Пікірталас. Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал.


Тыңдалым мәтіні (мұғалім оқып берді)

http://sko.gov.kz/news/read/1493093022106.html?m=02&y=2019

Ақорда: Бейбiтшiлiктiң, қауiпсiздiк пен жаһандық экономиканың өзектi тақырыптары ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанда тiркелген дипломатиялық өкiлдiктердiң басшыларымен кездесу барысында сөйлеген сөзінен үзінді

-Өкiнiшке қарай, жаңа жаһандық әлемдiк құрылым қалыптастырудың бiрегей тарихи мүмкiндiгi пайдаланылмады. Әлем қауiпсiз, тұрақты немесе әдiлеттi сипатқа ие бола қойған жоқ. XXI ғасыр экономикалық, экологиялық, геосаяси, ресурстық, энергетикалық тұрғыдағы көптеген қатерлер әкелдi. Оларды еңсеру үшiн планетаның дамуы жолындағы сапалы терең өзгерiстер қажет, — дедi Нұрсұлтан Назарбаев. Президент жер бетiндегi ядролық арсеналдың жиынтық қуаты Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбалардан 113 мың есе артық екенiне назар аударды. «Сол себептi мен ядролық қарусыздануды ХХI ғасырдағы басты мақсат етудi ұсындым. Бiздi БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдағанына, оның бiз әзiрлеген Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларацияны үш ай бұрын бекiткенiне қуаныштымын», — дедi Елбасы. Сонымен бірге ол жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан әлемде әлеуметтiк-экономикалық сiлкiнiстер жалғасып жатқанын айтты. « Бiрақ дағдарыс жаңа дамуға да қолайлы мүмкiндiк бередi. Бiз әлемдiк экономикалық дамудың қисынды, тиiмдi және теңгерiмдi үлгiсiнiң негiзiн қалау үшiн тарихи мүмкiндiктi пайдалануға тиiспiз, сондықтан мен Бiрiккен Еуразиялық экономикалық кеңiстiк құруды ұсындым», — дедi тұңғыш Президент.

«Еуразия бүгiнде әлемдiк саясаттағы негiзгi геосаяси және геоэкономикалық фактор. Мұнда барлық елдiң — Қытай мен Ресейден, АҚШ және Еуроодақтан Үндiстан, Иран және Түркияға дейiнгi жаһандық ойыншылардың мүдделерi түйiседi. Геосаяси ойындар, өзара экономикалық санкциялар мен «қырғи-қабақ соғыстың» ескiрген белгiлерi мәңгiлiк артта қалуы тиiс. Бейбiт, орнықты, гүлденген және экономикалық қуатты Еуразияны қалыптастыру жаһандық өсiмге күштi мультипликативтi әсер бередi және баршаға тиiмдi болады. Барлық мемлекеттiң күш-жiгерiн экономика, сауда және инвестиция салаларында екiжақты, өңiрлiк, өңiраралық және жаһандық деңгейдегi ынтымақтастықты дамыту iсiне жұмылдыруға шақырамын.»

Елбасы 2000 жылдан берi табиғи апаттардың саны күрт өскенiне, олардың жиынтық зияны жүздеген миллиард доллардан асқанына назар аударды.

« Мұндай жағдайда айналадағы ортаны қорғау өркениеттiң орнықты дамуының мiндеттi шарты болып көрiнедi. Астанада өтетiн «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiнiң тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады. Бұл — БҰҰ-ның «Орнықты энергетика — баршаға» бастамасын жүзеге асыру iсiне Қазақстанның қосқан үлесi болмақ.Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетi және Қытаймен бiрге «Ұлы Жiбек жолы экономикалық белдеуi» жобасын жүзеге асыру Қазақстанның маңызды iскерлiк серiктес, Еуразиядағы хаб ретiндегi орнын нығайта түседi».

Н.Назарбаев бiздiң республика үшiн күмәнсiз басымдық ретiнде Орталық Азия мемлекеттерiмен ынтымақтастықты атады.

— Бiз тағы да бұл елдердi суды пайдалану, сауда, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету сияқты өңiрдiң аса өзектi мәселелерiн шешу үшiн бiрiгуге шақырамыз. Олармен өзара iс-қимыл үшiн Еуразиялық экономикалық одақ пен «Ұлы Жiбек жолы экономикалық белдеуiн» ұштастыру, сондай-ақ Қазақстанның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асыру жаңа мүмкiндiктер тудырады, — дедi ол.

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстан экономикасына инвестиция салып отырған iрi шетелдiк инвестордың бiрi екенiн, бiздiң ел бұл ынтымақтастықтың аясын кеңейту ниетiнде екенiн атап өттi және Орта және Таяу Шығыс мемлекеттерiмен тарихи және рухани жақын байланысы бар Қазақстанның олармен және жалпы ислам әлемiмен өзара қарым-қатынасты тереңдете түсуге ниеттi екенiне назар аударды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентi айтқандай, республикамыз Иранмен ауқымды сауда-экономикалық ынтымақтастықты барынша дамытуға мүдделi.

426 сөз

Сұрақтар:

Тұңғыш Елбасы қандай жаҺандық мәселелелерді көтерген? Бұл мәселелелер неліктен маңызды?

Әлемнің қауiпсiз, тұрақты немесе әдiлеттi сипатқа ие бола қоймауының себебі неде деп ойлайсыздар?

Елбасы неліктен ядролық қарусыздануды ХХI ғасырдың басты мақсаты етудi ұсынады?

Тұңғыш президент соңғы уақытта күрт өскен табиғи апаттардың алдын алудың бір жолы ретінде нені ұсынады?

Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан болып жатқан әлемдік әлеуметтiк-экономикалық сiлкiнiстер туралы не айтады?

Жаһандық экономикаға Қазақстанның қосып отырған үлесін Елбасы қандай мысалдармен дәлелдейді?

Тапсырма. « Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша топтағы 3 оқушы пікірталас жасайды, 1 оқушы эксперт ретінде бақылау жасайды.

Бағалау критерийі:

Тыңдалымда көтерілген мәселені (2-3 мәселе) табады;

(3-4 сөйлеммен береді)

Автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдайды;( нақты сөйлемдер арқылы дәлелдейді) (3-4 сөйлеммен береді)

Автордың негізгі ойын анықтайды;(3-4 сөйлеммен береді)

Көркем әдебиет стиліне тән көркемдегіш құралдар мен мақал мәтелді орынды қолданып шешен сөйлейді.

Тірек сөздер ретінде берілетін көркемдегіш сөздер: алпауыт мемлекеттер, дабыл қағу, қырғи қабақ соғыстар,

тереземізді теңестіру, иық теңестіру, тәуекелге бел буу, белді бекем буу, айды аспаннан шығару,кәдеге асыру;

Мақал-мәтелдер: «Қолда барда алтынның қадірі жоқ. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас. Көппен көрген ұлы той. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Бірігіп пішкен тон келте болмас»

Бағалау.

Эксперттер бақылау кестесіне белгілеп отырады және ең үздік жұмысты анықтайды. Үздік жұмыстар сынып алдында тыңдалады. Сынып екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша комментарий береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу