Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал.


Театр.Театр.Театр

Қазір театрдың адам өміріне байланысы, рухани əлемге байланысы жайында әңгімелемекпіз. Шын мəнінде қарасақ, Жүсіпбек Аймауытов  айтқандай «... театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Иə, рас, себебі, онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің арақашықтығын, олардың айырмасын көрсетеді. Зұлымдықтарды сынай отырып, адамдарға ізгілік жолын, имандылық жолды көрсетеді. Театр өнерін жинақтаушы, ұйыстырушы, тек қана əртістер мен режиссерлер, суретшілерді, драматургтарды, композиторларды ғана емес, сонымен қатар көрерменмен диалог тудырушы өнер ретінде тану керек. Бұл өте маңызды. Жалпы театр өнері тек көрерменді ғана емес, сол өнер адамының өзін, тіпті əлемді өзгертеді. Мүмкін өнердің мақсаты да осы шығар: адамды өзгерту жəне əлемді тану... 

Мұхтар Əуезов өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» деген мақаласында «...театр өнерінің ұрығы елдің әдет-салтынан, ойын-сауығынан, өлең-жырынан басталған. Театр өнерін туғызатын жайлы топырақ, қолайлы шарт елдің өз денесінен шыққан» - дейді. Адам өзін-өзі сақтап қалуы үшін, рухани құндылықтарына кір жақпас үшін, үнемі театрдан сабақ алып отыруға тиісті. Ал Шәкен Айманов «Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы» - деп зор баға берген.

Немістің танымал режиссері Михаиль Тнельхаймер "The New Times" газетіне берген  «Егер қоғамда жара болса...» деген сұхбатында: «Егер қоғамның жаны жаралы болса, театр оны «бəрі жақсы болады» деген желеумен емдеуге тиісті емес, керісінше, сол жараны нұқып көрсетуі керек, қаттырақ айтсам, сол жарасына саусағын батыру керек. Ауырту керек. Сол кезде ғана театр көрермен алдындағы өз борышын өтейтіні анық» - дейді. 

Көптеген адам театрдан гөрі кинематографияны ұнатады. Кино мен театрдың айырмашылығы: театрлық қойылымды сіз өзіңіз көресіз, ал киноны сізге көрсететінін ұмытпау керек. Тіпті кейде театрдың болашағына алаңдайсың да.  Алайда, əлденеше ғасырды жүріп өткен театр өнері уақыттан, жаһанданудан қорықпайды. Сөз жоқ, театрдың өз аудиториясы бар. Дей тұрғанмен, театрды өз ауқымымен жауып келе жатқан субмəдениет формалары үлкен үрей туғызары анық.

Біріншіден, театрлар заманға байланысты заманауи түрге көшіп келеді. Соның салдарынан кейбір құндылықтар, яғни театр құндылықтары, театр мəдениеті сəл кері кетіп бара жатқандай. Сондай-ақ, сөздің таяздығы, ойдың тарлығы нағыз көрерменді де, жаңадан келген көрерменді театрдан көңіл үзуге итермелейді.

Екіншіден, театрға бару үшін адам дайын болуға тиіс. Алайда, қазіргі тірлік тұқыртып, қыспаққа алып тұрғанда, адамдарға театр көруге уақыты бола бермейді, немесе жағдайы келіспейді. Яғни, сананы тұрмыс билеген уақытта рухани құндылықтар туралы ойлану өте қиын. 

Үшіншіден, киноматография мен бұқаралық ақпарат құралдарының да әсері зор. Адамдар театрға барғаннан көрі, жоғарыда аталған құралдарды тұтынуға көбірек қабілетті. Өйткені, адамдар оңай нəрсені жақсы қабылдайды. Кино мен бұқаралық құралдар адамды үйден шықпай-ақ көңілін көтеруге жағдай жасап отыр.

Алайда, бұл айтылғандар театрдың болашағы жоқ дегенге ешқандай да дəлел емес. Театр өлмейді де, оны ешкім өлтірмейді. Мұхтар Әуезовтің сөзімен ойымызды қорытындылайтын болсақ, «Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі».



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу