Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 2 нұсқа.
САБАҚ: Қазақ тілі | Мектеп: Семей қ. ФМБ НЗМ | ||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; 11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып). | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Ұлттық тарихи жәдігерлер туралы білімдерін кеңейтеді; Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін анықтау дағдыларын дамытады; Берілген мәтінді ғылыми стильдік ерекшелігін сақатап, тезис, аннотация ретінде рәсімдей алады; | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Зергерлік бұйымдар, әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі, қоғамдағы алатын орнынан, абырой-беделінен хабар беретіні, тіл-көзден, бәле-жаладан, отау құру, бойжеткендердің бойтұмары, шашбаудың сыңғыры. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||
Сабақтың басы | Т Оқылымалды тапсырма: Әшекей бұйымдар жайлы не белеміз? (Әшекейлер тарихы, шеберлер жайлы ақпараттарымен бөліседі. Басқа пәнне алған білімдерін қолдана алады).
Оқушылар суреттер бойынша 4-топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту. Оқушылар ұсынылған тақырыптар бойынша өз ойларын еркін білдіреді. 1-топ: «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық». 2-топ: «Өмірде екі байлық бар: білім, өнер». Өнер туралы сөз ететін болсақ, алдымен халқымыздың дәстүрлі қолөнері ойға оралады. Неге? 3-топ: «Ұлттық өнер – тәрбие негізі». 4-топ: «Зергер адам – зерделі адам». Әшекей бұйымдар жайлы қосымша ақпарат беру Қолөнер – халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы. «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» - деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Өнер адамның дүнитанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қайған мақсатының айқындалуына әсер етеді. «Жігітке жеті өнерде аз», «Аталық айтар ісің болсын» - деп, өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамығы, ішетін сусыны, рухани байлық деп бағалаған. Ұрпақтан -ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту, оны келешек ұрпаққа табыстау басты парыз. Қазақ қолөнерінде ою -өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарының ою өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі. Қазақта әшекейленбеген зат, бұйым жоқ деуге болады, себебі қазақ қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы әшекейлерді өңдеп, түрлендіріп, жетілдіріп қолданып отырған. Кәсіби деңгейдегі шеберлер қазақ даласының әр өңірінде болған. Шеберлердің талғампаздығы мен дарындылығы, тудырған дүниесінің жасампаздығы мен жаңалығы жасаған өнімдерінің сұранысынан көрінетін. Қазақ шеберлері технологиялық тәсілдерінің жеңілдігі мен құралдарының қарапайымдылығына қарамастан, зергерлік әшекей бұйымдарының үздік үлгілеріне жататын өнер туындыларын жасаған. Әшекей тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
| https://yandex.kz/ https://kk.wikipedia.org/wiki/ | |||||||||
Сабақтың ортасы | ЖЖ Оқылым тапсырмасы: Әшекейлер сыр айтадыЗергерлік бұйымдардың да айтар сыры бар. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Әшекейлер әйел адамның сол қоғамдағы алатын орнынан, абырой-беделінен хабар беретін болған. Мәселен, қазақы ырым бойынша қызыл көзді жүзіктер сырттан келген қауіпті өз бойына сіңіріп, тіл-көзден, бәле-жаладан сақтаған. Әшекейлердің бәрі таза күмістен әзірленген. Тіпті, байырғы қазақтар қолында күміс сақинасы жоқ әйелдер дайындаған астан дәм татпаған екен. Себебі, күміс жүзік тағам құрамындағы адам ағзасына қауіпті заттарды жойып отырады деп ұққан. Жас жұбайлар неке жүзігін де арнайы тапсырыспен жасатқан екен. Бұл жүзіктің төбесі жастардың бөлек отау құрып, шаңырақ көтергендерін білдіретін шаңырақ тәріздес болған. Жүзіктердің ішіндегі көпке тағыла бермейтіні құдағи жүзік болыпты. Тұрмысқа шыққан қыздарының жағдайы жақсы, барған жерінде бақытты болып, ата-анасына қайынжұрты жайында мақтаулы сөз, жақсы мінездеме берсе ғана қыздың төркіні құдағиының қолына осы жүзікті салатын болған. Жүзіктің үлкендігі сондай адамның төрт саусағын жауып тұрады екен. Бұл да екі жақтың, екі елдің арасындағы сыйластықтың белгісі іспеттес. Ал әшекейлердің ішіндегі қыз баланы ибалылыққа тәрбиелейтін шолпы, шашбаудың қызметі өз алдына. Шашбаудың негізгі қызметі қыз-келіншектердің бұрымын жинап тұру болса, екінші жағынан қыз баланың бойын тік ұстауына және жүрісін дұрыстауына көмегі тиген. Яғни шашбаудың сыңғырынан-ақ кімнің келе жатқаны белгілі болған.Білезіктің де топсалы, өрнекті және құйма білезіктер деген секілді түрлері болған. Бұл әйелдер күнделікті тағып жүретін, қымбат бағалы металдан немесе күмістен жасалатын әшекей түрі. Сонымен бірге білезік буын ауруларының алдын алады, қолдың тазалығын күшейтеді, жын-перілерді қуады деген ұғым халық арасында кеңінен таралған екен. Ең маңыздысы білезік адам бойындағы күш-қуатты сақтайды. Қазақта бәле-жала әйелдің құлағы, шашы арқылы кірсе, күш-қуаты біртіндеп алақан арқылы сыртқа шығады деген сенім қалыптасқан. Сондықтан әжелер соңғы күш-қуатынан айырылудан қорқып, білезігін қолынан тастамайтын болған. Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Бағалау критерийі:
ЖЖ оқушылар тапсырмаларымен алмасып, бір-бірін бағалайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма: ТЖ Оқушылар тезис, аннотация және мәтін жазады. Тапсырма. 1-топ: Аннотация жазады. 2-топ: Тезис жазады. Бағалау критерийлері:
3-4-топ: «Тарихты жаңғыртқан жәдігерлер» тақырыбында мәтін жазады. Бағалау критерийі
Оқушылар «Карусель» әдісі арқылы бір-біріне жұмыстарын таныстырады; Ақпараттарын толықтырады; Жұмыстарына кері байланыс береді; Бағалау критерийіне сәйкес бірін-бірі бағалайды. | https://zhalagash-zharshysy.kz/ | |||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» | ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?