Табиғат және экология. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ. 2 нұсқа.


САБАҚ: 2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Табиғат және экология.

Шешендік сөздер

Сабақтың түрі

Талдау сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;

Көптеген оқушылар:

Мәселеге қатысты талқылау сұрақтарын құрастырады;

Кейбір оқушылар:

Көтерілген мәселені сыни тұрғыда бағалайды;

Бағалау критерийі

Көтерілген мәселеге автор мен оқырман қатынасын ескеріп, талқылау сұрақтарын құрастырады, сыни тұрғыда бағалайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: экология, қайта өңдеу, тұрмыстық қалдықтар, көмірқышқыл газы, ғаламдық жылыну, өндірістік қалдық, химикаттар, ядролық қалдық, радиация

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: жердің ластануы, ыдырау, шіру, жер асты сулары, улы заттар, ауыл шаруашылығы

Пәнаралық байланыс

химия, география

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы білім алу: таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

Оқушылардың алдыңғы сабақтағы білік дағдылары ескеріледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 минут

4 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен, бағалау критерийімен таныстыру;

Мәтіналды тапсырма:

1)«Табиғат және экология» сөздерін естігенде ойыңызға келген етістіктерді жазыңыз. Етістіктерді сөз тіркесіне айналдырыңыз. (Мұғалім жұптық жұмысқа айналдырып, біріне етістік айтқызып, екінші оқушыға сөз тіркесін жасатуына болады)

етістік

етістікті тіркес

қорғау

табиғатты қорғау

Кері байланыс:

Құраған сөз тіркестерііз сізді қандай тұжырымға әкеледі?

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың ортасы

3 минут

7 минут

2 минут

7-8 минут

10 минут

2 минут

Дескриптор:

мәтін мазмұнын толық түсінеді;

көтерілген мәселені анықтайды;

сұрақтар бойынша талқылау жүргізеді;

Тыңдалым мәтіні

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-land

Ж. Мәтінді тыңдау кезінде:

1)Мәтінді мұқият тыңдаңыз, көтерілген мәселені анықтаңыз.

Мәтінді тыңдағаннан кейін:

2) ЖЖ. Жұбыңызбен берілген сұрақты өзара талқылаңыз:

-Не себепті жыл сайын біздің шығаратын тұрмыстық қалдықтарымыздың көлемі артуда?

-Жердің ластануына өндірістік қалдықтардың ықпалы зор ма, тұрмыстық қалдықтардың ластау ықтималдылығы жоғары ма?

Кері байланыс:

Қалай ойлайсыз, қай сұрақта оқырманның көтерілген мәселеге қатысы анық көрінеді?

Берілген сұрақтың қайсысын талқылау сұрағы деп санайсыз? Неге?

Дескриптор:

талқылау сұрағын құрастырады;

мәселеге автордың\оқырманның қарым-қатынасын анықтайды;

мәселеге сыни тұғыдан баға береді

Ж. Оқушы жеке тапсырма орындайды.

Кестені толтырыңыз.

Мәтінде көтерілген мәселе

Мәселеге автордың\оқырманның қарым-қатынасы

Талқылау сұрағы

Таныстырылым: (кесте бойынша)

Бетпе-бет. Сынып оқушылары бір-біріне қарама-қарсы отырады. Өз жұмыстарын таныстырып, талдау жасайды. Өзара талқылау жүргеннен кейін мұғалімнің белгі беруімен оң жақта отырғандар бір орынға жылжиды, яғни, келесі оқушымен жұптасып, жұмыс жасайды.

1)мәтін бойынша анықтаған мәселеңізді таныстырыңыз.

2) оқырман ретінде мәселеге баға беріңіз.

3)талқылау сұрағыңызды таныстырып, жұбыңызбен оны талқылаңыз.

4) егер сұрағыңыз талқылау сұрағы болмаса, өзгертуге талпыныңыз.

Кері байланыс:

Өзіңіз тыңдаған 2\3 оқушының ішінде қайсысы мәселеге қатысты сыни баға берді деп санайсыз?

Сіздің сұрағыңыз талқылау сұрағы болды ма?

Қай оқушының сұрағын барлық дескрипторға лайық деп санайсыз? Неге?

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-land

Арнайы кесте

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия:

Талқылау сұрағы 1) ...

2) ...

Өйткені ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу