Пікірталас.Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбын болжаңыз
Бөлім.
Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздерСабақ тақырыбы: Жаһандық экономика. Пікірталас. Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері
Оқу мақсаты:
мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
Жаһандық экономикаға не жатады деп ойлайсыздар?
Әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда жаһандық экономиканың маңызы бар ма?
Жұптық тапсырма. «ПОПС формуласы»
1-тапсырма
1-жұп.Мәтінде көтерілген басты мәселелерді анықтайды;
2-жұп. Автор позициясын анықтайды;
3-жұп. Автордың негізгі ойын анықтайды;
Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша,... »
• Екінші сөйлем «Себебі, біз оны былай түсіндіреміз … »
• Үшінші сөйлем «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз … »
• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік ...»
Бағалау критерийі:
Тыңдалымда көтерілген мәселені (2 мәселе) табады;
Автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдайды;( нақты сөйлемдер арқылы дәлелдейді)
Автордың негізгі ойын анықтайды; (дәлелдер арқылы түсіндіреді)
Қорытынды ой айтады( 1мақал- мәтелді орынды қолданады)
Тыңдалым тапсырмасы
https://www.youtube.com/watch?v=FoOMczGewMU
алғашқы 3-4 минутын тыңдайды.
2- тапсырма
Тақырып бойынша көркем әдебиет стилінде 2 минуттык пікірталас мәтінін дайындайды.
Тақырыптары:
1-топ.Жасыл экономика жаһандық экономикалық дамудың серпілісі бола ала ма, жоқ па?
2-топ.Жасыл экономика қауіпсіздік пен бейбітшіліктің бастауы бола ала ма , жоқ па?
3-топ. Жасыл экономиканы ауқатты болашаққа апарар жол деп есептеуге бола ма,жоқ па?
4-топ. Жасыл экономика жаһандық мәселелерді шешудің негізгі жолы ма, жоқ па?
Бағалау дескрипторы:
Тақырып бойынша пікірталас ұйымдастырады;
Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктерін сақтайды;
Тыңдалым мәтінінен 2 аргументті сенімді қолданады;
Тірек сөздер(4-5) 2-3 тұрақты тіркес және 2 мақал қолданып, сауатты, шешен сөйлейді
Тірек сөздер:
климаттың өзгеруі, жаһандық проблемалар, энергияны үнемдеу, қалдықтарды кәдеге жарату, биоалуандылықты сақтау, табиғи ресурстарды үнемдеу, жаңартылатын энергия көздерін енгізу, экотуризм, таза көлік, қоршаған ортаны қорғау ; халықаралық келісім, таза технологиялар, жасыл көпір серіктестік бағдарламасы, халықаралық ұйымдар, ынтымақтастық, жаһандық сауда, сауда майданы;
Жаһандық экономикалық прогрестің өсімін тудыратыратын фактор: қайта қалпына келетін энергия көздері,электромобильдер, табиғи газбен жүретін автомобильдер белгілі бір мұнай өнімдерінің орнын алмастыру;
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесi, БҰҰ, «Орнықты энергетика — баршаға» бастамасы
Көркемдегіш сөздер:
Азуы алты қарыс алпауыт мемлекеттер, тереземізді теңестіру, иық теңестіру, тәуекелге бел буу, белді бекем буу, айды аспаннан шығару; кәдеге асыру;
Мақал- мәтелдер: «Қолда барда алтынның қадірі жоқ, Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас. Көппен көрген ұлы той. Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Кері байланыс
Тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселені таба алдық па? Тыңдалымдағы автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтауда қандай қиындықтар болды?
Көркем әдебиет стилінде айтылым жасай алдық па?
Шешен сөйлеудің қиындықтары неде?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?