Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Мектеп

Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы НЗМ

Мұғалімнің аты – жөні

Уақыты

Сынып: 11 Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Қатысқаноқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

 Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. 

Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану 

Белгілі бір оқыту мақсаты

11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу 

Бағалау критерийі

Оқушылардың барлығы:;мәтіндегі даралаушы, ерекшелеуші сөздерді ажырата алады;

Оқушылардың көбісі:мәтіндегі тыныс белгілердің қойылу себебін анықтай алады;

Оқушылардың кейбірі: ережеге сай тыныс белгілерді қойып, мәтінге түзету енгізе алады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Сөйлеу әрекетінің түрлері:

тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

Құндылықтарды

игерту

«Мәңгілік ел» құндылығы:

Тілжәнемәдениет

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Пәнаралық

байланыс

Тарих

АКТ –ны

қолдану

дағдылары

Таныстырылым

Тілдік

міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша,... Мен оған мынадай дәлелдер кетіре аламын,...

Алдыңғы білім

Қазақ киносы

Жоспар

Сабақкезеңдері

Жоспарланғаніс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту кезеңі

Оқушылар суреттер бойынша топқа жиналады. Суретке қатысты ойларымен бөліседі. Өз білгендерін ортаға салады. Кино тарихы жөнінде әңгімелейді. "Айка" киносының жетістіктері жөнінде сөз қозғайды.

Сабақтың ортасы

8 минут

28 минут

Оқылымалды тапсырма

1. Соңғы жылдары қазақ кинематографиясындағы әр жанр мен түрлі бағыттарда жұмыс істеп, белсенділік танытып келе жатқан жас режиссерлердің шығармашылығымен  қаншалықты таныссыз?

2. Қандай танымалдыққа ие болған кинолар жөнінде айта аласыздар?

Оқылым тапсырмасы

Кино әлеміндегі жаң жұлдыз

Бізде жыл сайын мол ақшамен түсіріліп жатқан кино-фильмдер көп. Жұрт разылығын білдіріп, мақтауын асырып жатқандары да баршылық. Бірақ солардың көбі көрермендер тарапынан жақсы баға ала алмай, сынға да ұшырауда. Біздің режиссерлар нені түсіруді білмей ме? Әлде көрермендеріміз аса талғампаз болып кеткен бе, бұған әзірше бірдеңе дей алмаймыз. Өткен жылдан бері Шымкенттің тумасы Сергей Дворцевой режиссерлік еткен, қазақ қызы басты рөлде ойнаған «Айка» фильмі жұрт назарына ілініп, актриса Самал Еслямова Канн Халықаралық кинофестивалінде марапатталды. Осыдан кейін көрермендер «Айка» фильмін көруге асықты. Жуықта, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен «Айка» фильмін режиссер және басты рөл алған актирсамен бірге отырып тамашаладық. Біз фильмді көріп болған соң, әсерлі көңіл ауанында тұрып, Самал Еслямовадан блиц-сұхбат алдық.

– «Айка» фильмі сәтті түсірілген туынды екен. Бірақ маған фильм аяқталмай қалғандай сезілді. Құшағында баласы, мойнында қарызы, ойында арманы бар эмигрант әйел Мәскеуде жападан-жалғыз қалды. Режиссер фильмнің соңын не үшін осылай қалдырды деп ойлайсыз?– Әр фильмнің өз финалы болады. Басты кейіпкер соңында баласын құшағына алып, бауырына басты. Бұл сюжетті ол бауыр еті баласын ендігәрі ешкімге бермейді деген оймен қортындылауға болады. Қандай қиындық болса да енді ол баласымен бірге көргісі келді.– Осы фильм Франциядағы кинотеатрларда қойылып жатыр деп естідік. Ол жақтағы көрермендер «Айканы» қалай қабылдауда?– Жақсы қабылдап жатқан сыңайлы. Фильмді көргендердің біразы бізге хабарласып, ризашылықтарын білдіруде. Себебі, бұл фильм ана мен баланың арасындағы өмір туралы болған соң, ондағы басты оқиғалар әрбір елде қордаланған қоғамдық мәселе. Фильм 6 жыл түсірілді. Себебі, режиссер мен фильм тобы осы туынды сәтті шығып, елге ұнаса деген ізгі ниетпен жұмыс істеді. Шүкір, жұрттың пікірі жаман емес. Еңбегіміз өтелді деуге болады.– Фильмге түсу үшін режиссердің талабынан қалай шықтыңыз?– Ол кісі менің жұмысқа тиянақты екенімді бұрыннан білетін. Сол үшін сенген болу керек.

