Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ. 2 нұсқа.


САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Семей қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау.

Шешендік сөздер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

Сабақтың мақсаттары

Ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды;

Бағалау критерийлері

Ұлттық тарихи жәдігерлер туралы білімдерін кеңейтеді;

Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін анықтау дағдыларын дамытады;

Берілген мәтінді ғылыми стильдік ерекшелігін сақатап, тезис, аннотация ретінде рәсімдей алады;

Тілдік мақсаттар

бұйымдардың жиынтығы, тұрмыстық заттардың түрлері, адамзат тарихының даму барысы, қоладан жасалған бұйымдар дара және қос әлметті кескіндер, жер қойнауы, қола дәуіріндегі тұрақтар мен кен ескерткіштер, сеймин-турбин типіндегі қару-жарақ бұйымдары.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Жәдігер дегеніміз не?

Ұлттық тарихи жәдігерлер трихымыздың куәсі бола ала ма? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады).

Топқа бөлу. Оқушылар сурет қиындылары арқылы топқа бөлінеді. Суреттер (неше топқа бөлуді жоспарлауыңызға қарай) қиып,араластырып оқушыларға таратылады.Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып,сол сурет бойынша бірігіп,топқа бөлінеді.

Т Оқылымалды тапсырма:

Берілген сөздерді тақырыптарға сәйкес топтастырыңыздар. Жанры:

Құрылымы:

Тілдік құралдары:

Мақсатты аудитория:

Қажетті сөздер: репортаж, тезис, аннотация, кіріспе, негізгі, қорытынды, осы шақ, өткен шақ, жай сөйлемдер, экспедиция, мұражай қызметкерлері, экспонаттар.

https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&text=тарихи%20жәдігерлер

Сабақтың ортасы

Ж. Оқылым тапсырмасы:

ЖӘДІГЕРЛЕР СЫР ШЕРТЕДІ

Қару-жарақ тарихы ерте замандардан бастау алады. Адамзат пайда болғаннан бастап ол тұтынған бұйымдардың жиынтығы функционалдық тұрғыдан қару-жарақ тобына жатады. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткені адам баласы жануарлар дүниесінде жүргендіктен өз қорегін табу үшін және өз басының қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін қаруды ойлап табуға мәжбүр болды.

Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырда өмір сүрген Рим ақыны Тит Лукреций Кар: «Адам баласының басты қаруы өткір тырнағы мен пышақ тістері емес, айналасындағы орманда кездесетін бұтақтар, таяқтарды олар қару ретінде пайдаланды» - деп жазған екен.

Дегенмен, адамзат өмірі жылжып, жылдар тізбегі біртіндеп өтіп жатты. Кеңістік құшағына сіңіп көзден ғайып болған жылдар жүзінде адам баласы еңбек дағдысын жетілдіре отырып, тасты қырнап-қашап, үшкірлей алатын болды, оның қолынан шыққан қару-жарақ түрлері де сан алуан өзгеріске ұшырады. Тұрмыстық заттардың түрлері де көбейді. Бұны өңіріміздегі ежелгі адамдардың тұрақтарынан табылған тамаша қырланған кремнийлі тас балталар, жебе ұштары, пышақтар айғақтайды.

Адамзат тарихының даму барысында табиғаттан еш қиындықсыз ала салуға болатын тас-таяқтар емес, өндіріп алу үшін тер мен күшті қажетсінетін металл өндіру- тарихта үлкен төңкеріс жасады. Ол металлдың атауы – мыс!

ІІІ ғ.соңы ІІ ғасырдың бас кезеңінен бастап Еуразияның түкпір-түкпірінде қоладан жасалған бұйымдар дара және қос әлметті кескіндер, құю қалыптарының көмегімен жасалынды.

Шығыс Қазақстан жер қойнауы полиметалл кені қалайы мен мысқа өте бай өлке. Сондықтан бұл территория металлургияның үлкен ошағы болып табылады. Шығыс Қазақстан өңірінде қола дәуіріндегі тайпалардан, көптеген тұрақтар мен кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атады және сонымен қатар б.з.д ІІ мыңжылдықта Молдавия жерімен Азия құрлығының шығыс алқаптарында сеймин-турбин типіндегі қару-жарақ бұйымдары көптеп тарады. Олар кельт -балталар, қанжарлар және төлке түрінде кескінделген жебелер. Шығыс Қазақстан Облыстық тарихи-өлкетану музейінде осы сеймин-турбин мәнерінде жасалған ең ерте кезге жататын семсер сақтаулы.

«Ер қаруы бес қару» - дегендей осы бес қарудың ішіне кіретін Шемонаиха маңынан табылған кездейсоқ олжа, қола дәуіріне жатады. Бұл семсерді стилистикалық тұрғыдан талдасақ, семсер- әжептәуір ауқымды, ұзындығы 32,5 cм, ені 6 см құрайды. Сабы бүкіл семсерді бойлата құйылған. Семсердің сабына кертпе сызықшалар түсірілген. Бұл семсерді жасау барысында ежелгі шебер салған өрнектердің сәндік мәнінен басқа да, қосарландыра қатар салынған өрнектері қару иесін қорғаушылық маңызын арттыру үшін түсірілген. Бұл сызықша ою-өрнектер тайпалардың бір-бірінен айырмашылықтарын байқату үшін де қолданылғаны байқалады. Сонымен қатар, қару-жарақтағы ою-өрнек жауынгердің әлеуметтік статусының айыру белгісі. Жауынгердің статусы жоғары болған сайын оның қаруының әшекейі де аса күрделі және көркем болды. Әртүрлі мақсатта қолданылатын салтанатты, ресми және ғұрыптық қарулар да өте ерекше көркемделетін.

Мұражайдың аса бағалы жәдігері болып саналатын семсер сабының басында қоладан құйылған ат мүсіні орнатылған. Бұл археологиялық олжаға көз салсақ аттың басы үлкен, аяқтары қысқа және ұзын құйрықты. Зоолог мамандардың пікірінше бұл жылқы тұқымының ғылымда Прежевальский жылқысы деп аталған жылқыдан тараған деп тұжырымдайды. Ерте замандарда Прежевальский жылқысы Монғол далаларында Алтай және Тянь-Шань түздерінде таралғаны белгілі. 1877 жылы Зайсан шекаралық аймақтарында Н.М.Прежевальскийге аңшылар басы үлкен «белгісіз» жануардың терісімен бас сүйегін табыстаған болатын. Содан бастап Шығыс Қазақстан өңірі - Прежевальский жылқысының тараған аймақтарының бірі болды. Міне, Шемонайхадан табылған семсердегі жылқы бейнесі осы Прежевальский жылқысының прототипі болуы мүмкін..... Бірақ мәселе мынада, бұл жылқылар табиғатына жабай жылқы болып саналады және олардың агрессиялық мінездерінен арқасында оларды қолға үйрету мүмкін емес екен. Біздің жәдігердегі жылқы - тізгінделген яғни қолға үйретілген. Осы жәдігердің мазмұнынан аттың адам қолына қола дәуірінде үйретілгені көрініп тұр. Белгілі зоолог В.В. Климованың пікіріне сүйенсек, монғол үй жылқыларының және жабайы жылқыларының Прежевальский жылқыларына ұқсастығын айтып кеткен. Сонау дәуірлік кезеңде, үйретінді және жабайы жылқылардың туыстас болғаны анық. Олар мекендеген ортаның ортақ табиғи жағдайлары олардың түр ұқсастығын жетілдіре түсті. Белгілі археолог С.С. Черников атап өткендей, Шығыс Қазақстан жерінде қола дәуірінде тіршілік еткен шағын тұрпатты жылқылардың қалдықтары көптеп табылған.

Осылайша қола дәуірінде тіршілік еткен адамдар қару-жарақтарды жануар мүсінімен әсемдеуді әдетке айналдыру тұрмысқа еніп үйреншікті дәстүр болып саналады. Өйткені жылқы қола дәуірінде адам тірішілігінде негізгі рөл атқарған.

Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыздар.

Бағалау критерийі:

  • Мәтіннің жанрын анықтайды;
  • Құрылымын анықтайды;
  • Мақсатты аудиториясын анықтайды;
  • Тілдік ерекшеліктерін анықтайды;
  • Ұқсастықтарын салыстырады;
  • Айырмашылықтарын салыстырады.

Жұптағы оқушылар тапсырмаларымен алмасып, бір-бірін бағалайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

Ж Оқушылар тезис және аннотация жазады.

Тапсырма. Жұптағы 1-оқушы аннотация, ал 2-оқушы тезис жазыңызар

Бағалау критерийлері:

Аннотация:

Кіріспе (автордың тегі, мақаланың аты, авторы, баспасы, көлемі)

Негізгі бөлім: мақаланың не туралы екеніне тоқталады;

Қорытынды: мақсатты аудиториясын көретеді.

Қажетті сөз оралымдарын қолданады.

Сөз саны (60-70) сақтап жазады.

Тезис:

Кіріспе. Мәселе көтеріледі.

Негізгі бөлім. Мәселені шешу жолдары талқыланады.

Қорытынды. Автор ұсыныс білдіреді.

Қажетті сөз оралымдарын қолданады.

Сөз санын (120 ) сақтап жазады.

Оқушылар «Карусель» әдісі арқылы бір-біріне жұмыстарын таныстырады, әрі сабақ басында берілген бағалау критерийіне сәйкес бірін-бірі бағалайды.

kraeved-vko.kz

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу