іздеп келушілер кімдер? Неге?
Жас маман «Жұмыс жәрмеңкесіне» неге келді?
«Жұмыс жәрмеңкесінен» қандай жұмыс түрін табуға болады? Неге?
Жұмыспен қамту орталығы неге «Жұмыс жәрмеңкесін» өткізуде?
Автор неге осы мәселені көтеріп отыр?
Автор қандай позицияны ұстанып отыр(қоғамдық-саяси, ғылыми)? Неге? Ойыңызды дәлелдеп айтыңыз.
Автордың айтайын деген негізгі ойы қандай? Неге?
Дескрипторлар:
Жұмыс іздеп келушілерді атайды;
Жас маманның «Жүмыс жәрмеңкесіне» не себепті келгенін айтады?
Жәрмеңкеде ұсынылған мамандықтарды атайды?
Жұмыспен қамту орталығының аталған жәрмеңкені өткізу себебін атайды;
Автор көтерген мәселені дәлел келтіре отырып атайды;
Автор позициясын атайды, дәлелдейді;
Автордың айтпақшы болған негізгі ойын тауып атайды.
Тақырыпқа қатысты жоғарыда ұсынылған сөз тіркестерін қолданып айтады.
Сабаққа кері байланыс:
Сыныптасын бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек».
Сабақ тиімді болды ма?
Қай тапсырма ұнады? Неге?
Ұсыныс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?