Табиғат және мен. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ. 1 нұсқа.
Пән: | Қазақ тілі | |||||||
Сабақ: | 6 | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каменова А. | |||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||
Бөлім тақырыбы | Табиғат және экология. Шешендік сөздер | |||||||
Сабақтың түрі | Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Табиғат және мен | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.Ж.6. әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (әңгіме, шығарма) ұсына білу | |||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
| |||||||
Бағалау критерийлері | әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (әңгіме, шығарма) ұсынады | |||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: көркемдегіш құралдар Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: түтінге боялған дала,безерген аспан, жер-ана даусы, тұман тұмшалаған аспан, қамыққан дала, ұшқан құс, алтын нұр. | |||||||
Мектеп құндылықтары | Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды. | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасауға құрылған тапсырмаларды орындады. | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||
Сабақтың басы 2 минут | Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру Оқу мақсатымен таныстыру. | |||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 25 минут 6 минут | Жазылым алды тапсырма ЖЖ.
Кең дала, асқар тау, түтінге боялған дала, безерген аспан, көк майса, жасыл желек, шөлдеген жер, мөлдір бұлақ, жер жәннаты, жер-ана даусы, тұман тұмшалаған аспан, жүгірген аң, қамыққан дала, ұшқан құс, алтын нұр. Жазылым тапсырмасы ЖЖ. Берілген екі қатардағы сөздердің бірін таңдап, сөздерді ұтымды қолданып, «Табиғат және мен» деген тақырыпта әңгіме немесе шығарма жазыңыздар. Кең дала, асқар тау, көк майса, жасыл желек, мөлдір бұлақ, жер жәннаты, жүгірген аң, ұшқан құс, алтын нұр Шөлдеген жер, безерген аспан, түтін, тұман тұмшалаған аспан қамыққан дала, түтінге боялған дала, жер-ана даусы. Жазылымнан кейінгі тапсырмасы
ЖЖ. Жұптар бір-біріңіздің жұмыстарыңызды алмастырып оқыңыздар. Оқыған жұмыстарыңыздағы қай сөйлем қай сөз тіркесі немесе қандай сөз оралымдары ұнады, астын сызыңыздар және неге ұнағанын дәлелдеңіздер. | |||||||
Сабақтың соңы Рефлексия 2 минут | Маған жазба жұмысын жазу оңай болды, себебі... Маған жазба жұмысын жазу қиын болды, себебі... |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?