Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация.


Тақырыпты болжайық...

С. Жазылымға дайындық

Бейнебаян не туралы?

Неліктен халық билерді құрметтеген?

Билердің тағы қандай өнері болған?

Елдің азаттығы мен бостандығы үшін қандай ықпал жасады?

Т.Ж. ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

3) Бейнебаяннан негізгі ақпараттарды іріктеп жазып, бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосып, 1мақал-мәтел, 1 тұрақты тіркеспен жеткізеді.

Бағалау дескрипторы:

Негізгі ақпараттарды іріктеп, олардың қолданысын түсіндіреді;

Бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосады;

Өз ойын 1мақал-мәтел, 1тұрақты тіркеспен жеткізеді.

2) Бейнебаянда халық азаттығы мен бостандығы туралы ақпаратты іріктеп, мәселені анықтайды. Айтылған мәселе бойынша «Төрт сөйлем» арқылы өз ойларын жазбаша білдіруде 1 теңеу мен 1 эпитетті қатыстырады.

Менің ойымша, ...

Себебі ...

Мысалы,

Ойымды қорытындылайтын болсам...

Бағалау дескрипторы:

Негізгі ақпаратқа қатысты фактілер мен мысалдар келтіреді.

Өз ойын білдіруде 1 теңеу 1 эпитетті қатыстырады.

1) Бейнебаяннан алынған кез келген ақпаратты іріктеп, «Гипотеза» әдісі арқылы өз пікірін Төле бидің шешендік сөзімен байланыстыра отырып талдап, жазады.

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: - Бата - басқа, қына - тасқа, ақыл - жасқа, не қалайсың, балам? - депті. Сонда Жетес бала: - О, қасиетті, баба! - Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, - депті. Онда колыңды жай, балам, - деп Төле би:

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала, аумин,

Қараны карала

Өзегің талса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.

Өзіңе-өзің кәміл бол.

- Халқыңа әділ бол,

Жауыңа катал бол!

Досыңа адал бол!

деген Төле бидің сөзі мен бейнебаяндағы негізгі ақпаратты байланыстыра отырып, монолог жазады. Сөз саны-140-150 сөз

Бағалау дескрипторы:

Берілген ойды жалғастырады;

Бейнебаяндағы негізі іріктелген ақпараттарды қолданады.

Өз ойын жеткізуде 1 метафораны қатыстырады.

Рефлексия. «Бір сөзбен»

Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады, неліктен сондай жағдайда болғанын түсіндіріп кетеді.

*Төзімсіздік,

*Ашу,

*Қуаныш,

*Немқұрайлылық,

*Қанағаттану,

*Шабыт,

*Зерігу,

*Алаңдау,

*Тыныштық,

*Сенімділік,

*Сенімсіздік.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу