Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 3 сабақ. 2 нұсқа.


Баяндама туралы

Баяндама – негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы 10-20 минут. Көбінесе, аралығы 2 инетервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 минут көлемінде уақыт кететіндіктен, оның кғөлемі 5-10 беттен аспағаны жөн.

Баяндама дайындауға қойылатын талаптар.

Баяндама толық 4 батке дейін (суретті қоса есептегенде) Word 6.0, 7.0 for Windows97-2000 редакторында, А4(210х297) форматты парақта дайындалып берілуі тиіс, қолданылатын шрифт – Times New Roman, Kz Times New Roman. Интервал – 1. парақтың барлық жағынан 25 мм алаң қалдырылуы тиіс. Материал төмендегі ретте орналасады: бірінші қатарда ЖОК көрсетіледі, 1 қатар тастап – баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен), 1 келесі қатарда мекеменің және қаланың аталуы, бір қатардан соң резюме (тақырыпсыз курсивпен) қазақ (орыс тіліндегі баячндамалар үшін) немесе орыс (қазақ тіліндегі баяндамалар үшін) және ағылшын тілдерінде келтіріледі. Осыдан кейін бір қатар тастап, баяндаманың негізгі тексті басылады.

Әдебиеттер тізімі негізгі тексттен кейін бір қатар тастап басылады.

Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысы нәтижелері бойынша орындалған жұмыстарға, ғылыми есеп, монография, оқу құралдары жазылады. Олардың бірінші беттерінің (титулдік) жазылуы белгілі формаға сәйкес келуі керек.

Текст жазылуы төмендегі өлшемдергесәйкетендіріледі: сол жағы – 30мм кем емес, оң жағы – 10мм кем емес, жоғары жағы – 15мм кем емес, төменгі жағы 20мм кем емес болуы керек.

Кіріспе. Кіріспе сөзі үлкен бас әріппен КІРІСПЕ түрінде жеке жолға жазылады. Кіріспеде – ғылыми мәселенің қазіргі жағдайы, жұмыстың мақсаты, оның жаңалығы және көкейкестіліг жазылады.Негізгі бөлімде мәселе жан-жақты қырынан ашылады. Қорытынды бөлімінде қорытынды ой беріледі.

Тарау. Тарау өте қысқаша құрастырылғаны жөн. Онда тарау мазмұны, параграфтары т.с.с., ашылатындай, жазылған еңбекутің өн бойын қамти алатын болуы керек. Егер тарау аттарының бірі арнайы атауға, екіншісі басқа мағынада болса, бұл немқұрайлылықтың белгісі деген сөз.

Баяндамадан үзінді

Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА), (МАР).

ХДА 1960 жылы ХҚДБ - дан бөлініп шыққан ұйым ретінде құрылды. Ол мамандандырылған мекеме ретінде БҰҰ жүйесіне кіреді.

Мақсаттары:

- Экономиканың дамуын қолдау;

- Еңбектің өнімділігін көтеру;

- Дамушы елдерге жататын мүше - мемлекеттердің өмір сүру деңгейін көтеру. Құрылымы:

1.Басқарушылар Кеңесі

2. Атқарушы директорлық

3. Президент Басқарушылар Кеңесі мен атқарушы директорлықтың құрамы дәл ХҚДБ құрамы сияқты. Әкімшілік қызметті ХҚДБ қызметкерлері де атқарады.

ХДА қызметкерлерінің штаты төрт секторға бөлінген: операциялар, қаржыландыру, саясат, жоспарлау және зерттеу. Қызметі:

- Пәрменді экономикалық көмек көрсету үшін ХДА әрбір жобаны саяси-экономикалық экспертизадан өткізеді.

- Несиелер мемлекеттің немесе оның территориясында Ұлттық валюта түрінде беріледі.

- Арнайы көмек бағдарламасы шеңберінде Сахарадан оңтүстікке қарайғы төменгі деңгейдегі кіріске ие, әрі қарызға батқан елдерге қолдау көрсетеді.

- ХДА - ның қарыздарды азайту бойынша қоры 100 миллион доллар көлемінде қаржылай кедей елдерге жеңілдіктер беріп, олардың сыртқы қарыздан құтылуларына көмектеседі.

Дүниежүзілік Банк – көпжақты несиелік мекеме, өз ішінен тығыз байланыстағы бес институттан тұрады, олардың ортақ мақсаты дамушы елдерде өмір сүру деңгейін дамыған елдер есебінен қаржылық көмек арқылы арттыруболып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу