Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ. 2 нұсқа.
Көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлер
Қожа Ахмет Ясауи кесенесi тек ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ғана емес, сол сияқты ортағасырлардан сақталған бай тарихи мұраларды сақтап отырған киелi орын.
1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде ашылған. Музей қорында 300-ден аса жәдігер болған.
Музей қорына қабылданған алғашқы жәдігерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ХIV ғасырдан сақталған, Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған қола және ағаш бұйымдар. Олар тайқазан, шырағдандар, және қазандық, қабірхана есіктері, олардың қола халькалары мен балғашалары. Бұл қола бұйымдар туралы алғаш ғылыми деректер ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жариялана бастады. Мысалы, М.Е.Массон мен А.Ю.Якубовскийлер жалпы сипаттама жасаған болса, 1960 жылдары Санкт-Петербургтағы Эрмитаждың шығыстанушы ғалымы А.А.Иванов кесенеде Әмір Темір дәуірінен сақталған бірнеше затқа толық анықтама жасаған болатын.
Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлер қатары: келген адам ғимарат ішіне кіретін есіктерден бастау алады. Жәдігер есіктер жамағатхана бөлмесінің есігі «Қақпа» және Қабырхана есігі «Қапсырма».
Есіктер екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен өрнектелген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен жапсырып әшекейленген өрнектерінің біразы тозып жойылған. Қақпа есіктің орта бөлігінде есікті қағуға арналған екі қола алқа мен оларды орнататын топса-тұғырлары бар тік төртбұрышты тақташалар орналасқан. Алқаның топса-тұғырлары барыстың басы бейнесінде сомдалып, одан төменірек алқаның өзінде барыстың екі кішкене аланының бейнелері сомдалған. Қола тақташада алқаның ұрылып дыбыс шығаруына арналған сегіз жапырақшалы гүл бейнесіндегі кішкене төстігі бар.
Қоладан құйылып, алтын күміс жалатылған алты шырағдан мен есік тұтқалары да халық өнерінің лағыл маржандарының қатарына жатады. Бұларды жасаушы шебер исфаһандық Тадж-ед-Дин ұлы Из-ед-дин. Қола тұтқада хижраның 797 жылы жасалғандығы көрсетілсе, Қола шырағдандардағы жазулар хижраның 799 жылғы 20 рамазанында Әмір Темірдің тапсырысымен жасалғандығы жазылған.
М.Е. Массонның көрсетуінше, бұрын екі шеткі шағын бөлмелер арқылы енетін есіктер жабық тұрған да келген адам бас есік «Қақпа» есігінен кіретін болған. «Қақпа» табалдырығын аттаған кісі ғимараттың орталық залы-Қазандық бөлмесіне кіреді. Қазандық бөлмесінің ортасында «Тайқазан» тұрған. Қазанның салмағы 2 тонна, диаметрі 2,45 метр. Қазанда қант қосылған су толы болады да, мұны мешіт қызметшілері жұма намазы аяқталған соң емдік қасиеті бар су ретінде зияратшыларға үлестіріп беретін. Бұл қазан Түркістан қаласынан 25 шақырым жердегі Қарнақ елді мекенінде құйылған. Оны құйған тебриздік шебер-Әбд-әл-Әзиз ибн Шарафуддин.
Ж.М. Әубәкір
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры
http://ult.kz/post/kone-tarikhtyn-kuasi-bolgan-kundy-zhadigerler
Археология мұражайы
Археология мұражайының ашылуы ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап, қазақстандық ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының жұмысымен, отандық археология ғылымының даму барысымен тікелей байланысты. Ғалымдардың еліміздің барлық аймақтарында жүргізген көпжылдық зерттеулері Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихын суреттейтін бай және бірегей материалдарды жинауға мүмкіндік берді. Көп жылдық археологиялық экспедициялар барысында табылған жәдігерлер, ғылыми тұрғыда зерттеліп, қазіргі таңда көпшілік қауымның назарына ұсыну үшін Археология мұражайының көрмелеріне қойылды. Қазақстандық археологияның маңызды жәдігерлерінің бірі – Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» осы мұражайда зерттелді. Зерттеулердің негізінде В.Садомсков «Алтын адамның» ең алғашқы көшірмесін құрастырды. «Алтын адам» Қазақстан ғылымының жетістіктерін, даму кезеңдерін паш етті, мұражайдың маңызды экспонаттары тізіміне енді.Қазіргі таңда Археология мұражайы «Ғылым ордасы» РМК құрамында жұмыс істей отырып, еліміздің барлық аймақтарындағы археологтардан қазба материалдарын қабылдап, қор жинақтау жұмыстарын жүргізіп отыр. Мұражай қорындағы және жаңадан қабылданған материалдар негізінде тас ғасырынан бастап, орта ғасырларға дейінгі Қазақстанның ежелгі тарихының барлық кезеңдерін бейнелейтін жаңа ғылыми экспозиция құрылды. Экспозицияда бірегей, әлемдік маңызы бар, қола дәуірінің қазбаларынан алынған материалдар, сақтар мен үйсіндер дәуіріне жататын коллекциялар, ортағасырлық Отырар, Тараз, Түркістан, Талғар қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған керамикадан, шыныдан жасалған заттар және тиындар қойылған.Қазақстан ғылымының тарихы мұражайы – Қазақстан ғылымының тағдыры жайлы сыр шертеді, ғылым мен өркениет тарихына арналған. Отандық ғылымның бастауындағы Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхаммед Хайдар Дулати сынды ортағасырлық әлемдік ғұлама бабаларымыздың еңбектері мұражай экспозициясында орын алған.Келесі экспозиция Орта Азия мен Қазақстанды зерттеген ресейлік тарихшыларға, яғни Қазақстан ғылымының дамуына терең із қалдырған ірі ғалымдарға арналған. Олардың қатарында Н.Я.Бичурин, Г.И.Спасский, А.И.Левшин, В.В.Вельяминов-Зернов, В.В.Григорьев және басқалар бар. Бұл ғалымдардың еңбектерінде қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы мағлұматтар жүйеленген. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсарин еңбектеріне де кең орын берілген.Мұражайда КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалына арналып жеке экспозиция ұйымдастырылды. Тағы бір экспозиция ҚазКСР Ғылым академиясының бірінші президенті, аты әлемге танымал ғалым Қ.И.Сәтбаевқа арналған. Сонымен қатар залда ҚазКСР Ғылым академиясының бірінші құрамына кірген 14 академик пен ҚазКСР Ғылым академиясының 16 корреспондент-мүшесі туралы деректер берілген.
Алтынай Әубәкірова,«Ғылым ордасы» Сирек кездесетінкітаптар мұражайының қызметкері
http://gylymordasy.kz/kaz/bos-orindar/zh-digerler-shertken-sy-r/
Аңдатпа
Мақалада педагогтің зерттеу дағдысын «Сабақты зерттеу» тәсілі арқылы дамыту жөнінде өзекті мәселе қойылған. Мақалада мектепте сабақты зерттеуді енгізуге арналған жобалар ұсынылады. Оқушылардың зерттеу дағдысын сабақта қалыптастырудың тиімділігі қарастырылған. Мақаланың мақсаты- инновациялық өзгерістерді түсіну және заманауи сабақта инновациялық өзгерістердің тәрбиелік әлеуетін анықтау және түсіну, «жаңа мектеп» жағдайында оның ресурстарын айқындау. Мақаланың мазмұны өз біліктілігін арттыратын ұстаздар мен педагогикалық мамандықтағы студенттерге қажет болады.
Аңдатпа
Мақалада педагогтің зерттеу дағдысын «Сабақты зерттеу» тәсілі арқылы дамыту жөнінде өзекті мәселе қойылған. Мақалада мектепте сабақты зерттеуді енгізуге арналған жобалар ұсынылады. Оқушылардың зерттеу дағдысын сабақта қалыптастырудың тиімділігі қарастырылған. Мақаланың мақсаты- инновациялық өзгерістерді түсіну және заманауи сабақта инновациялық өзгерістердің тәрбиелік әлеуетін анықтау және түсіну, «жаңа мектеп» жағдайында оның ресурстарын айқындау. Мақаланың мазмұны өз біліктілігін арттыратын ұстаздар мен педагогикалық мамандықтағы студенттерге қажет болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?