– «Айка» фильмі Оскар сыйлығына ұсынылған, бірақ сыйлыққа ілінбей қалды. Бұның себебі неде?– Оскарға үлкен дайындықпен бару керек екен. Былайша айқанда, фильмнің жарнамасын жасау, кино мамандарына туындыны бастан-аяқ көрсету, ірі көлемдегі жарнамалық жұмыс істеу сияқты өткелдерден өтуіміз қажет екен. Ондай дайындық бізде кемдеу болды.– «Айка» арқылы елге танылсам деген ойыңыз болды ма?– Жоқ, ондай ойым болған емес. Мен тек фильм сәтті түсірілсе, өзіме жүктелген міндетті жақсы нәтижемен, абыроймен орындап шықсам дегенді ғана ойладым.– «Айка» фильмінде әйел адамның жанталасқан өмірі, басына түскен қиындықты жеңіп кетсем деген талпынысы баяндалады. Самал, түсірілім барысында қандай қиындықтар болды?– Қимыл, іс-әрекеттер өте қиынға түсті. Фильм басталарда жас босанған әйелдің күнделікті өмірі, істеуге тиісті істері, көшеде қыстың суығында жанталаса қашуы сияқты әрекеттерді өз қалыбында, былайша айтқанда, табиғи түрде келтіру қиын болды. Өзім ана болмаған соң, перзентханаға барып, ондағы жас аналардан бала туғаннан кейінгі жағдайды сұрадым, үйрендім. Басты кейіпкер қырғыз қызы болғандықтан қырғыз тілін үйрендім.– Алда қандай жоспарыңыз бар? Сол туралы айтсаңыз?– Осы жылдың көктемінде ұстазым тағы бір көркем фильмге түсуге ұсыныс жасады. Ал жазда Қытай мен Моңғолия бірлесіп түсіретін киноға шақырып жатыр. Алла қаласа, жаз бойы сонда болатын шығармын.

Біздің сөз: Егер «Айка» фильмі шынайылығымен өнер биігінде мәңгі қалатын болса, актриса Самал Еслямованың есімі де сол биікте қалмақ. Актрисалық қыры мен бітімі бөлек, ең маңыздысы өз өнеріне тазалықпен, шынайы махаббатпен қарайтын Самал Еслямованы кино саласының жаңа жұлдызы деп атайтын уақыт жетті.

Сұхбаттасқан  Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

Мәтінмен жұмыс

1-қадам.Мәтіннен қыстырма, қаратпа сөздерді тауып, тыныс белгісіне талдау жасайды.

2-қадам.

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігіне сай келетін мысалдардың астын сызады.

3-қадам.

Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолданып, мәтінге түзету енгізіңіз.

Оқушылар бағалау дескрипторы бойынша «Екі жұлдыз,1 тілек» әдісімен бағалайды.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

1. Мәтіннен қыстырма, қаратпа сөздерді тауып, тыныс белгісіне талдау жасайды.

2. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігіне сай келетін мысалдардың табады

3. Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолданады, мәтінге түзету енгізеді.

https://qazaqadebieti.kz/19498/kino-lemindegi-zha-a-zh-ldyz

Сабақтыңсоңы

2 минут

Керібайланыс

Үй тапсырмасы:

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндеттерқоюдыжоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардыңбілімінқалайтексересіз?

Пәнаралықбайланыс

Қауіпсіздікережелері

АКТ-нықолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбиеэлементі)

Коммуникативтідағдыларындамытумақсатындақұрылғантоптар/жұптарқабілетітөменоқушылардықабілетіжоғарыоқушылардыңқолдаукөрсетуінмеңзейді. Мұғалімталқылауүрдісікезіндебарлықоқушылардыңбірегейқатысуынқадағалаутиіс.

Дәйектідәлелдергеғананегізделгенқорытындығажетудіңмағынасыныңмәні, сыныптағықабілетітөменоқушыдәлелдергенегізделеотырыпкемдегендеөзінойынбілдіреалады, алқабілетіжоғарыоқушытәуелсіз, негізгіжауапбереді.

Топтарарасындажұмысжасау, талқылаудытыңдаунемесеталқылауғакөмекберу, қажетінеқарайтоптарнемесежекеоқушыларғақолдаукөрсету, марапаттау

Талқылаудыбақылаудаоқушылардыңжалпыреформаныңмаңызынтүсінудіңдеңгейінбағалау

Пәнаралықбайланыс:география

Белсендіоқытуәдістерінқолдану,

Оқушылардыңжасерекшелігінсақтау,еліміздіңпатриотыболабілетін,салауаттыөмірсалтыменжүретінжәнесаналыдабілімдіоқушыныдайындау

Рефлексия

Сабақмақсаты/оқумақсатықаншалықтыжүзегеасты? Бүгіноқушыларненіүйренді? Оқытуортасықандайболды? Дифференциациялапоқытуөзмәніндежүзегеастыма? Өзуақытымдыұтымдыпайдаланаалдымба? Жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

Төмендеберілгенбосорындыөзсабағыңызғарефлексияжүргізуүшінпайдаланыңыз. Сабағыңызғақатыстысолжақбағандакелтірілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы»

Бөлім

Еңбек нарығы және сұранысБалғабек Қыдырбекұлы«Теміржолшы»

Тақырып

Оқу мақсаттары

10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу;

Ойлау дағдысының

деңгейі

Жинақтау, бағалау

Бағалау критерийі

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу

Жеке жұмыс

КИНО ӘЛЕМІНДЕГІ ЖАҢА ЖҰЛДЫЗ

Бізде жыл сайын мол ақшамен түсіріліп жатқан кино-фильмдер көп. Жұрт разылығын білдіріп, мақтауын асырып жатқандары да баршылық. Бірақ солардың көбі көрермендер тарапынан жақсы баға ала алмай, сынға да ұшырауда. Біздің режиссерлар нені түсіруді білмей ме? Әлде көрермендеріміз аса талғампаз болып кеткен бе, бұған әзірше бірдеңе дей алмаймыз. Өткен жылдан бері Шымкенттің тумасы Сергей Дворцевой режиссерлік еткен, қазақ қызы басты рөлде ойнаған «Айка» фильмі жұрт назарына ілініп, актриса Самал Еслямова Канн Халықаралық кинофестивалінде марапатталды. Осыдан кейін көрермендер «Айка» фильмін көруге асықты. Жуықта, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен «Айка» фильмін режиссер және басты рөл алған актирсамен бірге отырып тамашаладық. Біз фильмді көріп болған соң, әсерлі көңіл ауанында тұрып, Самал Еслямовадан блиц-сұхбат алдық.

