file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.


Пәні: қазақ тілі

Сабақ №2

Мектеп: Қызылорда қаласындағы ХББ НЗМ

Бөлім тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы:

Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика.

Шешендік сөздер

(6 сағат)

Күні:

Мұғалімнің аты - жөні:

Сынып: 11Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

 Оқу мақсаты

11.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

 Сабақтың мақсаты

Барлығы: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазады.

Көпшілігі: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгереді.

Кейбірі: негізгі ақпаратты іріктеп жазады.

 Тілдік міндеттер

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: бейбітшілік, қауіпсіздік, жаһандық экономика

Мектеп құндылықтары

«Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Тіл және мәдениет

Мектеп құндылықтары:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапкершілік;
  • Қазақтың ұлттық өнеріне деген құрмет

Пәнаралық байланыс

экономика

Алдыңғы білім

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

10 минут

дайындалуға

15 минут қорғауға

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі:

Сынып оқушыларын «бейбітшілік», «қауіпсіздік», «жаһандық экономика» сөздері жазылған қызыл, жасыл, сары түсті кәмпиттер арқылы 3 топқа бөлінеді.

Әр топ өзінің сөзіне байланысты топтастыру жасайды.

Бейбітшілік

Т.Ж. Жазылымға дайындық

Берілген тұжырымдарды «Попс формуласы» арқылы тарқатады.

1. Бейбіт ел халықаралық қарым-қатынасқа оңай түседі. 2. Бұл бастама қауіпсіздік жүйелерін нығайтуға ықпал етеді.

3. Жаһандық экономикалық басқарудың тиімді механизмін құру маңызды.

Т.Ж. Жазылым тапсырмасы

сөздері дифференциациялық тапсырма орындайды. Оқушылардың қабілетіне қарай 3 түсті кәмпитке жасырылған тапсырмалар таратылады.

С деңгейі. Бейнебаяннан негізгі ақпараттарды іріктеп жазып, мәтінде айтылған пікірге өз пікірін қосып, 1мақал-мәтел, 1 тұрақты тіркеспен жеткізеді.

Ақпарат

Қолданысы

Менің пікірім

1.

2.

Бағалау дескрипторы:

  • Негізгі ақпараттарды іріктеп, олардың қолданысын түсіндіреді;
  • мәтінде айтылған пікірге өз пікірін қосады;
  • өз ойын 1мақал-мәтел, 1тұрақты тіркеспен жеткізеді.

В деңгейі. Мәтінде айтылған бейбітшілік, қауіпсіздік, жаһандық экономика туралы ақпаратты іріктеп, мәселені анықтайды. Айтылған мәселе бойынша «2 мәселе, 2 дәлел» әдісі арқылы өз ойларын жазбаша білдіруде 1 теңеу мен 1 эпитетті қатыстырады.

2 мәселе

2 дәлел

1.

1.

2.

2.

Бағалау дескрипторы:

  • негізгі ақпаратқа қатысты фактілер мен мысалдар келтіреді.
  • өз ойын білдіруде 1 теңеу 1 эпитетті қатыстырады.

А деңгейі. Мәтіннен алынған ақпаратты іріктеп, «Гипотеза» әдісі арқылы өз пікірін Бөлтірік шешеннің: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", – деген толғауымен байланыстыра отырып талдап, монолог жазады. Сөз саны -140-150.

Бағалау дескрипторы:

  • берілген ойды жалғастырады;
  • мәтіндегі іріктелген ақпараттарды қолданады.
  • өз ойын жеткізуде 1 метафораны қатыстырады.

Таныстырылым

https://www.inform.kz/kz/kazakstan-zhane-buu-beybitshilik-kauipsizdik-zhane-damu-zholyndagy-ariptestik_a2822164

Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік, қауіпсіздік және даму жолындағы әріптестік

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. «Асық» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

сіз өз біліміңізді көрсете алдыңыз ба?

бүгінгі сабақтан өзіңізге қандай ақпарат алдыңыз?

сізге қай тапсырманы орындаған ұнады, неліктен?

алған ақпаратыңыз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?

Қосымша тапсырма.

Рефлексия

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?

Бұл бөлімді сабақ бойынша ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз. Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізді білдіріңіз

Оқушылар бұл сабақта оқылым дағдысы бойынша тапсырмаларды орындады.

Қорытынды бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?



Толық нұсқасын 24 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу