Табиғат және экология. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ. 2 нұсқа.


ТАРАТПА МӘТІНДЕР

1-мәтін:

Табиғи ресурстарға ұқыпты қараудың негізгі қағидалары экономиканы тұрақты дамыту туралы тұжырымдама бойынша белгіленген.

Біріккен ұлттар ұйымы осындай халықаралық құжатты Рио де Жанейро қаласында 1992 жылы екінші дүние жүзілік конференцияда қабылдады. Ондай биологиялық әр түрлілікті сақтап қалу үшін адамдар өмір сүрудің барлық саласында қалдықсыз технологияны және пайдаланылған ресурстарды қайта өңдеп қолдануда тиіс деп атап көрсетілген.

Швеция 2020 жылдан бастап мұнайды, көмірді және газды қолданудан бас тартып жаңартылатын энергия көздерін пайдаланбақ.

Бразилия қазірдің өзінде көліктерді қант құрағынан алынатын био отынға ауыстыра бастады.

Ал Ресей дәстүрлі шамдарды қолданбау туралы заң қабылдады.

Жасыл технологиялар оңтүстік Кореяның ұлттық стратегиясына айналды.

Қазақстанда жасыл экономикаға көшу бағыты алды. 2017 жылы Астана қаласында халықаралық ЭКСПО көрмесі өтеді. Оның тақырыбы болашақтың энергиясы. Дәл осы жерде сол жылы Қазақстандық және әлемдік өнертапқыштар энергияны үнемдеу, сондай-ақ баламалы энергия көздерін пайдаланудың инновациялық тәсілдерін ұсынатын болады.

2-мәтін:

 АЭС көмірқышқыл газын шығармайды, жылу электрстанцияларына (ЖЭС) қарағанда атмосфераға лақтыратын басқа зиянды заттар мөлшері де аз. Салыстырмалы түрде қарасақ, АЭС-тың жұмысы кезінде түзілетін радиобелсенді заттардың көлемі де үлкен емес. Ұзақ уақыт бойы мамандар АЭС-ты электрстанциялардың экологиялық таза түрі және жаһандық жылынуға әсер ететін ЖЭС алмастыра алатын балама деп есептеді. Алайда АЭС қауіпсіз жұмыс істеу мәселесі әлі шешілген жоқ. Сондықтан, жақын арадағы АЭС даму болашағы қазіргі кезде ашық сұрақ күйінде тұр. АЭС-терді қолданудың негізгі мәселелері арасында төмендегілерді атап өтуге болады:

 1. Реакторлардың қауіпсіздігі. Реакторлардың қазіргі түрлері Чернобыль апаты сияқты адамзатқа жаһандық апат қауіпін төндіріп тұр. Мұндай апат конструкторлардың кінәсінен, операторлардың қателегінен, лаңкестік салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздікке қатысты мәселелердің барлығын алдын-ала шешу мүмкін емес, олар тек жаңа реакторларды пайдалану кезінде ғана анықталады.

 2. Көміртек диоксидінің шығарылуын төмендету. Жылу электрстанцияларын атомдықпен алмастыру планетамыздағы ауа райының жаһандық жылынуына әсер ететін негізгі булы газдардың бірі - көміртек диоксидінің шығарылуын төмендету мәселесін шешуге көмектеседі.

 3. АЭС-тердегі реакторларды пайдаланудан шығару. Қазіргі кезде әлемде жұмыс істеп тұрған АЭС-тердің жартысы реакторларының ауыстырылуын қажет етеді, ендігі мәселе - олардың радиобелсенді қалдықтарын утилизациялару мәселесі. Мамандардың пікірінше, оларды ұзақ уақытқа және берік оқшаулау үшін кететін шығын АЭС-ті салу құнымен бірдей болады.

 5. АЭС-тің ядролық қаруды тарату қауіптілігі. Істен шыққан ядролық отынның өзінде қауіпті радиациялық элементтер қалады, ал ең қарапайым атом бомбасын сол қалдықтардан жасай беруге болады. Мұндай заттар террористер мен экстремистер қолына түссе, қаншалықты залал келтірілетінін болжау мүмкін емес.

3-мәтін:

Өлі қалалар

1. Қаланың ластануы мыңдаған өнеркәсіп орындарының биосфераға қоқыстарын тастау әсерінен орын алып жатады. Мұның әсерінен қала өмір сүруге жарамай, нағыз қоқысханаға, өліммен күресетін ордаға айнала шығады. Ауыр металдар, сынап, жүз мың тонналаған қоқыс, он мыңдаған ауру адамдар...Сумгаит, Әзірбайжан

2. Бұл қала бір кездері, яғни, Кеңес Одағының заманында химиялық өнеркәсіптің орталығы болған. Ал бүгінгі күні отыз мыңнан астам адам сол кездегі қателіктің зардабын тартып отыр. Өйткені, жер қыртыстары, ауа, су – бәрі де ауыр металдармен ластанған. Ал мұнайдың әсерінен мынадай көріністі иемденген қала жан шошытарлықтай күйде жатыр. Жыл өткен сайын қаланы тазарту шаралары күшейгенімен, қоршаған ортаның ластануы толастайтын емес. Линьфэнь, Қытай

3. Бронхит, қатерлі ісік аурулары және пневмония – бұл сырқаттардың барлығы да Линьфэнь қаласын билеп алған. Бәріне кінәлі – атмосфераға қос қышқылды күкірт қалдықтары сынды аса қауіпті қалдықтарды үздіксіз шығарып жатқан көмір өндіруші орындар. Зардапты тек қана ауа емес, су да, жер қыртыстары да көріп отыр. Қала тұрғындары осының әсерінен тұманды көріністен көз аша алмауда. Ла Оройа, Перу

(Massaget.kz)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу