Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ. 1 нұсқа.


Тарихи ескерткіштерді сақтау

16.05.2017

 Елімізде республикалық маңызы бар 218 тарихи-мәдени ескерткіш ерекше қорғауға алынған. Ал Таңбалы шатқалы мен Әзірет-Сұлтан сәулет кешені бұрынан-ақ Халықаралық тарихи-мәдени жәдігерлерді сақтау ұйымының тізімінде тұр. Ал соңғы жылдары қазақ даласында көптеген тарихи мекен анықталған. Солардың бірі – Жетісудың оңтүстік батысында Суықтөбе тауының етегінде орналасқан Қастек қалашығы. Ол 8-13 ғасырда Қарлұқ пен Қарахан қағандығынан қалған. Қалашықты зерттеу осыдан 5 жыл бұрын басталған. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде тұрмыстық заттар, музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқ, қару-жарақ бөлшектері, жыланбас құмыра жане басқа да жүздеген жәдігер табылған.

 АРНАБАЙ НҰРЖАНОВ, Ә.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

  - Тарихи маңызы өте керемет. Сондықтан келешекте бұл қаланы біз сақтап қалуымыз керек. Ал аспан астындағы Боралдай Сақ қорғандарын түбегейлі зерттеу енді ғана қолға алынды. Мұнда Сақ дәуіріне жататын 47 және Үйсін тайпасы кезеңін айқындайтын 200 ден аса қорған, қорымдар бар. Қазір Боралдай мемлекет бақылауында.

 СЕРЖАН САРОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МУЗЕЙЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Болашаққа бұл аймаққа аспан астындағы археологиялық парк жоспарлануда. Үш аймақ бойынша дамыту көзделіп отыр. Бірінші аймақ -1-2 қорғанға қазба жұмыстары жүргізіледі де оған музификацияланып, халық назарына ұсынылатын болады. Биыл көктемде парк аумағына жас көшеттер отырғызылды. Болашақта бұл жерді туризм нысанына айналдыру көзделіп отыр. Ал Ақтауда қазақ халқының жазба мәдениетін дәріптейтін мұражай ашылады. Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сайын Назарбекұлы Каспийді шаһармен қосатын мүйістегі ең үлкен үңгірді ғимарат ретінде қолдануды ұсынып отыр. Ақынның алыбы – Абай мен Домалақ ана кесенелерін қайта жаңғыртқан танымал архитектордың тың жобасы қала әкімдігі тарапынан қолдау тауып отыр. Ұзындығы 70, биіктігі екі метрлік үңгір ортасына тастан киіз үй пішіндес ғимарат салынып, ішіне қазақтың көне жазулары қашалып жазылады. Мемлекеттік және ағылшын тілінде жазылатын деректерден ерте заманғы Шумер жазбаларынан бастап, Күлтегін, Орхон-Енисей, Тоныкөк жазуларының, Іле бойы, Қаратау мен Маңғыстау жеріндегі шар тәріздес тастарда бейнеленген таңбалар тарихымен танысуға болады.

 САЙЫН НАЗАРБЕК, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Мәдениет бірінші сөйлеуден басталады, екінші жазудан. Сонда біздің сөзіміз 5500 жыл бұрын өмір сүрген шумерлердің тілінде жүрсе, біздің жазуымыз сол заманнан бері қарай жалғасып келе жатса қазақ халқынан ұлы халық бар ма? Жоқ! Ең ұлы халықтардың біреуіміз. Соны жастардың жүрегіне сіңіру керек. Елбасы айтып отыр ғой «Мәңгілік ел» боламыз деп. Мәңгілік елдің белгілері осы.

https://kazakh-tv.kz/kz/view/culture/page_184919_



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу