Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ. 1 нұсқа.
ЖӘДІГЕРЛЕР СЫР ШЕРТЕДІ
Қару-жарақ тарихы ерте замандардан бастау алады. Адамзат пайда болғаннан бастап ол тұтынған бұйымдардың жиынтығы функционалдық тұрғыдан қару-жарақ тобына жатады. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткені адам баласы жануарлар дүниесінде жүргендіктен өз қорегін табу үшін және өз басының қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін қаруды ойлап табуға мәжбүр болды.
Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырда өмір сүрген Рим ақыны Тит Лукреций Кар: «Адам баласының басты қаруы өткір тырнағы мен пышақ тістері емес, айналасындағы орманда кездесетін бұтақтар, таяқтарды олар қару ретінде пайдаланды» - деп жазған екен.
Дегенмен, адамзат өмірі жылжып, жылдар тізбегі біртіндеп өтіп жатты. Кеңістік құшағына сіңіп көзден ғайып болған жылдар жүзінде адам баласы еңбек дағдысын жетілдіре отырып, тасты қырнап-қашап, үшкірлей алатын болды, оның қолынан шыққан қару-жарақ түрлері де сан алуан өзгеріске ұшырады. Тұрмыстық заттардың түрлері де көбейді. Бұны өңіріміздегі ежелгі адамдардың тұрақтарынан табылған тамаша қырланған кремнийлі тас балталар, жебе ұштары, пышақтар айғақтайды.
Адамзат тарихының даму барысында табиғаттан еш қиындықсыз ала салуға болатын тас-таяқтар емес, өндіріп алу үшін тер мен күшті қажетсінетін металл өндіру- тарихта үлкен төңкеріс жасады. Ол металлдың атауы – мыс!
ІІІ ғ.соңы ІІ ғасырдың бас кезеңінен бастап Еуразияның түкпір-түкпірінде қоладан жасалған бұйымдар дара және қос әлметті кескіндер, құю қалыптарының көмегімен жасалынды.
Шығыс Қазақстан жер қойнауы полиметалл кені қалайы мен мысқа өте бай өлке. Сондықтан бұл территория металлургияның үлкен ошағы болып табылады. Шығыс Қазақстан өңірінде қола дәуіріндегі тайпалардан, көптеген тұрақтар мен кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атады және сонымен қатар б.з.д ІІ мыңжылдықта Молдавия жерімен Азия құрлығының шығыс алқаптарында сеймин-турбин типіндегі қару-жарақ бұйымдары көптеп тарады. Олар кельт -балталар, қанжарлар және төлке түрінде кескінделген жебелер. Шығыс Қазақстан Облыстық тарихи-өлкетану музейінде осы сеймин-турбин мәнерінде жасалған ең ерте кезге жататын семсер сақтаулы. «Ер қаруы бес қару» - дегендей осы бес қарудың ішіне кіретін семсер Шемонаиха маңынан табылған кездейсоқ олжа, қола дәуіріне жатады. Бұл семсерді стилистикалық тұрғыдан талдасақ, семсер- әжептәуір ауқымды, ұзындығы 32,5 cм, ені 6 см құрайды. Сабы бүкіл семсерді бойлата құйылған. Семсердің сабына кертпе сызықшалар түсірілген. Бұл семсерді жасау барысында ежелгі шебер салған өрнектердің сәндік мәнінен басқа да, қосарландыра қатар салынған өрнектері қару иесін қорғаушылық маңызын арттыру үшін түсірілген. Бұл сызықша ою-өрнектер тайпалардың бір-бірінен айырмашылықтарын байқату үшін де қолданылғаны байқалады. Сонымен қатар, қару-жарақтағы ою-өрнек жауынгердің әлеуметтік статусының айыру белгісі. Жауынгердің статусы жоғары болған сайын оның қаруының әшекейі де аса күрделі және көркем болды. Әртүрлі мақсатта қолданылатын салтанатты, ресми және ғұрыптық қарулар да өте ерекше көркемделетін.
Музейдің аса бағалы жәдігері болып саналатын семсер сабының басында қоладан құйылған ат мүсіні орнатылған. Бұл археологиялық олжаға көз салсақ аттың басы үлкен, аяқтары қысқа және ұзын құйрықты. Зоолог мамандардың пікірінше бұл жылқы тұқымының ғылымда Прежевальский жылқысы деп аталған жылқыдан тараған деп тұжырымдайды. Ерте замандарда Прежевальский жылқысы Монғол далаларында Алтай және Тянь-Шань түздерінде таралғаны белгілі. 1877 жылы Зайсан шекаралық аймақтарында Н.М.Прежевальскийге аңшылар басы үлкен «белгісіз» жануардың терісімен бас сүйегін табыстаған болатын. Содан бастап Шығыс Қазақстан өңірі - Прежевальский жылқысының тараған аймақтарының бірі болды. Міне, Шемонайхадан табылған семсердегі жылқы бейнесі осы Прежевальский жылқысының прототипі болуы мүмкін..... Бірақ мәселе мынада, бұл жылқылар табиғатына жабай жылқы болып саналады және олардың агрессиялық мінездерінен арқасында оларды қолға үйрету мүмкін емес екен. Біздің жәдігердегі жылқы - тізгінделген яғни қолға үйретілген. Осы жәдігердің мазмұнынан аттың адам қолына қола дәуірінде үйретілгені көрініп тұр. Белгілі зоолог В.В. Климованың пікіріне сүйенсек, монғол үй жылқыларының және жабайы жылқыларының Прежевальский жылқыларына ұқсастығын айтып кеткен. Сонау дәуірлік кезеңде, үйретінді және жабайы жылқылардың туыстас болғаны анық. Олар мекендеген ортаның ортақ табиғи жағдайлары олардың түр ұқсастығын жетілдіре түсті. Белгілі археолог С.С. Черников атап өткендей, Шығыс Қазақстан жерінде қола дәуірінде тіршілік еткен шағын тұрпатты жылқылардың қалдықтары көптеп табылған.
Осылайша қола дәуірінде тіршілік еткен адамдар қару-жарақтарды жануар мүсінімен әсемдеуді әдетке айналдыру тұрмысқа еніп үйреншікті дәстүр болып саналады. Өйткені жылқы қола дәуірінде адам тірішілігінде негізгі рөл атқарған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?