– «Айка» фильмі сәтті түсірілген туынды екен. Бірақ маған фильм аяқталмай қалғандай сезілді. Құшағында баласы, мойнында қарызы, ойында арманы бар эмигрант әйел Мәскеуде жападан-жалғыз қалды. Режиссер фильмнің соңын не үшін осылай қалдырды деп ойлайсыз?– Әр фильмнің өз финалы болады. Басты кейіпкер соңында баласын құшағына алып, бауырына басты. Бұл сюжетті ол бауыр еті баласын ендігәрі ешкімге бермейді деген оймен қортындылауға болады. Қандай қиындық болса да енді ол баласымен бірге көргісі келді.– Осы фильм Франциядағы кинотеатрларда қойылып жатыр деп естідік. Ол жақтағы көрермендер «Айканы» қалай қабылдауда?– Жақсы қабылдап жатқан сыңайлы. Фильмді көргендердің біразы бізге хабарласып, ризашылықтарын білдіруде. Себебі, бұл фильм ана мен баланың арасындағы өмір туралы болған соң, ондағы басты оқиғалар әрбір елде қордаланған қоғамдық мәселе. Фильм 6 жыл түсірілді. Себебі, режиссер мен фильм тобы осы туынды сәтті шығып, елге ұнаса деген ізгі ниетпен жұмыс істеді. Шүкір, жұрттың пікірі жаман емес. Еңбегіміз өтелді деуге болады.– Фильмге түсу үшін режиссердің талабынан қалай шықтыңыз?– Ол кісі менің жұмысқа тиянақты екенімді бұрыннан білетін. Сол үшін сенген болу керек.

– «Айка» фильмі Оскар сыйлығына ұсынылған, бірақ сыйлыққа ілінбей қалды. Бұның себебі неде?– Оскарға үлкен дайындықпен бару керек екен. Былайша айқанда, фильмнің жарнамасын жасау, кино мамандарына туындыны бастан-аяқ көрсету, ірі көлемдегі жарнамалық жұмыс істеу сияқты өткелдерден өтуіміз қажет екен. Ондай дайындық бізде кемдеу болды.– «Айка» арқылы елге танылсам деген ойыңыз болды ма?– Ондай ойым болған емес. Мен тек фильм сәтті түсірілсе, өзіме жүктелген міндетті жақсы нәтижемен, абыроймен орындап шықсам дегенді ғана ойладым.– «Айка» фильмінде әйел адамның жанталасқан өмірі, басына түскен қиындықты жеңіп кетсем деген талпынысы баяндалады. Түсірілім барысында қандай қиындықтар болды?– Қимыл, іс-әрекеттер өте қиынға түсті. Фильм басталарда жас босанған әйелдің күнделікті өмірі, істеуге тиісті істері, көшеде қыстың суығында жанталаса қашуы сияқты әрекеттерді өз қалыбында, былайша айтқанда, табиғи түрде келтіру қиын болды. Өзім ана болмаған соң, перзентханаға барып, ондағы жас аналардан бала туғаннан кейінгі жағдайды сұрадым, үйрендім. Басты кейіпкер қырғыз қызы болғандықтан қырғыз тілін үйрендім.– Алда қандай жоспарыңыз бар? Сол туралы айтсаңыз?– Осы жылдың көктемінде ұстазым тағы бір көркем фильмге түсуге ұсыныс жасады. Ал, жазда Қытай мен Моңғолия бірлесіп түсіретін киноға шақырып жатыр. Алла қаласа, жаз бойы сонда болатын шығармын.

Біздің сөз: Егер «Айка» фильмі шынайылығымен өнер биігінде мәңгі қалатын болса, актриса Самал Еслямованың есімі де сол биікте қалмақ. Актрисалық қыры мен бітімі бөлек, ең маңыздысы өз өнеріне тазалықпен, шынайы махаббатпен қарайтын Самал Еслямованы кино саласының жаңа жұлдызы деп атайтын уақыт жетті.

Сұхбаттасқан  Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу.

  • Мақала құрылымын сақтап жазады;
  • Берілген тірек сөздерді орынды қолданады;
  • Көркемдегіш құралдарды(1 тұрақты тіркес, 1 мақал-мәтелді) орынды қолданады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу